Get Mystery Box with random crypto!

Бір күні адасып арамза адамдар тобында, Шырпыны асықпай тұтаты | Essizdik is the new black!

Бір күні
адасып арамза адамдар тобында,
Шырпыны
асықпай тұтатып шылымның
шоғында
жоғалған сенімді іздеймін.

(Әлдебір үмітті үзбеймін).

Үмітсіз шайтан деп айтады,
Көндіріп жалғанға пендені.
Құдай мен билікке, ұққаным,
Жақсы ғой пенденің сенгені.

(Әйтеуір қолымнан ештеңе келмеді).

Мазасыз түндердің,
Талайын өткізіп үлгердім,
Ойланып мәңгілік жайында.
Дем жетпей күйбелең тірліктен,
Тұншығып уайымға.

О, ғажап ғұмыр-ай!

2022