Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала Қ
Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала
Арна мекенжайы: @damditagam
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.83K
Арнадан сипаттама

Жарнама бойынша @wtsp_bot
Канал администраторы жарнама мазмұнына жауапкершілік алмайды
Достарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/AAAAAFi8StqvrQH6maxtCQ

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-08-04 18:10:11 ХОДУНОКҚА ҚАНША АЙДАН БАСТАП ОТЫРҒЫЗУҒА БОЛАДЫ?

Маған көп аналар ходунокқа 4айында отырғыздым, 6болды отырғыза берейін ба деген сұрақтар көп келеді. Жалпы ходунокқа отырғызу зиян ба?

Баланы ходунокқа 8-9 айдан бастап отырғызуға болады. Онда да егер бала өзі отыра алатын болса, өзі үстел, диван, орындық деген заттардан ұстап жағалап жүре алатын болса. Яғни, бала үйдің әр жеріне өзі еркін жете алуы үшін және қауіпті жерлерге барып қалмауы үшін отырғызуға болады.

Пайдасы:
Тек анасына пайдалы деп айта аламын, себебі анасының қолы шамалы болса да босайды, басқа шаруаларын еркін жасай береді.

Зияны:

Бала ходунокпен жүріп үйреніп қалады, алдыға қарай жүгіріп жүретін болады, яғни баланың тепе-теңдік сақтауы бұзылады. Өзі жүретін балада салмақ жерге параллельді бір қалыпта болады. ходуноктың тіреп тұруына үйренеді. Бұл дегеніміз ходунокта жүріп үйренген бала, өзі ходуноксыз жүру

Ходунокқа ерте отырғызу табанға, бел омыртқасына күш түсіріп, болашақта майтабан немесе бел омыртқасының жарығына, қыздарда болашақта жатыр қисаюына (загиб матки) әкеліп соғуы мүмкін (бұл тым ерте отырғызатындарға қатысты 3-4 айдан)

Ерте ходунокқа отырғызған бала еңбектемейді. Ол деген сөз жүйке-жүйесінің кейбір байламдарының дұрыс қалыптаспауына себеп болады.

Балаңызды ходунокқа отырғызасыз ба, өзіңіз шешіш қабылдайсыз, отырғызсаңыз уақытқа мән беріңіз

Баланы ходунокқа отырғызуды 8-9 айдан, өзі отыра алатын кезден бастаңыз;
Алғаш отырғызып бастағанда 10-15 минуттан артық отырғызбаңыз;
Күніне жалпы 2-3 сағаттан артық отырғызбаған жөн.
Бір отырғызғанда 40 минуттан артық отырмасын;
Балада рахит, дисплазия болса мүлде отырғызуға болмайды!

Ал, сіз ше? Балаңызды ходунокқа отырғыздыңыз ба? Қанша айдан бастап отырғыздыңыз?

Коммент қалдыру
220 views15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 13:36:39 Сәбіздің пайдасы

1) Бауыр функцияларының қорғанысы және ас қорыту жүйесінде өте әсерлі.

2) Құрамындағы Е дәруменімен қатерлі ісік ауруының алдын алады.

3) Қартаюмен байланысты шығатын ауру, сыздаулар сәбіз шырынын ішу арқылы азайтылуы мүмкін.

4) Табиғи А дәруменінің қайнар көзі болғандықтан көз саулығын, көру қуатын арттырады. Сүйекке және остеопорозға жақсы әсер етеді.
5) Құрамындағы калиймен холестеринге және гипертонияға қарсы күреседі.

6) Өт және бауыр ферментерінің жақсаруына әсер етеді. Май жиналуын азайтады.

7) Теріні жандандырады, әдемілейді.

8) Сәбіз шырыны күшті антиоксидант бета-каротеннен бай болғандықтан жасуша дегенерациясының алдын алады.

9) Біраз лимон және зәйтүн майы қосылып дайындалған сәбіз салаты немесе сәбіз шырыны зейінді ашады, ойлау қабілетін дамытып, үйренуді жылдамдатады.

10) Сәбіздің және сәбіз шырынының калориясы аз болса да қарынды тойдырады. Арықтауда және салмақты сақтауда жақсы әсер етеді. Күніне 1, 2 дана кішкене сәбіздің желінуі немесе шырынының ішілуі қарынды тоқ ұстайды.
.
.
? Сәбізді жақсы көресіз бе? Қаншалықты жиі жейсіз?

Коммент қалдыру
475 views10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 18:40:22 Судың пайдасы

Қай мүшемізде қанша % су бар деп ойлайсыз?)
Ми -85%
Қан- 95%
Бауыр - 87%
Бүйрек - 70%
Көз- 95%
Жүрек- 79%
Өкпе- 83%

Ең алдымен судың қызметін айтайын:
Судың денеге пайдалары:

Дене температурасын тұрақтандырады.

Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.

Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.

Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.

Денені жарақаттанудан қорғайды.

Кеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.

Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

Мидың жұмыс істеуі баяулайды.

Қан қоюланады.

Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Нәжіс сары түсті болады.

Іш қатуына(запор) себеп болады.

Бәріміздің миымызда бір стереотип қалыптастырды, адам күніне 2 литр су ішу керек деген.

Бірақ адам күніне 30 мл/ кг салмаққа есептеп ішу керек.

Мысалы, салмағыңыз 50кг болса, 50*30=1500мл су ішіуіңіз керек, 60 болса 1800мл, осылай салмағыңызға қарай есептелінеді.

Қанша су ішесіз? Су ішесіз ба?

Сұрақтарыңызды қойыңыз
3.7K views15:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 15:58:53 КОСОЛАПОСТЬ ДЕГЕН НЕ?

Косалапость - төменгі аяғының бойлық осінен ішке немесе сыртқа қарай ауытқыған аяқтың кисаюы.

Ауытқуды қалай тануға болады?

Баланың тік күйінде қойғанда, төменгі аяқтың қисаюы.

Аяқтың еден бетіне қойып жүргізгенде бір аяғын қисық басуы

Косолапость туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері болады

Себебі:
балада витамин жетіспеушілігі

Инфекция, аяғы ауыр әйел инфекциялық аурумен қатты ауырса

Маткада қатерлі аурулар,ісіктер баланың аяғын қысады

суаздық, қағанақ суының аздығы

Егер аяқтың өзгеруі болса, мысалы, ішке немесе сыртқа қарай ауытқып кетсе, бала жай және сенімді жүре алмайды. Бұл патология түзетуді қажет ететін аяқтың дұрыс емес орналасуын көрсетеді.

Осы жағдайда уақытында анықтау және медициналық көмекке жүгіну өте маңызды - алғашқы сатыларда ақауды емдеу әлдеқайда оңай. Дұрыс емдеу көмегімен және әдістермен сіз сүйектің деформациясын жеңе аласыз, ал ересек жастағы балаға ешқандай көмек бере алмайсыз.

Уақытылы диагноз қою кезінде мұндай ақаулық массаж, арнайы жаттығулар және дәрігердің бақылауымен немесе үйде жасалуы мүмкін басқа әдістердің көмегімен оңай түзетіледі.

Сұрақтарыңызды қойыңыз
355 views12:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 12:32:04 ТІС ЖАРУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК БЕРДІҢІЗ

Балалардың алғашқы тістері 4 айдан 1,5- 2 жас аралығында шығады.

Тіс жару кезіндегі алғашқы белгілер

Егер тіс етіне қарасаңыз, ол қалыпты жағдайдан сәл үлкейе түседі және аздап қызарады. Бала қолына түскеннің бәрін аузына сала береді.

Тіс жарған кезде балада көп сілекей ағуы мүмкін. Бұл тіс етінің жұмсақ тінінің зақымдалуымен байланысты.

Аналардың көпшілігі балада тіс жару кезінде тұмау болатынын да айтады. Жұқпа әсерінен пайда болған тұмау мен тіс жару кезіндегі мұрыннан су ағуды айыра білу керек. Тіс жару кезінде мұрыннан түссіз сұйық су ағады, бұл кезде баланы дәрімен емдеудің қажеті жоқ. Бастысы, гигиенаны сақтап, мұрнын уақытылы дәкемен құрғатып отырыңыз.

Тіс жару кезінде температура болады, бірақ ереже бойынша сәбиде жоғары температура болмауы керек: ол 37,5-38 °C градустан аспайды.

Баланың тіс жаруы кезінде күнделіктіге қарағанда көбірек сілекей жұтатындықтан бала үлкен дәретке жиі бара түседі. Ол жағдайда бала емдеуді қажет етпейді. Бірақ егер бала үлкен дәретке күніне 5-6 реттен артық барса, баланы дәрігерге көрсету керек.

Тіс жару кезінде баламызға көмектесу үшін:

мұздай қасық немесе ризина тіс тістегіштер беру керек

егер бала қатты мазасызданып,түнімен жыласа мазь жағуға болады, бірақ лидокаинсыз түрін ғана себебі лидокаин жүрек ритмін бұзады, мазьдің 2түрі болады: лидокаинмен және лидокаинсіз

қызыл иекке массаж жасау керек, қан айналымды жақсартып,тістің жарып шығуын жеңілдетеді.

Анасы баласын түсініп,психологиялық тұрғыдан дайын болу керек,тіс жарып шығу балалар үшін де қиын болады.

Сіздің балаңызда алғашқы тістері қашан шықты және калай көмектестіңіз

Коммент қалдырыңыз
465 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 12:22:06 Сәбидің мұрын күтімі

Бөлмедегі шаң-тозаң, киімнің түгі, шылымның түтіні сәбидің мұрынын бітеп, тыныс алуын ауырлатуы мүмкін.

Баланың мұрынын тазалау үшін физиологиялык ерiтiндi немесе қайнатылган суды мурнына 1 каплядан тамызып, мактаны ширатып дайындап аламыз да тазалап шыгамыз.Мактаны мұрынның ішіне небәрі 1 сантиметр көлемінде ғана кіргізіп, айналдыруға тырысыңыз. Мұрынның екі тесігіне екі макта пайдаланған жөн.

Ана сутiн тамызуга болмайды, себебi сут катып калып мурынды бiтеп тастайды, таяқшаға оралған зарарсыздандырылған макта пайдаланбаныз.

Сонымен катар Аква Марис тамшыларын туылганнан бастап колданса болады, ал спрей 1жастан бастап колданылады.

Стерилденген изотониялық теңіз суы мұрын қуысының шырышты қабығының қалыпты физиологиялық жай-күйін ұстап тұруға ықпал етеді.

Препарат қабынуға қарсы, тазалайтын, ынталандыратын, мұрын қуысының шырышты қабығына қалпына келтіретін әсер етеді.

Аллергиялық және вазомоторлы ринит кезінде препарат мұрынның шырышты қабығынан аллергендер шайып, жояды.

Гигиеналық мақсатта қолданылатын Аква Марис шырышты қабықты көше және бөлме шаңынан тазартуға көмектеседі.

Аква Марис емдеу үшін мұрын тамшылары балаларға 1-ші күннен бастап 2 тамшыдан әрбір мұрын жүрісіне тәулігіне 4 рет тағайындайды. Терапия курсының ұзақтығы 2-4 апта. Курсты бір айдан кейін қайталау ұсынылады.
Алдын алу үшін Аква Марис тамшылары әр мұрын жүрісіне 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тамшыдан жүргізу ұсынылады.

Сiздер калай тазалайсыздар?

Коммент қалдыру
437 views09:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 17:56:57 Сәбидің даму кезеңдері

Бірінші рет босанайын деп отырған жас аналарға пайдалы пост болсын
Жаңа туылған сәби әр ай сайын қандай іс-әрекеттерді жасайтынын постты до конца оқысаңыз білесіз

1 айлықта жан-жақтың барлығын тек көзімен бақылайды, яғни басын бұрмай

2 айлық кезінде күлімдейді, гуілдейді, басын ұстайды

3 айлық кезінде тек сәбиді ұстап тұрған кезде аяғын тік басады

4 айлықта таныс және бейтаныс дауыстарды ажырата алады

5 айлығында қолына ілінген заттар не ойыншықтарды бері тартып, ары итере алады.

6 айлығында қаттырақ дауыс шығарып күледі

7 айлығында ПА, МА деген буындарды айтып бастайды

8 айлығында отырады

9-10 айлығында еңбектейді

1 жаста уже баланың қолынан ұстап жетектегенде жүре бастауы керек.

Сіздің сәбиіңіз қазір қай кезеңінде?

Коммент қалдыру
351 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 17:10:54 СӘБИ ТЕРІСІНЕ МҮЛДЕ ЖАСАУҒА БОЛМАЙТЫН қағида

Кей аналарды байқағаным 2,3 бала туса да, осындай қағидаларға вообще мән бермейтінін

Естеріңізде болсын Дені сау баланың терісі су мен ауадан басқа ешнәрсе талап етпейді.

Сәбиді күнде жуындырған сайын сабын, пенка, шампуньдарды пайдалана берген дұрыс емес.Себебі терісі қатты құрғап кетеді.Негізі оларды аптасына 1, 2рет пайдаланған жөн

Эфир майлары болмайды(аллерген болады)

Түрлі шөптерге сала берудің дым қажеті жоқ

Ланолині бар қарапайым кремдерді қолдануға болмайды.(терісін бітеп тастайды, нәтижемінде түрлі бөртпелер шығады)

Түгелдей терісін майлауға, тем более қойдың майымен вообще болмайды

(тетіктерінің бәрін бітеп, нәтижесінде өте тершең болып кетеді)

Ал сіз айтылған кеңестердің қайсысын жасайсыз, коментке жаза кетіңіз

Коммент қалдыру
3.5K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 13:17:42 БАЛАНЫ ЕҢБЕКТЕКТЕУГЕ ҮЙРЕТЕТІН 7 ӘДІС!

1. Кеңістікті шектемеңіз Бала еңбектеуді үйрену үшін кең әрі таза жер керек. Манежге салып қоймаңыз Өз еркімен бөлмеде жүруіне жағдай жасаңыз.

2. Еденді дайындаңыз Еденнің үстіне кілем төсеп қойыңыз. Линолеум мен паркетте баланың аяқ-қолдары сырғанап, еңбектеуге мүмкіндігі болмайды.

3. Мақтап ынталандырып отырыңыз. Барлық бөлмелерге бір-бір ойыншықтан не баланы қызықтыратын заттар қойыңыз. Бала соған жету үшін талпынады.

4. Еңбектенуге үйретіңіз, егер бала жатса немесе отырса, онда қолы жетер-жетпес жерге ашық түсті ойыншық қойыңыз. Бала соны алу үшін әрекет етеді.

5. Қауіпті заттарды жоғарыға қойыңыз. Бала еңбектейтін бөлмеде артық заттардың болмағанын қадағалаңыз

6. Балаға қалай еңбектеу керектігін көрсетіңіз, оның көкірегінен ұстап жоғары көтеріңіз де қозғалуға үйретіңіз. Өзіңіз де еңбектеп көсетсеңіз, бала соны қайталайды.

7. Жаттығу жасаңыз, балаға міндетті түрде күн сайын жаттығу жасау керек. Ол баланың бұлшық еттерін қатайтады әрі тезірақ еңбектеуге, жүгіруге үйретеді.

Құрбыңызбен бөлісіңіз
224 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 13:03:41
Құрметті ата аналар! Шаштағы бит, сірке, қайызғақ және басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе күнде осыны қолданыңыз.
Тазалайтынына 100 пайьіз кепілдік.
WhatsApp: wa.me/77767780603
3.0K views10:03
Ашу / Түсініктеме