Get Mystery Box with random crypto!

Мирзияев Қарақалпақстан мәртебесін өзгертуден бас тартты Өзбе | Бірге тексерейік!

Мирзияев Қарақалпақстан мәртебесін өзгертуден бас тартты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау қажеттігін мәлімдеді. Бір күн бұрын Қарақалпақстан астанасы Нүкіс пен республиканың өзге қалаларында жаппай наразылыққа ұласты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2 шілдеде Нүкіс қаласына келген Мирзияев республиканың жоғарғы орган өкілдерімен, ақсақалдар алқасы мүшелерімен кездескен.

«Конституцияға енетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылау процесі жалғасып жатқандықтан және Қарақалпақстан тұрғындарының пікірін ескере отырып, президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75 баптарын өзгеріссіз қалдыру қажеттігін атап өтті» деп жазылған президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.