Get Mystery Box with random crypto!

Мұнымның қате екенін, өзіме қауіпті екенін түсіне бастаған сәт | Эльвира Ергалина

Мұнымның қате екенін, өзіме қауіпті екенін түсіне бастаған сәттен тәсілім өзгерді. Қазір шүкір он жыл бұрынғы Эльвира мен қазіргі Эльвира жер мен көктей. Тіпті 3 жыл бұрынғы Эльвирадан қайда жақсы өмір сүреді. Табысы жақсы, Астанада пәтері бар, жолға қойған кәсібі бар, жақындарының махаббатына шомылып жүр, тұлға ретінде қалыптасқан. Елдің назары (внимание) мен алғысы жетіп артылады. Иә, солай. Өзімді өзіммен салыстырсам, қандай мықты жұмыс істегенімді көрем. Бір кездері «миыңдағы қоқыстарды тазала, жаңа программа отырғыз, өзіңе үңіл, сен өзгерсең ғана өмірің өзгереді» деген сияқты ақпаратпен таныспасам, бәлкім, сәтсіздікке бата берер ме ем...

Сондықтан бәрін жасап, бірақ проблемаңыз таусылмай жатса, мақсатыңызға үңіліңізші. Не қалайсыз? Жасап жүрген әрекетіңіздің артында не тұр? Бәлкім, саналы жолмен шешуге болатынын білмейтін шығарсыз? Ол ақпарат әлі жетпеген болар? Танығаныңыз негатив тәсілдер ғана шығар?

Проблемаға тез ұрына берсеңіз, жетістікке де дәл сол жылдамдықпен жете аласыз. Мың пайыз! Тек тәсіліңізді, әрекетіңізді ауыстырыңыз. Түпсанамызға табыс па әлде проблема ма, бәрібір. Ажыратып жатпайды. Көздегенін орындаса болды.

Сіз мақсатқа жеткіш жансыз, тек мазмұны мен тәсілін ауыстырыңыз Өмірдің бәрі қиындықтан тұрмайды, жақсылықтың енуіне рұқсат етіңіз