Get Mystery Box with random crypto!

Көп адамда көп қарыз, қиындық, проблема неден болады? 'Осыла | Эльвира Ергалина

Көп адамда көп қарыз, қиындық, проблема неден болады?

"Осылай жасасам, өмірім өзгере салады" деген сенімнен. Асыққаннан. "Бірден байып кетемін, бірден бақытты боп кетемін" деген иллюзиямен үлкен тәуекелдерге барамыз. Сөйтеміз де, ұрынамыз.

Жоқ! Мүлде олай емес. Бір адамның өмірі әп-сәтте ғажайыпқа айналғанын кинодан көріп, кітаптан оқыған шығармыз. Бірақ оның бәрі адамның фантазиясынан туған дүние ғой. Ал өмірде басқаша. Реалда жылдамдық қиялдағыдай тез емес, мидың адаптациясы болады. Өзгеріске тұла бойың, ағзаң, психикаң бейімделу керек. А ол сәл-пәл уақытты, шыдамды талап етеді.

Үлкен мақсатқа жетудің құпиясын айтайын ба?
Майда-майда қадамдар. Иә! Майда қадамдарда алпауыт күш бар. Түпсанаға да, ағзаға да, психикаға да, миға да салмақ салмай, плавно арманыңызға жетесіз. Әрине тоқтамастан, үзіліссіз әрекет етсеңіз.

Алдымызға үлкен мақсат қойып, арманымызға қарай қимылдайын десек, гипнозға түскендей боламыз. Арыстанның алдындағы қояндай қалтыраймыз, қорқамыз. Жұтып жіберетін дәу бірдеңе сияқты. Ешқашан бағындыра алмайтындаймыз. Шошимыз да, сілейіп қаламыз, қатып қаламыз, бірден гипнозға түсеміз. Сөйтеміз де, арман-мақсаттан бас тартамыз.

Міне, осы жерде кішкентай мақсаттар керек. Кішкентай қадамдар. Духы жеткендер майдалағысы келмей, бірден әуп деп аттай салмақ боп шапшаң қимылдайды. Сосын омақаса құлайды.

Жай-жайдан бастаңыз. Асықпаңыз. Миллион теңге тапқыңыз келсе, алдымен жүз мыңға жетіңізші. Одан кейінгі аялдама 300 мың болсын. Сосын 500 мың. Қалай миллионға жеткеніңізге таң қаласыз бір күні.

Жалпы бүкіл арман-мақсатыңызға апаратын маршрутты сызып, аялдамаларын нақтылап алыңыз. Картамен жүрген адам ешқашан адасқан емес!