Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-28 08:07:18 Reuters фактчегі | Жер халқының көбею мәселесі тым әсіреленген

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/reuters-faktchegi-zher-xalkynyn-kobeyu-maselesi-tym-asirelengen
86 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:02:50 Мобильді интернет тарифі жөнінде…



44 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:19:06 AFP: ХХ ғасыр мен қазіргі ауа температурасы ысуының себебі басқа

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/afp-xx-gasyr-men-kazirgi-aua-temperaturasy-ysuynyn-sebebi-baska
90 views08:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:23:19 Карантинде әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық артты ма?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/karantinde-ajelderge-zhasalatyn-zorlyk-zombylyk-artty-ma
73 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 11:01:01 Full Fact фактчегі |Зеленский шетелде ме?

Желіде Украина президенті Владимир Зеленскийдің камера алдында жасыл фонда сөйлеген фотосы тарады. Суретке сүйеніп қолданушылар Зеленскийдің шетелде екенін мәлімдеді. Full Fact фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Full Fact жазуынша, фото — фейк емес, бірақ Зеленскийдің жасыл фонда сөйлеуі — оның шетелде екеніне дәлел бола алмайды.

Full Fact ақпаратына сәйкес, Ресей шабуылынан кейін Зеленский көп уақытын Киевте өткізеді. Мұны Борис Джонсон мен Эммануэль Макрон сияқты шетелдік саясаткерлердің осы қалаға жасаған сапарына қатысты жаңалықтар растайды. Бұдан бөлек, 7 шілдеде Зеленскийдің Киевте АҚШ сенаторларымен кездескені хабарланды.

Full Fact мәліметіне сай, Украина президенті шетелде өтетін іс-шараларға онлайн қатысып жүр. Желіде тараған сурет те 16 маусымда түсірілген конференция видеожазбасынан алынған.

Конференцияға қатысқан бірнеше компанияның баспасөз қызметі Зеленский сөйлеген видео Украина аумағында түсірілгенін мәлімдеді.
82 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 08:42:06 NRK зерттеуі: TikTok соғысқа қатысты контентті ресейліктерден жасырып отыр

Норвегиялық NRK телерадиокорпорациясының журналистері TikTok желісінде бір-бірінен небәрі 80 шақырым қашықтықта орналасқан Ресей мен Украинаның шекаралас қалаларының тұрғындарына қандай контент көрінетінін зерттеп көрді. Бұл туралы Global Investigative Journalism Network хабарлады.

Зерттеу үшін журналистер IP-адрес көмегімен Белгород қаласынан ресейлік Алексейдің және Харьковтан украиналық Николайдың атына екі жалған аккаунт ашқан.

Нәтижесінде зерттеушілер екі аккаунтқа TikTok алгоритмі ұсынған 4000 видеоның тек 19-ы ғана бірдей екенін анықтады: Николайға әскери тұтқындар мен соғыста өртенген танктер туралы видео көрінсе, Алексейге көбінесе ойын-сауық мазмұнындағы видеолар ұсынылған.

Журналистер сауалына TikTok компаниясы Ресей билігінің 2022 жылы наурызда қабылдаған «соғысқа қатысты фейк тарату» заңынан қауіптенетінін мәлімдеген.
95 views05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 15:03:35 Фактчек | Арал теңізінің тартылуы туралы

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-aral-tenizinin-tartyluy-turaly/
57 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 15:57:37 Марбург вирусы: рас-өтірігі қайсы?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/marburg-virusy-ras-otirigi-kajsy/
41 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:03:18 Сарапшылар Украинада адам құқығы жаппай бұзылғанын хабарлады

Ресей Украинаға басып кіргелі Украинада Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының жаппай бұзылуы тіркелді. Бұл туралы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының институтының бірі) есебіне сілтеп, DW сайты хабарлады.

Құжат авторларының жазуынша, ең ауыр жағдай Мариупольдегі драма театр мен Краматорск теміржол вокзалын бомбамен атқылаған кезде тіркелген.

Сонымен қатар, олар Ресей әскерінің қоршауында қалған Украинаның қалаларына алаңдайды. Бюро мәліметінше, тұрғындарға эвакуация жасауға мүмкіндік берілмеген.

Сарапшылар Ресей тарапының әрекеттерін адам құқығының негізін өрескел бұзу деп санайды. Баяндамаға сәйкес, куәгерлер өлім жазасы, қамауға алу, азаптау, жыныстық зорлық-зомбылық және адам ұрлау фактісі туралы хабарлаған.

Есепте Украина әскері де халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзғанын жазған. Алайда ауқымы жағынан Ресей әскерінікі жоғары.
112 views11:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:36:34 Қазақстан қант импортына қаншалықты тәуелді?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kazakstan-kant-importyna-kanshalykty-taueldi
104 views09:36
Ашу / Түсініктеме