Get Mystery Box with random crypto!

NASA «Джеймс Уэбб» телескобы арқылы түсірілген суретті жарияла | Бірге тексерейік!

NASA «Джеймс Уэбб» телескобы арқылы түсірілген суретті жариялады

NASA «Джеймс Уэбб» деп аталатын телескоп арқылы түсірілген ғаламның алғашқы анық суретін жариялады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Телескоп «SMACS 0723» галактикаларының үлкен шоғырын суретке түсірген. Фотода мыңдаған галактикалар, соның ішінде инфрақызыл диапазондағы ең күңгірт нысандар алғаш рет көрініп тұр.

ВВС жазуынша, басқа суреттер 12 шілдеде Вашингтон жанындағы Годдард ғарыштық ұшу орталығынан жүргізілетін тікелей эфир кезінде жарияланады.

SMACS 0723 галактикаларының үлкен шоғыры | Дереккөз: ВВС