Get Mystery Box with random crypto!

Украина Ресей азаматтарына виза режимін енгізді Украина б | Бірге тексерейік!

Украина Ресей азаматтарына виза режимін енгізді

Украина билігі 1 шілдеден бастап Ресей азаматтарына виза режимін енгізді. Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ресейліктер виза алу үшін Ресейдегі VFS Global виза орталығының біріне жүгіне алады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Алайда, виза Ресей азаматының Украинаға өтеуіне кепілдік бермейді. Соңғы шешімді бақылау-өткізу пунктіндегі шекарашылар қабылдайды.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін осындай шешім қабылданғанын айтқан.