Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала Қ
Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала
Арна мекенжайы: @damditagam
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.83K
Арнадан сипаттама

Жарнама бойынша @wtsp_bot
Канал администраторы жарнама мазмұнына жауапкершілік алмайды
Достарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/AAAAAFi8StqvrQH6maxtCQ

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-04-05 15:09:43 ҚҰЛАҚТАҒЫ ҚҰЛЫҚТЫ ТАЗАЛАУ ҚАЖЕТ ПЕ???

Құлақтан құлықтың бөлінуі —қалыпты жағдай.

Құлық әр адамда, өмір сүру ерекшелгіне байланысты консистенциясы мен мөлшері әртүрлі болады.

Бірақ ол барлық адамда бірдей қызмет атқарады:
құлаққа бактерия,вирус,шаң-тозаң,жәндікдердің кіріп кетуінен қорғау, құлықтың арнайы құрамы арқылы бактерияларды жою,
құлақтың ішін ылғалдандыру.

Адамның жақтары қозғалған сайын,сөйлеген сайын, адам тамақтанған кезде, емізулі бала емгенде құлықтың артық мөлшері құлақтың ішіне кіріп кетіп құлыққа жабысып қалған заттармен бірге шығарылып отырады.

Кейбір адамдарда құлақтан құлық көп өндіріледі,себебі:
Адамның құлағының анатомиялық ерекшелігіне байланысты(қуысының тар,ирелектеу болу)

Құлықтың консистенциясы қою болуы,құлаққап пайдаланатын адамдарда жиі өндіріледі.

Құлақ өзін өзі тазалайтын ағза.
Бірақ мүлдем тазаламау дегенде дұрыс емес,ол адамдаға дискомфорт туғызуы мүмкін.

Сонымен құлақты қалай тазалаймыз?
Құлақты баланы жуындырып болған жоқ,тек сыртқы құлық шығып тұрған жерді ғана мақталы таяқшамен тазалау жеткілікті,яғни саусағыңыз кірген жерге дейін.


Мақталы таяқшаның құлақтың ішіне кіріп кетпеуі үшін,арнайы тежегіші болуы міндетті.

Таяқшаларды құлақтың ішіне дейін тереңге кіргізіп,тазалауға болмайды.
Таяқшаларды дұрыс қолданбағандықтан құлық тығыздалып, әрі қарай құлақ каналының түбіне жиналады.


Бұндай жағдайда, құлақ жарғағы зақымдалуы мүмкін.

Құлақ жарғағы зақымдалса, адам есту қабілетінен айырылуы мүмкін.

Құлақты күнделікті тазалауғада болмайды,егер күнде тазалай берсеңіз, құлық бұрынғыдан да көбірек құлық бөліп отырады.

Егер құлық шектен тыс көбейіп,есту қабілетіне кедергі келтірсе,тек ЛОР дәрігеріне барып тазалату қажет.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Балаңыздың құлағын қалай тазалайсыз?
Құлық көп ағадыма?
4.8K views12:09
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 15:01:31 Жүктілік кезінде,қандай жағдайда баланы омырау сүтінен шығару керек?

Олар

Жүкітікті үзу қәупі болса.
(жатыр мойыны қысқаруы,қан келу)

Жүкті әйелде ауыр токсикоз болса(жиі құсу,естен тану,салмағын жоғалту)

Анамнезінде түсік тастау,ерте босану болса.

Егер егіздерге жүкті болса.

Егер емізулі әйел психологиялық дискомфорт сезсе.

Жүкті анада анемия анықталса(анасының аз гемоглобині құрсақтағы балада гипоксия тудыруы мүмкін)

Созылмалы аурулардың қозуы(қант диабеті,бронх демікпесі,ауыр аллергиялық аурулар).

Егер жүкті анада жоғарыдағының біреуі кездесседе,баланы омырау сүтінен шығару қажет.

Жүктілік кезінде гормондар әсерінен омырау үрпісі(ұшы) ауыруы мүмкін,ол қарсы көрсеткішке жатпайды.

Сонда жүкті әйел,бірінші баласын емізуді жалғатыру үшін
—дені сау
—дұрыс,сан алуан,табиғи тамақтанатын
—8 сағаттан кем емес ұйықтайтын
—уайымға салынбайтын
—демалыс режимін сақтайтын болуы міндетті.


Алайда емізуге болады екен деп,соңғы апталарға дейін емізу қажет емес,себебі сіз босануға перзентханаға кеткенде балаңыз қиналуы мүмкін,сондықтан алғашқы баланы омырау сүтінен шығару уақыты келгенде(1-1.6 жас),этаппен омырау сүтінен шығару дұрыс.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сіз балаңызды жүктілік кезінде неше аптаға дейін еміздіңіз?
Алде тез шығарып жібердіңізбе?
3.6K views12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-02 15:55:03 ШАШЫҢЫЗ НЕГЕ ТҮСЕДІ?

Әр шаш өсудің үш кезеңінен(фаза) өтеді:

1 фаза—Активный рост —анаген (күшейтілген өсу)

2—фаза—Переходная фаза—катаген (өтпелі кезең,баяу өсу)

3—фаза —Фаза впадения и покоя—телоген (шаш өспейтін, содан кейін түсіп кететін демалыс кезеңі).

Өмірде біз бірнеше жыл ішінде әр шаштың үш кезеңнен қалай өтетінін байқамаймыз, алайда жүктілік кезінде әйелдің гормоналды фоны өзгереді,қан құрамында эстроген гормоны жоғарылайды,сондықтан шаш өсуі бірінші кезеңде(Анаген) қалып қояды,яғни жүктілік кезінде шаш жылдам өсе бастайды.(байқаған шығарсыздар)

Бала туылғаннан кейін гормондардың деңгейі әдеттегі көрсеткіштерге қайта оралады,сондықтан бірінші фаза сатысынан үшінші фазаға(Телоген) ауысадыда, шаштың өспей,қатты түсуіне алып келеді.

Шаштың жоғалуының бұл қайғысы босанған әйелдердің 100% - ына қатысты.

Фазалардың өзгеруі біреулерде ақырын жүрсе,оларда аса қатты шаш түсуі байқалмайды,ал біреулерде тез қарқынмен өзгерсе—өте жылдам,өте көп шаш түсе бастайды және бұл құбылыс әйелдерді қатты алаңдата бастайды.

Бірақ өте жақсы жаңалықта бар

Түскен шаштар 12-18 ай аралығында қайта шыға бастайды және қалыпқа келеді.
Уайымдап қажет емес.

Егер сіз:

сіз босанғаннан диета ұстап, тек сопра мен гречкамен тамақтанасыз және көкөністер мен жемістерді жемесеңіз,балада колики болады деп;

сіз үнемі күйзеліске түссеңіз;

сіз баламен көп уақыт өткізіп, шашты күтпей,шашты тарамай, тарақты ұмытып кетсеңіз;

D дәрумені ішпесеңіз.

Егер сізде темір тапшылықты анемия болса;
онда сіздер мәселені одан қатты ушықтырасыз,шаш түсуі одан қатты жылдамдайды.

Сондықтан анемия жоқтығына, денсаулығыңызбен бәрі дұрыс екеніне міндетті түрде көз жеткізу керек.

Қорытындылайтын болсам,босанған соң шаш түсуі қалыпты,өзі уақыт өте келе қалыпқа келеді.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сіздің шашыңыз түстіма?
Витамин ішу керек деп ойладыңызба сізде?
3.6K views12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-03-31 16:08:11 БӨЛМЕ АУАСЫНЫҢ ҚҰРҒАҚТЫҒЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ???
ҚАЛАЙ ЫЛҒАЛДАНДЫРАМЫЗ???


Үйдің ауасының ылғалдылы сіз үшінде,балаңыз үшінде өте маңызды.

Әсіресе жылу берілген кезде,қосымша жылу көздерін қосқан кезде,терезі ашып желдете алмаған жағдайда бөлме ылғалдылығы қатты төмендейді.

Себебі жылу бөлме ылғалдылығын төмендетіп,ауаны құрғатып жібереді.

Бөлме ауасының құрғақ болуы несімен қауіпті?

Шырышты қабықта иммунды қорғаушы жасушалар көп.
Олар ағзаға қауіпті вирустарлың кіріп кетуіне қарсы тұрады.
Ал шырышты қабық құрғап кетсе, бактериялар мен вирустар мұрын қуысында өлмей, ағзаға оңай өтіп кетеді.

Сондай-ақ ауаның ылғалдылығы төмен болуынан құрғақ жөтел басталады.

Құрғақ ауа кесірінен көздің шырышты қабығы да құрғайды, сондықтан конъюнктивит сияқты көз аурулары пайда болуы мүмкін.

Құрғақ ауа кезінде оттегі жетіспегендіктен басыңыз ауыра береді, жұмысқа қабілеттілігіңіз түсіп кетеді, ұйқыңыз бұзылады.

Таңертен мұрыныңыз бітеліп тұрады,тіпті қанап кетуіде мүмкін.

Ауа ылғалды болса,кез келген вирусты аурулар тез жазылады,құрғақ жөтел тез сулы(влажный) жөтелге айналып,тезірек бронхтардан шығып кетуіне әсер етеді.

Үй ішіндегі құрғақ ауамен күресудің жолдары:

Үйге таза ауаның кіруін қадағалап, үйдің ішін күніне 3-4 ретке дейін желдетіңіз.Ұйықтар алдында терезелерді ашып, дұрыстап желдетіңіз.
Бөлмені жинаңыз. Артық заттың бәрін жинап тастаңыз.Баланың төсегінен бахладин,бортикиді алып тастаңыз.
Бөлмені тазартыңыз.Жиі ылғал шүберекпен шаңдарды сүртіп, күнде еденді жуыңыз.
Бөлмеге су шашыңыз.Бөлмедегі ауаға, гүлдерге су шашып шығыңыз.
Бөлменің ауасы қатты құрғақ болса, сүлгіні сулап, батареяға іліп қоюға болады.
Оны уақытылы сулап тұру керек.
Өзіңіз қайта-қайта таза су іше беріңіз.
Адам күніне 1.5-2 л су ішкен дұрыс.
Ең тиімдісі увлажнитель воздуха қолдану

Адам өзін 50-70% ылғалдылықта жайлы сезінеді,ал температура 20-22 °С болған дұрыс.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сіз үйдің ылғалдылығына мән бересіз бе?
3.9K views13:08
Ашу / Түсініктеме
2021-03-28 15:52:07 БАЛАҢЫЗДЫҢ МҰРЫНЫНАН ҚАН КЕТСЕ

​​НЕЛІКТЕН МҰРЫННАН ҚАН КЕТЕДІ?

Осы сұрақ маған жиі келеді,сондықтан пост ретінде,толық түсіндіргім келді.

Кейде адамдарның жасына қарамастан мұрыннан қан кетуі мүмкін.
Балалардада,ересектерледе жиі кездеседі.

Әдетте, бұл қауіпті емес, бірақ сіз білмейтін маңызды себептер болуы мүмкін.

Мен қазір қан кетудің себептерін, сондай-ақ не істеу керектігін және қандай жағдайларда маманға хабарласу керектігін айтамын

ҚАН КЕТУ СЕБЕПТЕРІ:

Механикалық зақым:

Мұрын қуысы ішіндегі капилярлардың нәзіктігіне байланысты мұрыннан су ағу кезінде орамалмен қайта-қайта қатты басып сүрте берсе,қанап кетуі мүмкін.

Сондай-ақ,ринит кезінде мұрын қуысындағы тамырлар ісініп, жарылып қан кетуі мүмкін.

Мұрын жолдарының созылмалы ауруларында.

Аспиратор пайдаланғанда,қатты күшпен сору кезіндеде капилярлар жарылып,қан кетуі мүмкін.

Мұрын қуысының бөгде заты, мысалы кішкентай ойыншықтар,лего.

Құрғақ ауа (балалардағы ең жиі мұрын қанауының себебі)

Ауасы құрғақ бөлмеде мұрынның шырышты қабаты кебеді,шырыш бөлінуі азайып,мұрынның ішіне маңқа қатады.
Сол маңқаны тазалап жатқандада қан кетуі мүмкін.

дәрумендердің жетіспеушілігі (А,С)

дәрі-дәрмектердің артық дозалануы нәтижесінде қанның ұюы проблемалары;(мұрынға тамызатын)

күннің қызып кетуіне байланысты дене температурасының жоғарылауы;

ЕГЕР БАЛАҢЫЗДЫҢ МҰРЫНЫНАН ҚАН КЕТСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Баланың басын сәл алға қарай еңкейтіп, тік отырғызыңыз.

Бала басын артқа шалқайтпаңыз— қан жұтқаншақ аймағына ағып кетпеуі керек.
Егер қан жұтқыншақтан асқазанға түссе, қан құсу пайда болуы мүмкін.

10-15 минуттың мұрын көпірінің жұмсақ аймағын қысыңыз, аузыңызбен дем алуын сұраңыз.

мұрынға салқын нәрсе (дымқыл орамал) басыңыз

Жедел жәрдемге хабарласыңыз

Егер үйде сутегі асқын тотығы болса, онда соған малынған тампонды мұрынға салыңыз

Егер 15 минуттан кейін қан кетсе, жедел жәрдем шақырыңыз

Есіңізде болсын, жиі қан кетсе -дәрігерге бару керек,себебін анықтау керек.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Қаншалықты жиі балаңызда мұрыннан қан кетеді?
4.4K views12:52
Ашу / Түсініктеме
2021-03-25 14:54:29 БАЛАДА МҰРЫН БІТЕЛСЕ НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Мұрын бітелгенде—вазоконстрикторлар
(сосудосуживающий) қолданылады, олар мұрын ішіндегі қан тамырларының тарылуына көмектеседі, сонымен қатар олар шырышты қабаттағы ісінуді жояды, тыныс алуды жақсартады.

Әсері, мұрынға тамызған соң бірнеше минут ішінде байқалады.

Мұрынға тамызуға арналған дәрілер:

спрейлер
тамшылар түрінде шығарылады.

Балаға тек тамшы түрін пайдалану қажет.

Бұл дәрілер баланың мұрыны бітеліп, емуге, тыныс алуға қиындық тудырғанда, басқа мұрын ашатын жолдар көмектеспегенде ғана қолданылуы керек.

Мұрын біткенде қазірде жиі қолданылатын

НАЗИВИН—МҰРЫН БІТКЕНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН,МҰРЫН ЖОЛЫН АШАТЫН ДӘРІ(ТАМШЫ)

Құрамы:

1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,1 мг, 0,25 мг және 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді,
қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитрат дигидраты, глицерол (85 %), бензалконий хлориді (50 % ерітіндісі), тазартылған су.

Мұрынға тамызғаннан кейін әсері тез басталады:

- 0,05 % түрі үшін бірнеше секунд ішінде
- 0,025 % және 0,01% түрі үшін бірнеше минут ішінде

Препараттың әсер ету ұзақтығы 12 сағатқа дейін.

Дозалары:

0,01%, 0,025% және 0,05 % Називин тамшылары шығарылады.

Називин 0,01%—мұрын тамшы дәрісі 4 апталық жасқа дейінгі нәрестелерге әрбір мұрын жолына 1 тамшыдан күніне 2-3 рет қолданылады.

Өмірінің 5 аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына күніне 2-3 рет.

Називин 0,025%—1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.

Називин 0,05%—мұрын тамшы дәрісін ересектерге және 6 жастан асқан балаларға әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.

НАЗИВИНДІ 5-3 күннен артық қолдануға болмайды.

0,01 %, 0,025 % және 0,05 % Називин бір реттік дозасын тәулігіне 3 реттен жиі қолдануға болмайды.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сіз қандай тамшы қолданасыз?
4.9K views11:54
Ашу / Түсініктеме
2021-03-23 19:13:02 БАЛАҒА СҮТІМ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Бала жылайды, омырау емгісі келіп жиі сұрайды немесе керісінше омырау алмай жылайды, кейде омырауды мазасызданып емеді. Ал кей бір балалар омырауға жабысып алғандай ұзақ емеді.
Содан аналардың ойына бір ой келеді «Балам сүтіме тояды ма? Сүтім құнарлы ма? Сүтім майлы емес» деген. Солай ойлап алады да балаға өздігінен смесь береді, ал смесь ішкен бала рахаттанып, дым білмей бұрынғысынан да ұзақ ұйықтайды, себебі смесьті қорытуға бала ағзасы көп энергия жұмсайды.
Таныс жағдай ма?

Баланың жылауына және мазасыз болуына көптеген басқа да себептер әсер етуі мүмкін!

Балаға сүтіміз жеткілікті болып жатқанын қайдан білеміз?

Ең сенімді белгісі - баланың ай сайынғы салмақ қосуы! Салмағы роддомнан шыққан салмақтан бастап есептеледі. Мысалы: нәресте 3800 гр болып дүниеге келді. Одан кейін табиғи физиологиялық салмақ жоғалту жүреді, туылғандағы салмағының 5-10%-н жоғалтады, ол әдетте 2-5 күн ішінде болады. Роддомнан шыққандағы салмағы мысалы 3600гр болды, келесі айына дейін қосылған салмағы осы салмақтан бастап есептеледі.

Бала ай сайын ДДСҰ ұйғарымы бойынша 6 айға дейін кем дегенде 500гр қосу керек. Шамамен аптасына 125-150гр-нан. Бала алғашқы айларында салмақты жақсы қосады.
Баланың алғашқы күндерінде немесе аптасында, сүттің жеткілікті немесе аз екенін үлкен дәрет шығару жиілігіне қарап біле аламыз. Бала туылғаннан кейін 3 аптасына дейін күніне 2-3 рет үлкен дәрет болу керек, ал 4 аптасынан бастап үлкен дәретке қарап сүттің жеткіліксіз екенін анықтай алмаймыз.

Бала ай сайын жақсы салмақ қосуы үшін, сүт көлемі көп болу үшін, баланы дұрыс емізу қағидаларын ұстана отырып, жиі-жиі емізе беру.

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Пост түсінікті де пайдалы болса пікірге кез-келген смайлик тастай отырыңыз
7.2K views16:13
Ашу / Түсініктеме
2021-03-22 15:38:10 Тамақ қызаруды қалай емдеуге болады?

Егер балаңыз тамақ ауруына, жұтқанда ауырсынуға шағымданбаса, онда тамақты ешнарсемен емдеудің қажеті жоқ, әсіресе ОРВИ кезінде!

Біз аурудың себебі мен белгілерін емдейміз!

Егер бала тамақ ауруына шағымданса, онда:

Сұйықтықты көп ішкіземіз, ағзадан токсиндерді тез шығарып жіберу мақсатында сұйықтықтар ішу маңызды және тамақты ылғалдау жиі-жиі су ішу тамақ ауруын жеңілдетеді.

Микроклиматты қалыпқа келтіреміз, бөлмеде 20-22° температурада және 50-80% ылғалдылықта болу керек

Температура болса, мазасызданса Парацетамол, Ибупрофен берсеңіз болады, дозасын баланың салмағына қарай есептеп береміз

4 жастан бастап арнайы соратын пастилалар беруге болады (оларды сорған кезде лизоцимі бар сілекей бөлінеді, лизоцим қорғаныш қасиетке ие)

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Тамақ қызаруында балаңызға қалай көмек бересіз?
6.2K viewsedited  12:38
Ашу / Түсініктеме