Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала Қ
Telegram арнасының логотипі damditagam — Қыздарға кеңес | Ана мен бала
Арна мекенжайы: @damditagam
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.83K
Арнадан сипаттама

Жарнама бойынша @wtsp_bot
Канал администраторы жарнама мазмұнына жауапкершілік алмайды
Достарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/AAAAAFi8StqvrQH6maxtCQ

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-07-07 18:29:07 Мұрыннан қан ағу себебін білесіз бе

Адам кейде энергиясын көп жұмсап,
физикалық тұрғыдан болсын
психологиялық жағынан болсын
өзіне күш түсірсе мұрнынан қан ағады бұны зорығып қалу деп айтады.

Инфекция аурулармен ауырған кезде

Анемияда

Лейкопенияда (ақ қан ауруы)

мұрыннан жарақат алу.

қан қысымы жоғарылауы (давление)

бас ішілік қысымы жоғарылауы

мұрын аурулары гайморит,аденомалар) т.б.

Кейбір адамдарда мұрын ішілік майда тамырлары әлсіз болуынан

Қалыпты қан ағу деп- бір мезгілде мұрыннан 200 мл-ге дейін қызыл сұйықтық бөлінуін айтады.

Қанды Қалай тоқтатуға болады

Қан ағып тұрған мұрынды саусақпен басу,


науқасты дұрыс қалыпта отырғызған дұрыс.

Мұндай кезде адамды жатқызуға болмайды.

Себебі мұрыннан аққан қан науқастың мұрын-жұтқыншағына кетіп, асқазанды тітіркендіреді.

қан кеткен кезде 15-20 минут мұрынды дымқыл мақтамен немесе дәкемен көлегейлеуге болады.
420 views15:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 16:27:54 АЯҚ НЕГЕ АУЫРАДЫ

Аяғыңыз шаршап-шалдығудан ауыруы мүмкін. Бұл ештеңе емес.  Қалпына келеді. Ал ауыру тоқтамай  мазалай  берсе

Эндартериит

Белгісі.

Жаяу жүргенде тізе ауырғаны  байқалады.
Алғашқы 50-100 метрді қиналмай-ақ жүріп өтесіз, ал онан әрі жүрсеңіз  ауыру сезімі күшейіп, аяғыңыз ұйып қалады.
Аздап демалсаңыз ауырсыну басылғандай болады. 

Не істеу керек
Тез арада темекі шегуді  тоқтатып, дәрігерге барыңыз. (Өйткені темекі никотині – қан тамырлары  ишемиясының басты факторы болып табылады)


Көктамырдың варикоздық кеңеюі

Белгісі.
Ұзаққа созылған аяқ ауруы жұмыс күнінің соңына қарай күшейе түседі.
Аяқ сырқырап, жатқың келе береді.

Не істеу керек?

Бұл аурудың алғашқы белгілері
білінісімен қан тамырлары  оташысына  барып, қан тамырларды УЗИ-ден өткізіп, сканерлеу керек.

Тромбофлебит

Белгісі.
Балтырдың бұлшық еттері  үнемі ауырып тұрады.
Ол бірте-бірте  қызады.
Қызарып, ісінеді, қан тамырлары  қатайып, түйіле бастайды.

Артроз, артрит

Белгілері.

Жүргенде,бір орында ұзақ  тұрғанда  аяқтың  қан тамырлары  деформация беріп,  қатты ауырады.
Ауа райы ауысқанда да ауру күшейеді.
Аяқтың қан тамырлары аймағының қатты сыздап  ауыруы,
ісінуі,
қызаруы,
қызуы көтерілуі,
қимыл-әрекеттің қиындауы сезіледі.

Қантты диабет

Белгілері.

Аяқта қалтырап-дірілдеу (әсіресе  түнде),
ісіну, әлсіздік пен ауру сезімі пайда болады. Балтыр терісі  құрғайды,
қыши бастайды.
Аяқ терісі құмырсқа жүріп өткендей  әсерде болады,
шаншиды.

Не істеу керек
Қант мөлшерін  анықтау үшін  қан тапсыру керек.

Остеопороз

Белгілері.

Балтырдың  қатты ауыруы және аяқтың  қалтырауы  ағзада  кальций жетіспеушілігінің белгісі.
40 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі.

Кальций препараты мен  арнаулы бисфосфонат препаратын  қолдану керек.
493 views13:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 19:14:33 D витамині неге керек?

Бұл витамин ұйқы безі мен қалқанша безінің жұмысына, сондай-ақ баланың сүйек және жүйке жүйесінің дамуына өте қажет. Нәресте қыста, көктемде, күзде туылған болса екі аптасынан немесе жазда 1 айынан бастап.⠀
⠀⠀
Неліктен профилактикаға ішуіміз керек?⠀

Д витамині ана сүтінде жоқ. Анасы бұл витаминді өзі ішсе де, соңғы зерттеулер витаминнің сүтке сіңбейтінін дәлелденген. ⠀

Сондықтан ана сүтімен тамақтанатын балаларға Д витамині жеткіліксіз болуы әбден мүмкін ⠀

Көптеген жасанды⠀
қоспаларда(смесь) D дәрумені бар⠀
⠀⠀
Организмге не үшін қажет? ⠀

Д витамині екі формада болады, ⠀
D2 және D3 дәрумені. Біз D2 дәрумені өсімдік өнімдерінен аламыз, ол эргокальциферол ретінде белгілі. ⠀
Ал D3 дәрумені - колецальциферол, бұл Д дәруменін мысалы Аквадетрим препаратынан аламыз.⠀
Азық-түлікпен де бұл витамин ағзамызға түседі, ол жануарлардан алынатын өнімдерден - майлы балық, треска, бауыр, жұмыртқаның сарысы. Сонымен қатар, Д дәруменін ультракүлгін сәуледен де керекті мөлшерін ала аламыз.⠀
⠀⠀
Витамин Д метаболикалық процестерге, атап айтқанда сүйек тінінің минералдануына қатысады. Бұл биотикалық процестер, яғни Д дәрумені асқазан-ішек жолына сіңеді.⠀

Келесі постта Д витаминінің жетіспеушілігі туралы айтайын ба?
253 views16:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:42:21 Нәрестелерге ықылық неліктен тиеді?⠀

Шын мәнінде -ықылық нәрестенің денсаулығына , көңіл- күйіне, өмір сапасына әсер етпейді⠀

Аналарды осы жағдай көп алаңдатады ⠀

Қорықпаңыздар!!! ⠀

Ықылық- нәрестелер үшін қалыпты жағдай болып табылады.⠀
Асқазан-ішек жолдары және жүйке жүйесінің жетілмеуінен (незрелостью)⠀
пайда болады.⠀

Сүт немесе ауа асқазан- ішек жолдарына түскенде диафрагмалық( көкеттің) бұлшық етінің жиырылуына әкеледі.Болғаны осы!Және ол мүлдем қауіпті емес!⠀

Ықылықтың себептері қандай?⠀
1. Ему актісі кезінде ауаны жұту⠀
2. Қомағайлық( переедание)⠀
3. Жел қарысу( газообразование)⠀
4. Шөл⠀
5. Аса қозғыштық⠀

Көбіне ықылық салқыннан пайда болады, бала тоңып қалды деген оймен, аналар баланы орап, киіндіріп
бастайды.⠀
Шын мәнінде ықылық пен салқынның ешқандай байланысы жок
Бұл жай ғана аңыз(миф)⠀

Не жасауымыз қажет?⠀

Нәрестені дұрыс емізіп (правильное прикладывание), ауаның жұтпауын қадағалау⠀

Баланы емізгеннен кейін көтеріп, вертикальды ұстау.⠀

Көбірек ішіне жатқызу⠀

Баланы қалай тыныштандырамыз?⠀

Ықылық пайда болғанда, баланы қайтадан емізген дұрыс⠀
(Сору рефлексі қосылғасын ықылық тоқтайды)⠀

Вертикальды бағытта ұстап баланың ішін анасының ішіне басу кажет⠀
(Ықылық ұзаққа созылмай бірден тоқтайды)⠀

Баланың ықылығы сіздерді де қорқытады ма?⠀
3.3K views15:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 17:22:22 ЖӨРГЕКТІК ДЕРМАТИТ


Жөргектік дерматит-бұл жергілікті терінің қызаруы мен қабынуы.

Балалардың терісі жұқа, нәзік қорғаныш функциясы жетілмегендіктен терісі тез тітіркенетін болып келеді.

ЖӨРГЕКТІК БӨРТПЕЛЕР:

Диарея(іш өту).
Ұзақ уақыт жөргегін ауыстырмау.
Сулы салфетканы қолдану.
Жөргектің жаңа түріне ауыстыру.

Терінің зақымданулары беткі қабаты жұмсарып РН ортасының бұзылуы болады, яғни қорғаныш реакциясы төмендеп, көп кіші және үлкен дәрет сындырғанда теріде қабыну процестері мықты жүреді.

Қызарған уақытта ем жүргізбесек саңырауқұлақтар мен бактериялар енуі әбден мүмкін.

Қандай ем қолдансақ болады:

Жөргекті жиі ауыстырамыз.
Жылы сумен жуу керек.
Барынша құрғату керек.
Жүргектің түріне байланысты болса, басқасымен алмастырамыз.
Құрамында вазелин бар крем, цинк маздарды қолданамыз. Олар: судокрем, циндол, цинковая мазь.
Қабынуын басу үшін бепантен, гидротен, депантенол қолданамыз.

Егер балада қатты қызарулар жайылып жатса, көпіршік, ірің қосылса онда дәрігерге көрсету қажет.

ЕСКЕРТУ: дерматит кезінде қатты бөрту болса- прыспка,пищевая сода,камфортный масло қолданбаймыз ондан да қатты өршітіп,асқындырып аласыз.
3.1K views14:22
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 17:58:31 БАЛА КІНДІГІН ҚАЛАЙ КЕСЕДІ?

Ең алдымен шыр етіп дүние есігін ашқан соң, пульсациядан соң стерильді қайшымен түбінен 2-3см. жоғары кеседі, қалған ұшын қыстырғышпен қыстырып қояды.

Кіндік жарасының жазылуы 4-12күн аралығында өздігінен түсіп қалады.

БАЛА КІНДІГІН ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫ:

Бала жатын бөлмесі, төсек орны, киімдері және баланы ұстар алдын да анасының қолы ТАЗА БОЛУ керек.
Кіндігін ашық ауада қалдыру.
Яғни, жаялық, жөргек немесе пластырмен жабуға болмайды.
Бөлме ылғалдылығы 60-70%, температурасы 22°С. болу керек.
Шомылдырған соң міндетті түрде құрғату керек.
Кіндікті тазалау үшін таза жылы су немесе физиологиялық ертінді қажет.
Тазалау кезінде ватный дискті жылы суға малып кіндікті жаймен сүртесіз. Сүртіп болған соң ауада кептіріп алыңыз.

Ескертетін жайт.Кіндігі түспесе де шомылдыруға болады.

Егер балаңыздың кіндігі қызарып, іріңдеп жағымсыз иіс шығатын болса, онда сутегі асқын тотығын(перекись водорода) немесе левомеколь мазь қолдануға болады. Тек дәрігер тағайындауымен.
3.5K views14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 08:51:08
Шаштағы бит және сіркеден, басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе заказ берініз

WhatsApp: wa.me/77022760612
620 views05:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 16:32:48
Сүйіңіз бірақ ТӨТЕНІНЕН емес

⚕️ Медицинада баланы жиі құшақтап сүю иммунитеті нығайтады

Хадистерде былай дейді:

"Перзенттеріңді көп сүйіңіздер, әр сүйгенде Жәннаттағы жәрежелерің көтеріледі." (Бухари)
"Сәбидің ісі- Жәннат исі."(Табарани)
"Нәресте- дүниеде нұр, ахиретте- бақыт. "(Ишра)
" Балаларды жақсы көріп, басын сипаңдар, олар көңілдің жемісі, көздің нұры. "(Әбу Яла)
" Перзенттеріміз-сүйіктілеріміз. "(Б. Арифин)
" Перзентті жақсы көру-тозақ отына қарсы перде болады.Балаға жақсылық жасау,- сырат көпірінен өтуге себеп. Олармен бірге ішіп-жеу, тозақтан құттылу деген сөз. "(Шира)
" Жәннаттағы" Қуаныш сарайына тек балаларды қуантқандар ғана кіреді.(И. Адий)
"Перзенттерге сый-сияпат көрсетіңдер, ата-аналарыңның сендерде ақылар бар болғандай, перзенттеріңнің де сендерде ақылары бар. "(Тарбани)
"Перзентіне жақсылық жасау үшін, перзентіне жәрдемші болған ӘКЕге Аллаһ рақмет етсін".(Тарбани)
" Баласы жоқ үйдің берекесі болмайды. "(Әбушиәйһ)
3.8K views13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 07:34:41
Шаштағы бит және сіркеден, басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе заказ берініз
wa.me/77767780603
1.2K views04:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 16:49:24 Дене қызуының көтерілуі - ағзамыздың қорғаныс-бейімделу қызметінің серпілісі! Бала ағзасы ересектердің ағзасынан қатты ерекшеленеді:
Уыттану айқын көрінеді және тез жайылып,тез басылады
Әлсіздік басым
Ағза қарқынды өсу үстінде болады
Макро-микроэлементтер төмендеу немесе жоғалу қаупі жоғары.
Сусыздану тез байқалады.

Дәрі тағайындауда фондық құбылыстарға да мән беруіміз қажет ( анемия,рахит, іш қату)

Жіктелуі:
Субфебрильді 37.0°С-37.9° С аралығы
Орташа 39°С дейін
Жоғары 39°С-тан

Не істейміз?
Динамикада дене қызуын өлшеу
Физикалық шаралар( жылы суды көп беру, ауаны тазарту, жеңіл киіндіру)
Дене қызуын түсіретін дәрі қолдану

Дене қызуын түсіреміз:
3 айға дейінгі балада 38°С-тан жоғары болса
3 айдан асқан балада 38.5° бастап(егер балада қатты әлсіздік,бұлшықеттік ауырсыну болмаса)
Анамнезінде фебрильді тырысу , Орталық жүйке жүйесінде, жүректе өзгерістер болса -38°С-та дәріні береміз.
Дәріні тек дәрігер тағайындайды! Балаға сұйықтық немесе ректальді суппозиторий(свечи) ретінде қолданамыз.

Болмайды
Дене қызуын түсіретін дәріні бір реттік және бір күндік мөлшерін асыруға
Профилактика ретінде беруге
Ұзақ уақыт ішуге
4.4K views13:49
Ашу / Түсініктеме