Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала Қ
Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала
Арна мекенжайы: @damditagam
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.83K
Арнадан сипаттама

Жарнама бойынша @wtsp_bot
Канал администраторы жарнама мазмұнына жауапкершілік алмайды
Достарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/AAAAAFi8StqvrQH6maxtCQ

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-08-24 17:09:15 НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ШАШЫ НЕГЕ ТҮСЕДІ?

Нәресте туылғаннан кейін алғашқы айларында бастың шүйде аймағында шаштың түсуі байқалады. Оны көбісі рахит ауруымен шатастырып жатады немесе көп жата бергеннен деп ойлайды.

Ал, шын мәнінде қалай екен?
Өмір бойы адамның шашы циклді түрде түсіп, орнына жаңа шаш шығып ауысып отырады. Шаш өсуінің 3 фазасы бар:

Анаген фазасы - шаштың белсенді өсу фазасы. Ол 2- 6 жылға созылады.

Катоген фазасы - ауыспалы фаза. Ол 2- 3 аптаға созылады.

Телоген фазасы - тыныштық фазасы. Ол 3 айға созылады. Бұл фазада шаш өсуі толығымен тоқтайды. Одан кейін қайтадан анаген фазасы басталады. Цикл осылайша жалғаса береді.

Нәрестелердің шашы анаген фазасында туылған соң бірнеше күн болып, әрі қарай циклмен катаген фазасы, одан соң телоген фазасына өтіп, алғашқы 4 айында шаш түсе бастайды. Әсіресе шаш түсу алғашқы 2- 4 ай аралығында шүйде аймағында байқалады.

Егер шаш шығып түсетін болса қалыпты. Ал шүйде аймағында шаш жәй өссе немесе 5- 6 айдан кейін де шаш шығуы жәй болса немесе шаш өспесе, онда ол рахиттің белгісі болуы мүмкін. Екеуін шатастырып алмау керек
512 views14:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 12:54:23
Салем құрметті аналар!

Сіз декретке 2 000 000 ақшамен шығуға болатынын білесіз бе?

Егер білмесеңіз сізге керемет ұсынысым бар.

Менің "Миллионер Ана" марафоныма қатысып барлық ақпаратты толығымен білуіңізге болады.

Қалай декретке 2 000 000 мен шығуға болады?

Жұмыс істемесеңде қалай декретке шығуға?

Декреттік төлемдерді есептеу формулалары

Больничный листь қалай толтырамыз?

Бала жасына толғанша 104000 тг қалай алуға болады?

Осы сұрақтардың барлығына жауап таба аласыз.

Сіздерге қосымша сыйлығым бар.

Алғашқы жазған адамдарға қосымша бала жынысын анықтап беремін.

Марафон бағасы қол жетімді бағада бірақ сабақ өте құнды.

Әрекет жасап өмірге "Миллионер Балақайды " алып кел.

Марафон құны алғашқы 10 адамға 790 тг .Сондықтан орын алып үлгеріңіздер.
https://wa.me/77477563136?text=Салеметсізбе!%20Марафон%20жайлы%20ақпарат%20білгім%20келеді
759 views09:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 17:08:20 Жөтелді қалай емдейміз?

Жөтел көбінесе ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) кезінде болады. Неге десеңіз? ЖРВИ кезінде баланың мұрнынан жиі шырыш бөлінеді. Шырыш жұтқыншақтың артқы қабырғасына ( жөтел шақырушы рецептор орналасу аймағы)  ағады, қорғаныстық рефлекс арқылы жөтел пайда болады.

Бұл кезде ешқандай муколитик( амбро, гербион, ацц, т.б.) антибиотик  керек емес.
Балаға салмағына сай су беру керек. Масылы: Бала салмағы-10кг.
10кг×50=500мл су мөлшерін қабылдау керек.
Мұрынындағы шырышты теңіз суымен шайып сорғышпен сорып алу қажет.

Балаға дренажды массаж жасау қажет карусельды жылжыту арқылы көре аласыз.
Дренажды массажды бронхит, пневмония кезінде жасау қажет.
ЖРВИ кезінде қажеттілігі жоқ. Өйткені ол кезде өкпеде қақырық болмайды.

Арнайы өкпе қызметін арттыру үшін жаттығулар жасатуға болады.
Сабын судан шығатын шариктер үрлеу.
Трубочкамен суды бүлкілдету.
Тыныстық гимнастика жасату: екі қолын жоғары көтеріп ауа жұтып, түсіргенде ауаны шығару. 5-7 рет қайталату.

Жөтелді тоқтатушы дәрілер ( синекод) сияқты мүлде балаға беруге болмайды

Баланың тамақтану режимін бақылаңыз, су жиі-жиі беріңіз. Бөлмені желдетіп жиі еденін жуып отырыңыз. Ауаны ылғалдандырып отырыңыз. Ауа құрғақ болған сайын бала жөтеледі.

Температура көтерілген жағдайда ибуфен, парацетамол детский беруге болады. Дәрілердің аралығы 6 сағ болуы қажет. Температура түспеген жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз немесе дәрігерге хабарласыңыз.

Есіңізде болсын 1жасқа дейінгі балаға муколитик беруге болмайды.
Тек дәрігер тағайындауымен және бақылауымен.

Муколитиктер шықпай қоюланған қақырықты жібітіп шығару үшін. Қақырық шықпай жатқанда дәрігер тағайындауымен қабылдаңыздар.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Жазба сіз үшін пайдалы болды ма?
356 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 04:24:48
Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздерге керемет ұсыныс білдірсем деймін

Үйде бала-шағаңыздың, отбасыңыздың жанында отырып-ақ ешқандай шығынсыз оффициялный жұмыс жасап табыс тапқыңыз келеді ме?

Орифлэйм емес
Феберлик емес
Балл жинап, отрыв ұстамайсыз
ИП ашу керек емес
Лидерный бонус, премия ай сайын




Шынын айтсам өте ыңғайлы, ақша керек деген әрбір адам қиналмай жасайтындай жұмыс. Маған тек сылтау іздемейтін , арман- мақсаты нық, жұмыс жасап табысқа жеткісі келетін адамдар болса, мен барынша көмектесемін


Мына ссылканы бассаңыз ватсап чатка тіке шығасыз. Толық ақпарат аламын десеңіз, жұмыс жасап , табысқа жетемін десеңіз, сізді жекемде күтемін

Подробнее:




https://wa.me/77788929867?text=Салеметсізбе!%20Бизнес%20жайлы%20ақпарат%20білгім%20келеді
582 views01:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 17:43:12
Бал адам ағзасы үшін өте пайдалы өнім.

Балдың құрамында аминқышқылдары, витаминдер, минералдар бар.

Ағзаға керектінің бәрі бар деуге болады.

Балдың құрамында - фруктоза, сахароза, фруктоза бар. Қантты балмен алмастыруға болмайды. Қанттың орнына бал қабылдау дұрыс емес.

Егер, гастрит болса, ашқарынға жылы суға 1шай қасық бал қосып ішсеңіз, жеңілдік алып келеді.

Егер, асқазан сөлі бөлінуінің төмендеуі болса, асқорыту мәселесі болса, жылы суға 1 қасық бал және лимон бөлшегін салып ішу пайдалы.

Созылмалы бронхит, алоэ 3 жылдық өсімдігін балмен араластырып ішу пайдалы, жақсы әсер көрсетеді.

Балға кептірілген жемістерді ( сухофрукты) жаңғақ, мейіз, өрікті араластырып күнде қабылдау витаминдер қабылдаумен тең.

Қан диабеті бар адамға балды, бал қосылған өнімдерді қабылдау кезінде өте сақ болуы қажет, қабылдамағаны дұрысырақ.

" Апилак " немеск ара сүті өнімі бар аптекада сатылады.
Ағза үшін өте пайдалы. Ауырғаннан кейін немесе ауырып жүргенде қабылдасаңыз тез жазылуыңызға көмектеседі. Ағзаға күш береді.
Босанудан кейін ішу керек.
Аурудан сауығу кезінде.
Аппетит болмаған кезде.

Балға аллергия болған кезде қолдануға болмайды
350 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 10:18:25
Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздерге керемет ұсыныс білдірсем деймін

Үйде бала-шағаңыздың, отбасыңыздың жанында отырып-ақ ешқандай шығынсыз оффициялный жұмыс жасап табыс тапқыңыз келеді ме?

Орифлэйм емес
Феберлик емес
Балл жинап, отрыв ұстамайсыз
ИП ашу керек емес
Лидерный бонус, премия ай сайын




Шынын айтсам өте ыңғайлы, ақша керек деген әрбір адам қиналмай жасайтындай жұмыс. Маған тек сылтау іздемейтін , арман- мақсаты нық, жұмыс жасап табысқа жеткісі келетін адамдар болса, мен барынша көмектесемін


Мына ссылканы бассаңыз ватсап чатка тіке шығасыз. Толық ақпарат аламын десеңіз, жұмыс жасап , табысқа жетемін десеңіз, сізді жекемде күтемін

Подробнее:




https://wa.me/77786788069?text=Салеметсізбе!%20Бизнес%20жайлы%20ақпарат%20білгім%20келеді
312 views07:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-15 17:56:20 Пневмония - жедел инфекциялық өкпе паринхимасының қабынуы.

Пневмония себебі әр түрлі:
Бактериялы ( пневмококк, стрептококк, стафилококк)
Вирусты (COVID-19...) қазір жиі кездесіп жатыр.
Саңырауқұлақты ( кандида, актиномикоз...)

Пневмония белгілері:
Қызу 38 °С жоғары
Тынысалу жиілігі минутына 20реттен жоғары.
Жүрек соғу жиілігі 100реттен жоғары.

COVID-19 пневмониясы белгілері:
Қатты бұлшықеттік ауырсыну.
Иіс сезуді жоғалту ( аносмия).
Ентігу, плевритті ауырсынусыз.
Ауырған адаммен контактта болу.
COVID-19 типтік симптомдары 1 апта бойы мазалауы.

Бактериялы пневмония:
Бірнеше күндік сииптомдардан кейін жедел ауырады.
COVID-19 қа сәйкес симптомдар жоқ.
Іріңді қақырық бөлінеді.
Плеврит болуы мүмкін.

Профилактика:
Жылы су ішу.
Имбирь, лимон, мед қосылған шай, су ішу.
D- витаминіне анализ тапсыру. Төмендесе D витаминін қабылдау.
Дұрыс, витаминдерге бай тағамдар қабылдау.
Тыныстық гимнастика жасау. Өкпе қанайналымын жақсартады.

Пневмония COVID-19 емі:
Тек дәрігер тағайындауымен
Вирусқа қарсы дәрілер қабылдау.
Ацикловир емес
Қызу болса, жылы су ішу 2-2,5 литр.
Парацетамол қызуды төмендету үшін.
Кардиомагнил 100мг түнде 1 таблеткадан тәулігіне 1рет.
Гормондарды тек жағдай ауырлағанда қабылдау.
Витамин С қабылдау.
Д3 7000 ЕД
Цинк 60мг

Профилактика үшін антибиотик қабылдамаңыздар

Ауырмаңыздар
Ауырып жатқан жандарға Алла шипасын берсін
604 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 16:00:33 Жатырлық қан кету

Жатырлық қан кету - эндокринді жүйелердің регуляциясының бұзылысы.

Жатырлық қан кетуге жатады:
Етеккір циклінің 10 күннен асатын көп мөлшерлі қан кетуі.
Етеккір циклі бұзылысы 21 күн сайын қайталанып келуі.
Қан кету мөлшері 80 мл жоғары болуы

Себептері:
Жатыр аурулары(миома, полип, эндометриоз)
Жүктілік, жүктілікті тоқтату шаралары
Ісік
Күйзеліс ( стресс )
Эндокринді жүйе аурулары
Жыныс мүшелерінің қабынулық аурулары
Инфекциялық аурулар
Қан жасау жүйесінің аурулары
Қалқанша безі қызметі бұзылуы
Эктопиялық жүктілік (жатырдан тыс жүктілік)
Пузырный занос (ұрық қабығының хорионның цистаға айналуымен сипатталатын ұрық жұмыртқасының бұзылысы)
Бауыр аурулары

Жатырлық қан кету- анемияға алып келеді!

Егерде жатырлық қан кетуге жататын 3 белгі болса, жоғарыда айтылып кеткен, міндетті түрде гинеколог дәрігерге қаралып, себебін анықтау Себебіне қарай еміде әр түрлі болады! Үй жағдайында емделмеңіз!

Анализдер тапсыру керек:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Биохимиялық қан анализі + сарысулық темір, ферритин
Коагулограмма - қан ұю жүйесін бағалау
Тағы қосымша инфекцияларға анализдер

Зерттеу:
УЗИ - кіші жамбас қуысын
ЭКГ- жүрек қызметін тексеру
УЗИ- қалқанша безін түсіру

Консультация:
Терапевт
Гинеколог
Эндокринолог

Жатырлық қан кету кезінде халық емін қолданудан бас тартып, дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс болады!

Жатырлық қан кетудің алдын- алу шаралары:

Спорт - денсаулық кепілі! Спортпен айналысу.
Вакуум жаттығуын үйреніп, күнделікті жасап жүру: кіші жамбас қуысындағы мүшелердің қанайналымын қалпына келтіреді.
Артық салмақты тастау.
Интимді гигиенаға көңіл бөлу: сусабындарды, төсемелерді қолдану критерийлерін ұстану.
Жүктіліктен қорғану дәрілерін сақтықпен қолдану.
К және Д витаминдерін тағамдар мөлшерінен қабылдау.

Вакуум жаттығуы жайлы білесіздер ме? Вакуум жаттығуын жасайтын болсаңыздар комментарий қалдырыңыздар

Коммент қалдыру
5.0K views13:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 17:50:35 Йод жетіспеушілігі?

Йод ағзаға керекті ең маңызды микроэлемент, қалқанша безіндегі тиреоидты гормондардың синтезіне қатысады! Йод жетіспеушілігі біздің елде ең өзекті ахуал, өйткені суда, топырақта Йод микроэлементі өте аз кездеседі.

Йод жетіспеушілігі болған жағдайда ағзада дамитын өзгерістер:
Қалқанша безі жұмысының бұзылысы;
Зат алмасу бұзылысы;
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
Менструальды цикл бұзылысы;
Салмақ қосу немесе арықтау;
Ұзақ ешбір себепсіз депрессия;

Ағзаға керекті экзогенді йод мөлшері:
Балалар:
0-6 ай - 110 мкг
6-12 ай - 130 мкг
1-3 жас - 90 мкг
4-8 жас - 120 мкг
9-13 жас - 150 мкг
Жасөспірімдер мен үлкендер - 150мкг
Жүктілер - 220 мкг
Емізетін әйелдер - 290 мкг

Йод жетіспеушілігін мына анализдерді тапсырып біле аласыз
ТТГ-тиреотропты гормон;
свободный-Т4, свободный-Т3;
анти-ТПО, анти-ТГ;
зәрдегі йод мөлшерінің концентрациясын анықтау;
Қалқанша безін ультрадыбысты зерттеу;
Еміне келетін болсақ эндокринолог дәрігердің консультациясын аламыз.
Бірақ, алдын алу шараларын жасауға болады

Профилактика
Йод құрамды тағамдар тұтыну:
Йодталған Арал тұзын күнделікті қолдану
теңіз балығы(лосось, треска бауыры, скумбрия), теңіз орамжапырағы, ламинария
теңіз өнімдері: креветки, краб, лобстер, мидия, молюска.
Сүт өнімдері: сүт, айран, қаймақ.
Басқа өнімдер: спаржа, пияз, сарымсақ, шпинат, қызылша, құрма
Су құрамында: "Асем-Ай"- еліміздегі құрамында Йод микроэлементі бар жалғыз сусын
"Асем-Ай" суын тұтыныңыздар
Йод құрамды дәрілік заттар:
Йодомарин 200мкг
Йодбаланс 200мкг
Йодактив 100мкг

Есіңізде болсын! Өзіңізге диагноз қойып, йод препараттарын себепсіз ішуден сақ болайық, өйткені йод микроэлементі сізде жеткілікті болуы мүмкін, міндетті түрде дәрігер тағайындауымен ішеміз, пайдалы деп балағада бере бермейміз!

Пікір қалдырыңыз
307 views14:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 19:15:45 БАЛАНЫ ІШПЕН ЖАТҚЫЗУ

Баланы ішпен жатқызуды 2 апталығынан бастауға болады. (Кіндігі түсіп толығымен құрғап біткен соң).

Алғашында өзіңіз шалқаңыздан жатып, баланы үстіңізге ішімен жатқызып үйретіп алыңыз. Бірнеше күн.

Бала ішпен жатуға әбден үйренген соң қатты жерге жатқыза беруге болады.

Алғашында бір минуттан жатқызып уақыт өте бірнеше минутқа уақытын көбейту керек.

ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Басын көтеруге және ұстап тұруға талпыныс жасайды.

Қисық мойын болуының алдын алады.

Арқа бұлшықеттері нығаяды

Омыртқа сүйектерінің дұрыс дамуына ықпал етеді.

Денені түзу ұстау сол кезден дами бастайды.

Іш шаншуы кезінде ішпен жатқызу жеңілдік әкеледі.

Іш желденуі мен іштің қатуының алдын алады.

Алақанымен жер тіреуді затты ұстауды үйренеді.

Ұсақ маториканың дамуына дайындық.

Ең бастысы ішпен жатқызған да міндетті түрде бала өз қадағалауыңызда болуы керек (абайсызда оқыс жағдайлар орын алмас үшін).

Балаңызды ішпен жатқызуды қашаннан бастадыңыз?

Коммент қалдыру
44 views16:15
Ашу / Түсініктеме