Get Mystery Box with random crypto!

Өзбекстан билігі Нүкісте 18 адам қаза тапқанын хабарлады Өзбе | Бірге тексерейік!

Өзбекстан билігі Нүкісте 18 адам қаза тапқанын хабарлады

Өзбекстан Бас прокуратурасы 1-2 шілдеде Нүкісте болған митиң кезінде 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Gazeta.uz сайтына сілтеп, Vlast.kz сайты хабарлады.

Өзбекстанның ресми дерегінше, жараланған 243 адамның 38-i құқық қорғау органының қызметкері. Бұған қоса, 149 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 94 адам ауруханада жатыр, оның ішінде ауыр жараланғандар бар.

Сонымен қатар, шілденің 3-інен 4-іне қараған түні коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін 110 адам ұсталған. Жалпы 1-2 шілдеде 516 адам ұсталған, олардың кейбірі әкімшілік жазаға тартылды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.