Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАҒА КҮН ТИЮ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ ӨТУ Ыстық өту – бұл адам ағзасына | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

БАЛАҒА КҮН ТИЮ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ ӨТУ

Ыстық өту – бұл адам ағзасына артық ыстық ауаның және инфрақызыл сәуленің түсуі салдарынан дененің қызып кетуі, нәтижесінде организмнің әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің зақымдануы.
Күн тию – бұл күн сәулесінің қызуы нәтижесінде адамның миына жоғары температура әсер ететін жылу соққысының жеке жағдайы. Тікелей күн сәулесінің әсеріне реакция. Инфрақызыл сәулелену теріні ғана емес, сонымен қатар дененің терең тіндерін, соның ішінде ми тіндерін де қыздырады.

Яғни, ыстық өту және күн тию екі түрлі нәрселер болып табылады: ыстық өту – ыстық пен күннің бүкіл ағзаға әсері, ал күн өту – тек басқа әсер ету болып табылады.

Ыстық өтудің себептері:
Күн көзінде ұзақ уақыт жүру
Жылу көздерінің жанында жұмыс істеу (наубайхана, ыстық пештердің жанында)
Ыстық бөлмеде физикалық жүктемемен айналысу
Ауаның жоғары ылғалдылығы
Ыстық ауа-райында қалың киіну

Күн тию адам ұзақ уақыт бойы күн астында ұзақ жүруінің арқасында, күн сәулесінің тікелей миға әсері. Сондықтан себебі: күн астында ұзақ болу.

Жылу соққысы мен күн соққысының белгілері бірдей болуы мүмкін:
терінің қызаруы, әсіресе беттің
ентігу, тез тыныс алу
әлсіздік
суық тер
дене температурасының жоғарылауы
бас ауруы, бас айналуы
бұлшықет құрысуы және ауырсыну
ауыр жағдайларда, галлюцинация және құрысулар
жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс
ұйқының бұзылуы немесе керісінше, қатты ұйқышылдық.

Күн және ыстық өткен кездегі алғашқы көмек:
Баланы салқын көлеңкелі, жақсы желдетілген бөлмеге апарамыз, қысып тұрған киімдерін ағытамыз, аяқ киімін шешеміз. Бөлмеде кондиционер болса қосамыз, болмаса қолда бар нәрсемен желпиміз.

Бала денесін дымқыл салқындатылған марлымен сүртіп шығамыз. Мұзбен емес! Салқындау суға түсірсек те болады.
Бала дене тепрературасын кем дегенде 38°С-қа дейін салқындату керек, әрі қарай ағза өзі күреседі.

Бала ағзасындағы жоғалған су мөлшерін қалыпқа келтіру үшін бөлме температурасындағы суды ішкіземіз.

Егер бала ес-түссіз болса, нашатыр спиртіне мақтаны малып алып мұрынға әкеліп, жедел жәрдем шақырыңыз.

Алдын алу шаралары:
Алдын алу:
жеңіл мақта матадан тігілген шляпалар
немесе шапкалар кигізу
ауа-райына сәйкес киімдерді таңдау
(ыстықта жеңіл табиғи маталардан
тігілген киімдер жақсы)
Таңғы 11:00-ден 16:00-ге дейін күн сәулесінен мейлінше сақтану
сұйықтықты жеткілікті мөлшерде
қолдану, ішкізу.

Ақпарат dr.batyrhanqyzy - инста парақшасынан алынған

Сізде немесе балаңызда осы жағдайлар кездесті ме?