Get Mystery Box with random crypto!

Емізетін аналар артық салмақтан арылуды қашан бастағаны дұрыс? | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Емізетін аналар артық салмақтан арылуды қашан бастағаны дұрыс?

Мен үшінші баламнан кейін жаттығу мен дұрыс тамақтануды 2 айдан кейін бастадым.

Жүкті кезімде артық 12 кг жиналды, сол салмақтан 4 ай ішінде арылып, 53 кг салмағыма жеттім .
Әлі де жаттығу жасап іш бұлшықетін нығайтудамын.

Баламды 1жас 8 айына дейін еміздім, сүтке арықтауымның еш зияны тимеді.
Емізетін аналарға айтар кеңесім:
Ең бастысы сапалы, пайдалы ас ішіңіздер емізулі аналар.
күніне 3 негізгі және 3 қосымша ас ішуіңізге болады.
Жаттығуды аптасына кем дегенде 3 рет жасаңыздар.
жаттығу жасауға мүмкіндік болмаса “шагомер” программасын жүктеп алып сәбиіңізбен күнде таза ауада серуендеп 5000 қадамнан асырып жүріңіз.
өзіңіз босансаңыз жаттығуды 3 ай өткеннен кейін бастауыңызға болады, КТ(КС )болса 6-7 айдан кейін гинекологтың рұқсатымен жасағаныңыз дұрыс, вакуум жаттығуын да дәл осы уақытта жасауға кеңес беремін.
су нормасын қадағалаңыз.

жүктіліктен кейін ішті қатты байлауға қарсымын.
сіз ішіңізді байладыңыз ба?
емізетін аналар сұрақтарыңыз болса төменге жазыңыздар.