Get Mystery Box with random crypto!

Ресейде «әскер туралы фейк тарату» бабы бойынша 70 қылмыстық і | Бірге тексерейік!

Ресейде «әскер туралы фейк тарату» бабы бойынша 70 қылмыстық іс қозғалған

Құқық қорғаушылардың дерегінше, соғыс басталғалы «Ресейдің Қарулы күштеру туралы фейк тарату» бабы бойынша 70 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Настоящее время» сайты хабарлады.

4 наурызда Ресей президенті Владимир Путин «РФ Қарулы Күштері туралы көрінеу жалған ақпарат жариялау» туралы заңға қол қойды. Заңды бұзғаны үшін азаматтар 5 миллион рубльге дейін айыппұл төлейді немесе 10 жылға дейін сотталады. Егер жалған ақпараттың таралуы ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, онда бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан 15 жылға созылады.

Алғашқы қылмыстық істер 2022 жылдың 16 наурызында — Томск қаласының екі тұрғыны мен блогер Ника Белоцерковскаяға қарсы қозғалған.

ВВС сайтының жазуынша, 18 наурызда алғаш болып тұтқындалған — ІІМ Мәскеу департаментінің резервтік бақылау пунктінің технигі Сергей Клоков.

Бұдан бөлек, Яндекстің бұрынғы топ-менеджері Илья Красильщик, журналист Мария Пономаренко осы бап бойынша айыпталған.

Сонымен қатар, «Қарулы күштер туралы фейк тарату» бойынша төрт үкім шығарылған. Соның ішінде Мәскеуден келген белсенді және муниципалды депутат Алексей Горинов жеті жылға сотталған.