Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала Қ
Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала
Арна мекенжайы: @damditagam
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.83K
Арнадан сипаттама

Жарнама бойынша @wtsp_bot
Канал администраторы жарнама мазмұнына жауапкершілік алмайды
Достарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/AAAAAFi8StqvrQH6maxtCQ

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-06-24 13:21:54 Шәйдің зияны

Бала(сау бала) туылғаннан тек ана сүтін ішіп, 6 айға толған соң ғана қосымша су, шырын іше алады. Бірақ, кейде көп аналарымыз шайды балаға беру уақытын ерте бастап жатады.Ал шайдың бала ағзасына берер пайдасы өте аз немесе ЖОҚ деп айтсақ болады! Неге ?

СЕБЕБІ :
1) Шайдың құрамында ТАНИН бар. Танин темірдің ағзаға сіңімділігін төмендетіп, темірмен әрекеттесіп,теміртапшылықты анемия пайда болады. Анемияға шалдыққан балада сәйкесінше иммунитет те төмен, әлсіздік басып тұрады...

2) АЛКОЛОИДТАР- теин(немесе шайдағы кофеин) баланың Жүйке жүйесін қоздырып, жүрек соғуын жоғарылатады.. Нерв жүйесі қатты активти қозған соң , ағзаға Д дәруменінің түзілуі төмендеп, бала рахитқа(Д вит жетіспеуі) шалдығады...

3) ШАЙдың зәрайдағыш эффектісі өте жоғары, балада ол көп минералдар мен микроэлементтердің шығып кетуіне ықпал етіп, зәр қышқылының жиналуын жоғарылатады. Мұны бала бүйрегі көтере алмай, бөртпе түрінде көрінуі де әбден мүмкін немесе құсады.

4) ШАЙдың тұнып қалуы тіс эмаліне зиян, ал жоғарыда айтып өткен ТАНИН асқазан-ішек жолында қышқылды жоғарылатып, созылмалы іш қатуына алып келеді...

Үлкен адам ШАЙды ұзақ қолданып жоғарыдағы жетістіктерге жетсе, бала ағзасының жетуі тез-ақ екен ! Және де шайды қатты қою етпей түрлі өсімдік шайларын балаға 4-5 жасынан күніне 1-2 рет беруге болады...Пайдалы болса, лайк басып қолдап кетіңіз !
4.2K views10:21
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 18:58:38 Интимді гигиена

Қайырлы кеш қыздар
Жыныс мүшелерінің гигиенасы туралы көп қыз-келіншектер дәрігерден сұрауға ұялады.Сондықтан да көп қателіктер жіберулері мүмкін

Гигиенаның негізгі қағидалары:
Сабынмен мүлдем жуынуға болмайды, оның орнына жылы сумен шайыну (подмываться) немесе интимдік гигиенаға арналған арнайы құралдармен жуыну керек.Жуынардың алдында қолыңызды тазалап жуып, күніне 1-2 рет шайыныңыз (подмываться).

Жуынған кезде судың ағыны мен қолдың қозғалысы алдынан
артына қарай болу керек, себебі
артқы өтістен (задний проход) қынапқа (влагалище) инфекция түсірмеу үшін.

Артқы өтіс аймағын (задний проход) сабынмен жуу керек, интимді гельдермен ол аймаққа дезинфекция жасалынбайды.

Сүртінетін сүлгі таза, жұмсақ болу керек және де тек бір сүлгімен оның иесі ғана қолдануы керек

Етеккір кезінде моншаға, ваннаға, бассейнге түсуге, жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.Етеккір кезінде гигиеналық прокладкаларды күніне 5-6 рет ауыстыру,қынаптық тампондарды 2-3 сағат ауыстырып тұру қажет.

Күнделікті гигиеналық прокладкаларды үнемі қолдану зиян.Қалыпты жағдайда күнделікті бөлінділер (выделение) аз мөлшерде келеді, күнделікті прокладкаларды қолданудың қажеті жоқ.Егерде бөлінділер (выделение) көп мөлшерде келсе, иісі, түсі өзгерсе гинекологқа қаралу керек.

Арнайы ерітінділермен қынаптың ішін шаю (спринцевания) тек гинекологтың
тағайындауымен жасалынады.
Күнделікті гигиена үшін спринцевания қажет емес және де зиян
3.8K views15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 16:48:02 Емізетін аналар артық салмақтан арылуды қашан бастағаны дұрыс?

Мен үшінші баламнан кейін жаттығу мен дұрыс тамақтануды 2 айдан кейін бастадым.

Жүкті кезімде артық 12 кг жиналды, сол салмақтан 4 ай ішінде арылып, 53 кг салмағыма жеттім .
Әлі де жаттығу жасап іш бұлшықетін нығайтудамын.

Баламды 1жас 8 айына дейін еміздім, сүтке арықтауымның еш зияны тимеді.
Емізетін аналарға айтар кеңесім:
Ең бастысы сапалы, пайдалы ас ішіңіздер емізулі аналар.
күніне 3 негізгі және 3 қосымша ас ішуіңізге болады.
Жаттығуды аптасына кем дегенде 3 рет жасаңыздар.
жаттығу жасауға мүмкіндік болмаса “шагомер” программасын жүктеп алып сәбиіңізбен күнде таза ауада серуендеп 5000 қадамнан асырып жүріңіз.
өзіңіз босансаңыз жаттығуды 3 ай өткеннен кейін бастауыңызға болады, КТ(КС )болса 6-7 айдан кейін гинекологтың рұқсатымен жасағаныңыз дұрыс, вакуум жаттығуын да дәл осы уақытта жасауға кеңес беремін.
су нормасын қадағалаңыз.

жүктіліктен кейін ішті қатты байлауға қарсымын.
сіз ішіңізді байладыңыз ба?
емізетін аналар сұрақтарыңыз болса төменге жазыңыздар.
302 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 14:39:32
Шаштағы бит және сіркеден, басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе заказ берініз
wa.me/77767780603
409 views11:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 14:34:33 Парацетамол дәрісі жайлы не білесіз?

Ия, қазірде бұл дәрі әрбір үйдің дәрі қобдишасында бар. Дене қызуы көтерілсе болғаны, осы дәріге жүгінеміз. Қазіргі уақытта тіпті қолдан түспей жүрген болар.

Аталған препарат өз танымалдығын 90 жылдардағы жарнама арқылы алды. Содан бері нарықтан түскен жоқ. Өте танымал.

Ия, жағымсыз әсерін сирек көрсетеді. Алайда, сақтықпен қолданбаса өте қауіпті.

Парацетамол өз күшін дене қызуы 38'С аспаған жағдайда ғана көрсете алады. Температураңыз 38'С асқан кезде қабылдасаңыз бәрі бекер, көмектеспейді.

Ия, содан соң, препаратты 6 сағат ішінде 1 реттен артық ішу қолданылмайды.

Жағымсыз әсерлері: асқазанның кілегей кабығын тітіркендіріп гастрит туғызады, бронхтарды тарылтады. Сол себепті, Бронхтық астма ауруы бар адамдар өте абай болуы қажет. Бауыр мен бүйрекке, ішекке әсер етеді.

Сіз білетін бе едіңіз?
845 views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 17:52:08 Асқабақ дәнімен ағзаны тазалау

Ағзада паразиттың бар жоғын анықтау үшін ең алдымен қан және нәжіс анализін тапсыру керек.

Паразиттің ағзада болуының симптомы:
-ағзаның әлсіреуі,жиі ауыру;
-әлсіздік,тез шаршау;
-тәбеттің жоғарылауы немесе мүлдем болмауы;
-теріде ақ дақтардың болуы;
-түнгі уақытта анальный зуд *^;
-нәжіспен қиындықтар,іш қату немесе керісінше диарея;
.
.
Жоғарыда аталғандардың үшеуі кездессе профилактика ретінде асқабақ дәнін жеуге кеңес беремін.
Асқабақ дәнін жегенде гельминттен тазаланып қана қоймай ағзаға қажетті дән құрамындағы омега-3,цинк организімді құнарландырады.
тазалану дәнді бірінші қабылдаған сәттен басталады .
Дәнмен тазаланудың бірнеше жолы бар:
дәнді қуырмай табиғи жолмен кептіруге болады немесе дуxовкаға 200 градуста 10-15 минут ұстаңыз, кепкен дәнді 3-4 күн жеу керек.
балаларға болады.
1 ,5 л суға екі ас қасық дәнді салып бір қайнатып алыңыз,дайын болған сусынды жылы күйінде қант немесе бал қосып ішуге болады,сусынды дайындап үш күн ішу; дән және майсана (касторовое масло) майы.
Мысалы салмағыңыз 60 кг болса дәнді 150 г алып блендрден өткізіп сүтпен бірге ішіңіз таңертең .Егер сағат 7:00 ішсеңіз,сағ 8.00- 1стакан су ,9.00-2 стакан су,сағат 10.30 капсуладағы майсана майын ішіңіз сумен (әр кг 2капсула,мысалы 60 кг болса салмақ 10-12 капсула ішуге болады).
БАЛАЛАРҒА БОЛМАЙДЫ.
асқабақ дәнін блендрден өткізіп бал қосып жесеңіз өте дәмді .
балаларыңызға да болады .
Тазалану барысында су нормасын қадағалауды ұмытпаңыз.

Жоғарыда аталған симтомдарды өзіңізде байқадыңызба ?
Паразитке анализ қаншалықты жиі тапсырасыз?
Өте жиі балаларды болады
1.1K views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 19:19:16 Резеола ауруы туралы толық ақпарат

Резеола ауруын—қарапайым 6 типті герпес вирусы тудырады.

Вирус ауа тамшылы жолмен таралады.

6 айдан - 2 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, бірақ диагноз өте сирек қойылады, себебі басқа аурумен шатастырады, әсіресе аллергиялық бөрітпемен.

Симптомдары:

Инкубациялық кезең 1-2 апта.
Алдымен кенеттен температура 39-40°С дейін көтеріліп, шамамен 3 күнге созылады.
Бала мазасызданып, жылап, тәбеті төмендейді.

Содан кейін температура нормаға дейін төмендеген соң,кеудеге, мойынға, бетке, аяқ-қолдарға бөртпелер пайда болады. (шамамен 3 мм қызғылт дақтар біріктірілмейді және қышымайды).
Бөрітпе бірнеше күннен соң ізсіз жоғалады.

Мойын аймағында лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Мұрынның ағуы
Тамақ қызаруы өте сирек кездеседі.
90 % жағдайда жоғарыдағы симптомдар көрінбеуі мүмкін.

Инфекциядан кейін HSV-6-ға тұрақты иммунитет қалыптасады, яғни бала сосын бұл аурумен ауырмайды.

Емі-симптоматикалық емдеу, яғни тек симптомдарды жою:

Температура кезінде—Ибуфен немесе Парацетамол
Көп сұйықтық ішу
Ауру баланы басқа балалардан оқшаулау.

Қажет емес:

иммуномодуляторлар және иммуностимуляторлар, вирусқа қарсы дәрілер
антигистаминдік препараттар, аллергияға қарсы дәрілер, мазьдар.
антибиотиктер (тіпті алдын-алу үшін де,3 күн температура 39°С болсада қажет емес)

Розеола температура көтерілген сәттен бастап 6-7 күн ішінде өздігінен өтеді

Температура 39 °С көтерілсе, 3 күн бойы ешқандай ем қолданбай жату, ана үшін стресс, мен оны білемін.

Сондықтан, уайымнан сейілу үшін 2 - 3 күннен соң жалпы қан анализі мен зәр анализін тапсырған дұрыс, себебі температура астарында зәр шығару жүйесі аурулары болуы әбден мүмкін.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сізде немесе балаңызда осы жағдайлар кездесті ме?
5.5K views16:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 15:19:53 БАЛАҒА КҮН ТИЮ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ ӨТУ

Ыстық өту – бұл адам ағзасына артық ыстық ауаның және инфрақызыл сәуленің түсуі салдарынан дененің қызып кетуі, нәтижесінде организмнің әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің зақымдануы.
Күн тию – бұл күн сәулесінің қызуы нәтижесінде адамның миына жоғары температура әсер ететін жылу соққысының жеке жағдайы. Тікелей күн сәулесінің әсеріне реакция. Инфрақызыл сәулелену теріні ғана емес, сонымен қатар дененің терең тіндерін, соның ішінде ми тіндерін де қыздырады.

Яғни, ыстық өту және күн тию екі түрлі нәрселер болып табылады: ыстық өту – ыстық пен күннің бүкіл ағзаға әсері, ал күн өту – тек басқа әсер ету болып табылады.

Ыстық өтудің себептері:
Күн көзінде ұзақ уақыт жүру
Жылу көздерінің жанында жұмыс істеу (наубайхана, ыстық пештердің жанында)
Ыстық бөлмеде физикалық жүктемемен айналысу
Ауаның жоғары ылғалдылығы
Ыстық ауа-райында қалың киіну

Күн тию адам ұзақ уақыт бойы күн астында ұзақ жүруінің арқасында, күн сәулесінің тікелей миға әсері. Сондықтан себебі: күн астында ұзақ болу.

Жылу соққысы мен күн соққысының белгілері бірдей болуы мүмкін:
терінің қызаруы, әсіресе беттің
ентігу, тез тыныс алу
әлсіздік
суық тер
дене температурасының жоғарылауы
бас ауруы, бас айналуы
бұлшықет құрысуы және ауырсыну
ауыр жағдайларда, галлюцинация және құрысулар
жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс
ұйқының бұзылуы немесе керісінше, қатты ұйқышылдық.

Күн және ыстық өткен кездегі алғашқы көмек:
Баланы салқын көлеңкелі, жақсы желдетілген бөлмеге апарамыз, қысып тұрған киімдерін ағытамыз, аяқ киімін шешеміз. Бөлмеде кондиционер болса қосамыз, болмаса қолда бар нәрсемен желпиміз.

Бала денесін дымқыл салқындатылған марлымен сүртіп шығамыз. Мұзбен емес! Салқындау суға түсірсек те болады.
Бала дене тепрературасын кем дегенде 38°С-қа дейін салқындату керек, әрі қарай ағза өзі күреседі.

Бала ағзасындағы жоғалған су мөлшерін қалыпқа келтіру үшін бөлме температурасындағы суды ішкіземіз.

Егер бала ес-түссіз болса, нашатыр спиртіне мақтаны малып алып мұрынға әкеліп, жедел жәрдем шақырыңыз.

Алдын алу шаралары:
Алдын алу:
жеңіл мақта матадан тігілген шляпалар
немесе шапкалар кигізу
ауа-райына сәйкес киімдерді таңдау
(ыстықта жеңіл табиғи маталардан
тігілген киімдер жақсы)
Таңғы 11:00-ден 16:00-ге дейін күн сәулесінен мейлінше сақтану
сұйықтықты жеткілікті мөлшерде
қолдану, ішкізу.

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Сізде немесе балаңызда осы жағдайлар кездесті ме?
2.4K views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 17:37:10 Баланың ауыз қуысындағы ақ дақтар, олар тіс пе?

Нәрестелерде ең жиі кездесетін ауыз қуысындағы ақ дақ тәріздес, дөңгелек пішінді түзіліс ол Узелки Бона деп аталады. Ол десналарда түзілетін қауіпсіз кистаның бір түрі. Көп жағдайда аналар бұл түзілісті тіспен шатастырып жатады. Бұл узелки Бона балаға ешқандай жайсыздық алып келмейді және уақыт өте келе өздігінен кетеді.

Тағы бір түрі ол Жемчужина Эпштейна - бұл көп жағдайда бала таңдайында кездесетін киста. Эпителий жасушаларынан түзіледі. Бұл да балаға қауіпсіз, өздігінен кетеді.

Ақ дақтың тағы бір келесі түрі нәрестенің алғашқы айында жарып шыққан тіс немесе нәрестенің тіспен туылуы.

Тағы бір себебі афтозды стоматит
Бірақ, стоматитке тән тағы да басқа белгілер болады
•бала тәбетінің нашарлауы
•баладағы мазасыздық, енжарлық
•кей жағдайда дене температурасы көтеріледі

Ауыз қуысында ақ дақтың кез-келген түрін анықтасаңыз жергілікті дәрігеріңізге бір тексертіп алғаныңыз абзал

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Нәрестеңіздің ауыз қуысында осындай ақ дақтар кездесті ме?
3.3K views14:37
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 16:04:44 БАЛАМНЫҢ ТІСІ ӘЛІ ЖАРМАДЫ

Балаларда тістің жаруы орта есеппен
6 айдан басталады.

2-3 жасқа дейін жалпы 20 сүт тіс жарып шығады

Әр баланың тіс жаруы әртүрлі жүреді

Кей балаларда тіс жармай жүріп, 1 жасында бірден бірнеше тісі жарып шығуы да мүмкін...

Тіс жару кезінде:
⁃ Қызыл иектің ісінуі, қызаруы
⁃ Сілекейдің көп бөлінуі
⁃ Тәбеттің төмендеуі
⁃ Дене қызуының көтерілуі
⁃ Іш өту көрініс беруі
⁃ Баланың мазасыздануымен жүреді

Тіс жару кезінде нені ескеру керек:
⁃ Балаңыздың тісінің кеш жарып жатуы, кальций беруге көрсеткіш емес.
⁃ Тіс жару кезінде лидокаинді жансыздандырғыш гельдерді қолданбаңыз (лидокаинді гельді жиі қолдану, передозировка салдарынан балалар арасында өлім жағдайы да тіркелген)
⁃ Иек массажын жасап, жиі емізіп, прорезывательді сәл салқындатып беріңіз.

Ақпарат dariger_aziza - инста парақшасынан алынған

Сіздің балаңыздың алғаш тіс жарып шығуы қай айда болған еді?
3.6K views13:04
Ашу / Түсініктеме