Get Mystery Box with random crypto!

Twitter жұмысында ақау пайда болды 14 шілдеде әлем бойынша T | Бірге тексерейік!

Twitter жұмысында ақау пайда болды

14 шілдеде әлем бойынша Twitter желісінің жұмысында ақау болды. DownDetector мәліметінше, желі қолданушылар бейсенбінің кешінен бастап сайтқа кіре алмады.

Twitter желісінің жұмысына АҚШ, Түркия, Германия, Польша, Франция, Чехия және басқа елдердің желі қолданушылары шағымдана бастады.

Сонымен қатар, Украина тұрғындары да Twitter-ді қолдану барысында қиындықтарға тап болған.

NetBlocks мониторинг тобының мәліметінше, сервистегі ақау әлемнің біраз елінде болған. Бұған қоса, мониторинг тобы желіні мемлекеттік деңгейде ешкім бұғаттамағанын ескертті.