Get Mystery Box with random crypto!

Баланың ауыз қуысындағы ақ дақтар, олар тіс пе? Нәрестелерде | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Баланың ауыз қуысындағы ақ дақтар, олар тіс пе?

Нәрестелерде ең жиі кездесетін ауыз қуысындағы ақ дақ тәріздес, дөңгелек пішінді түзіліс ол Узелки Бона деп аталады. Ол десналарда түзілетін қауіпсіз кистаның бір түрі. Көп жағдайда аналар бұл түзілісті тіспен шатастырып жатады. Бұл узелки Бона балаға ешқандай жайсыздық алып келмейді және уақыт өте келе өздігінен кетеді.

Тағы бір түрі ол Жемчужина Эпштейна - бұл көп жағдайда бала таңдайында кездесетін киста. Эпителий жасушаларынан түзіледі. Бұл да балаға қауіпсіз, өздігінен кетеді.

Ақ дақтың тағы бір келесі түрі нәрестенің алғашқы айында жарып шыққан тіс немесе нәрестенің тіспен туылуы.

Тағы бір себебі афтозды стоматит
Бірақ, стоматитке тән тағы да басқа белгілер болады
•бала тәбетінің нашарлауы
•баладағы мазасыздық, енжарлық
•кей жағдайда дене температурасы көтеріледі

Ауыз қуысында ақ дақтың кез-келген түрін анықтасаңыз жергілікті дәрігеріңізге бір тексертіп алғаныңыз абзал

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Нәрестеңіздің ауыз қуысында осындай ақ дақтар кездесті ме?