Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 24

2021-10-25 19:22:30 Ауылдан досым келген. Қолынан келмейтіні жоқ. Құрылыс саласында қызмет атқарып жүрді. Енді қалаға жұмысқа арнайы шақырылып келген екен. Белді құрылыс компаниясына орналаспақ. Жақсы қызмет те ұсынған екен, қарапайым жұмысшылықты да атқара берер ем дейді, алайда шеберлігін көріп, одан да жоғары тапсырмаға ие болып отыр екен. Досымның айтуынша, Тәуелсіздік қарсаңында жақсы жаңалық бар: елімізде индустрияландыру картасы аясында 12 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отырған көрінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 1,5 есеге арттыру міндеті қойылыпты. Нақты көлем индексі (НКИ) жыл сайын орташа 4,2%-ға өсіп, заттай көріністе 13,1-ден 19,7 трлн теңгеге артады дейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысында нақты көлем индексі 5,8%-ды құрапты. Фармацевтика өнеркәсібі – 140,8%, машина жасау – 123,9% және құрылыс материалдары өндірісі – 111,6% өсімді көрсетсе, өндіріс көлемін ұлғайту бойынша қойылған мақсатқа жетуде Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі зор болып отырған көрінеді.

Досымның қарапайым жұмысшы болып жүрсе де осыншама мәліметті жазып алып, оқып, меңгеріп жүргеніне риза болдым. Ел экономикасына аз болса да үлес қоссам дейді. Өзі әлі бойдақ, жағдайын жақсартып барып отау құрамын, өз қолыммен өз шаңырағымды соғамын деген ниетте.

30 жыл ішінде индустрияландыру саласы қарқынды алға жылжып келеді. Іске асырылып жатқан жобалардың есебінен өңірдің жалпы республикалық көлемге үлесі: алтын өндіру бойынша 28%-дан 34%-ға, кірпіш 27%-дан 45%-ға артатын болады, ал өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайынғы қосылуы шамамен 200 млрд теңгені құрапты.                                                                                                      
Досыма ризалық көңілмен жақсылап шай бердім. Жақсы қыздар болса, таныстырар едім, потенциалы мықты жігіттер қазір дефицит болып тұр ғой...)))
385 viewsbatyr_bloger, edited  16:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 08:21:27 Өткенде болған бір қызықты айтайын...
Жұмысқа асықпаған күндері жолай қол көтерген адамдарды ала кететінім бар. 1 қазан күні болатын. Ертесімен жұмысқа шықтым. Сол күні жұма болатын. Осы күнді бір жақсылықпен бастасам ғой деп ойланып келе жатқанмын. Ойланып келе жатқанымда жолдың бойында бір қария көлік тоқтатып тұр екен. Дереу тоқтай қалдым да атамызды көлігіме отырғызып алдым. Ата өзіңізді қалаған жеріңізге тегін жеткізіп салуға рұқсат етіңіз. Бүгін жұма, оған қоса бүгін сіздің мерекеңіз ғой дедім. Атам сол жерде батасын берді. Қуанып қалдым.

Көлікте радиоң бар ма деп радио қостырды. Жаңалықтарды тыңдап келе жатыр. Жаңалықтар тізгінінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жеткен жетістіктер жайлы айтылып жатыр екен. Атам барлық ақпаратты мұқият тыңдап отыр. Бір кезде 70- тен асқан атамыз әңгімені бастады. Балам, бүгін біздің мерекеміз. Осы күні сен секілді атаңа құрмет жасап жатқаныңа рахмет деді. Расында біздің қазынамыз саналатын қарияларымыз аман болсын.

Атам, бір жерге сықиып шыққан екен. Денсаулығы да жақсы екенін байқадым да: - Ата, денсаулығыңыз жақсара берсін, әлі де күш жігеріңіз бойыңызда екен ғой дедім. Атам болса, балам мен үш жыл қатарынан “Асыл жүрек” сауықтыру орталығына барамын. Міне соның нәтижесі осы деді. Бқл біздің зейнеткерлеріміз үшін қарастырылған жақсы жобалар деп есептеймін. Міне радиода айтылып жатқан жаңалыққа осыны қосып қойса, - деп күлімсіреді атам.

Шындығында үшінші мегаполисте бейнеттің зейнетін көріп жүрген қарияларға спортпен айналысып, әлеуметтік сауықтыру қызмет алуына толық мүмкіндік бар. 2019 жылы шаһарда «Асыл жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы ашылған еді. Зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыруға, ұзақ өмір сүруіне арналып ашылған орталық еліміздегі жетістік емеспе?!

Білесізбе мекемеде күніне төрт сaғaт тегін жартылай стационар бойынша арнайы қызметтер көрсетіледі. Соның ішінде ақысыз медициналық, спорттық, фитошәй, би, йога, музыка терапия, тұз шахтасы сияқты көптеген қызмет бар. Құрмет демалысына шыққандарға білікті ақ халатты абзал жандар да тегін емдік шарасын жүргізеді.

Жалпы атам, мемлекеттің қарияларға жасаған жағдайына дән риза. Айтуынша олар аптасына 2 күн бассейнге жүзуге де барады. Ол үшін мамандар Қажымұқан спорт кешенімен арнайы келісім шартқа отырған. Бұдан өзге апта сайын саябаққа серуенге шығу жоспарға да енгізілген. Соның арқасында жасарып жүрміз дейді ғой .

Егемендіктің 30 жылдығы тұсында қарттар мерекесі қарсаңында зейнеткерлерге әлеуметтік көмектер де жасалды. Осындай жетістік қатары арта берсін, деп бата беріп атам діттеген жеріне жетіп алды.

Көліктен түсіп бара жатып, ата мерекеңізбен әрі бүгін қазақ радиосы күні болып та бекітілген. Қос мерекеңізбен!, дедім де жұмысқа жақсы көңіл күйде жүріп кеттім.

Бәрімізге солай әдемі қартаю бұйырсын.
159 viewsbatyr_bloger, 05:21
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 07:38:01
Ана, сіз жыламаңызшы
309 viewsbatyr_bloger, 04:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 05:57:41 Өзіме әр жылға өзіме мақсаттар тізімін жазып қоюды әдетке айналдырдым. Жылдың аяқталуына да аз қалды. Сол тізімнің ішінде көлік алу мақсатымның орындалғанына қуанамын Көліксіз осы уақытқа дейін қалай жүргенмін:)

Айтайын дегенім көліктің құжатын нөмірін ауыстырар кезде жәй ғана банк қосымшасы арқылы небәрі 15 минутта жасауға болатынын білдім. Уақытың да үнемделеді. Жұмысың да тез аяқталады. Бұл елдегі цифрлық жобалардың дамуын көрсетеді. Иә, Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістігіміз елдегі цифравизация саласының дамуы болып отыр ғой.

Өткен жылдың өзінде елде байланыс саласы 8,6%-ға өскен. Ал 5 мыңнан астам ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етіліпті. Биыл болса, 286 ауыл 3G/4G, ал сексен ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына алмастырылады.

Қазір халық кез-келген қызметті онлайн тұрғыда алуға мүмкіндік алғаны қуантып отыр. Егемендіктің отыз жылында онлайн форматтағы қызмет көрсету үшін құрал жабдықтардың және технологиялардың дамуы үлкен жетістік! Егемендіктің отыз жылында цифрлық сала әлемдік деңгейдегі елдермен теңессе, тағы он жылды артқа тастасақ бұдан жоғары нәтижеге жетеріміз анық!

Айтпақшы, дүниеге бала келгенде де туу туралы куәлікті жәй ғана ұялы телефонда сұраққа жауап беру арқылы алған жеңгем де бар) Міне, технологияның дамыған заманы! Мәселен, еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталығының қуаттылығы да артқан. Тіпті онда келгендердің орташа күту уақыты бес минуттан 100 секундқа дейін қысқарғанын оқып қалдым. Ал республикамызда су жаңа ұлттық жоба әзірленіп қойған. Кәсіпкерлердің процестерін оңтайландыру үшін Цифрлық трансформация орталығы да жүзеге асып отыр. Бұл мекемеде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік органдардың ағымдағы бизнес-үдерістері зерделенетін болады. Міне, ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы маңызды жетістік! Соңғы бір жылдың өзінде өзгерістер қатары артты.

Енді өзімнің орындалу мақсаттарымның тізіміне қарап шықсам әлі бірәз тірлік тындыруым керек екен. Іске асары сөзсіз. Мен Тәуелсіз елдің жастар қатарынанмын. Елдің егемендік алғалы 30 жылында іске асқан жемісті жоба қатары қаншалықты көп болса, менде жүзеге асыратын мақсаттарымның санын арттырамын деп шештім. Ал сәттілік тілеп қойыңыз!
517 viewsbatyr_bloger, 02:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 06:08:08 Жағымды жаңалық қатары көбейіп жатыр Жақындарымыз Түркістаннан су жаңа пәтер алып, қоныс тойға шақырып жатыр. Қуанышымен бөлісіп, бір жағынан туризм орталығына айналған Түркістандыда көріп қайтатын болдым ғой. Әйтпесе, жұмыс бойынша ішкі туризмді аралауға үлгермей жататынымыз рас.

Меніңше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан туризм саласында айтарлықтай жоғары жетістікке жетті. Биылдың өзінде егемендіктің 30 жылына тарту етіп, туристік нысандар ашылып жатыр.

Өзім Түркістан түрленгелі бері , киклі шаһарға екінші рет барғалы жатырмын. Облыстың әкімі осы жылы өңірге туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін көбейтетінін алға тартқан. Бұл меже орындалыпта қойған сыңайлы. Себебі Түркістанда ашылған «Керуен Сарай» туристік кешені және іске асатын, «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасы оған өз үлесін қосуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктің бірі Туризмнің халықаралық деңгейде дамуының жолға қойылуы болып отыр. Баршаңызға белгілі Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетіп жатыр.

Тіпті елдегі туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында уиелі шаһарда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті де ашылғанын естідім. Бұл өңір тарихи және мәдени нысанға бай.

Негізінде, туризм көптеген елдерде басымдықты сала болып саналады. Ал Тәуелсіздіктің отыз жылында еліміздің бұл салада қол жеткізген жетістіктерін әрбіріміз білгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Қазір әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы біліп жатыр. Елімізге келетін туристер саны жыл сайын орта есеппен 10% деңгейіндегі өсіп келеді. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша 15% деңгейінде өсім байқалыпты. Бұл дегеніміз азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдағанын көрсетеді. Мен де демалысымды өз елімде өткізіп, ішкі туризмнің дамуына үлес қосқамын. Әрі жақындарымызды жаңа баспанаға қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап қайтамын.

Шүкір! Тәуелсіздіктің 30 жылы тұсанда туристік орталыққа айналған Түркістаннан пәтер алып, жетістік қатарын көбейтіп отыр. Жарады, өздері!
709 viewsbatyr_bloger, edited  03:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 06:01:50
692 viewsbatyr_bloger, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 19:16:40 Әлеуметтік желіде бір бірін тауып, отау құрып кеткендер туралы күнде бір пост оқитын болдым. Сонда қазір қыз -жігіттер болашақ жарын инстаграмнан іздейтін болғанба?
 
Ал бізде көрейікші деп сөйлесе қалсаң  пәтерің барма деген сұрақ келері анық. Оны тек қыздар емес ұлдарда сұрайтын болған.
 
Пәтер демекші, былтыр құрылыс саласы елдің экономикалық белсенділігінің негізін құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,8% пайызға өскен.
Жалпы Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ауыз толтырып айтатын жетістіктің бірі тұрғын үй құрылысының дамуы болып отыр. Өткен жылдың қорытындысвна көз жүгіртсем, барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 15,3 млн м2 тұрғын үй ел игілігіне берілген екен.  Бұл дегеніміз 40 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылған, жиырма ьес мыңнан астам жанұя қолжетімді несиеге берілетін баспана, алты мыңы болса жеңілдікпен қарыз беру арқылы және тоғыз мыңнан астам отбасы әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізді. Қуантарлық жаңалық қой Ал тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары тұр.
Иә, егеменді ел болғанымызға 30 жылдың тұсында бұл салада талай тірлік тындырылды. Тұрғын үй құрылыс көлемін арттыру және ондағы инфрақұрылым саласын жақсарту мәселесі Үкіметтің басты назарында болмақ! Салынып жатқан бұл баспанаға қол жеткізуге тұрғын үй құрылысы бойынша қабылданған бағдарламалар мен осы саладағы реформалар мүмкіндік береді. Сондай-ақ  Тәуелсіздіктің отыз жылындағы еңбектің жемісі деп  тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияны айтар едім. Былтырдың өзінде бұл салаға 2 трлн теңге инвестиция тартылған. Иә, Тәуелсіздіктің 30 жылы мерейтойының куәсі болып жүрген жандар шынайы бақытты. Себебі баспа алудың барлық жобасына қатысуға қауқарлы. Тек еңбек етсе жеткілікті!
 
Мен жаңағы әлеумеуметтік желі арұылв танысып, отбасын құрптындарға қарсылығым жоқ. Бастысы өзінің адамын тауып, шынайы бақытты болсын
679 viewsbatyr_bloger, 16:16
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 19:15:11
659 viewsbatyr_bloger, 16:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 11:04:11
ҚҰДАЙ САҚТАСЫН
Шымкентте қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды. Баланың денесін аула сыпырушысы тауып алған
.
Шымкент қаласындағы Рысқұлов көшесінде, қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша бала жаңа туылған. Мәйітті алғаш болып, сағат таңғы жетілер шамасында қоқыс тасушылар көрген. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.
952 viewsbatyr_bloger, 08:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 06:22:41 Ердей басыммен кейбір бейнематериалдарды қарасам, төбе шашым тік тұрып, эмоцияма ерік беремін. Кеше ғой, түнде ғаламторда жұмысқа қатысты бір мәліметтерді ақтарып отырып, қазақ даласының қасіретіне айналған полигон туралы видео қарап едім, түнімен түсіме жын-жыбыр кіріп шықты. Полигонның зардабынан қаншама адамның денсаулығы құрығаны белгілі. Бұл зиянды жуып-шаю мүмкін емес. Бірақ, мен осы полигонның жабылғанына өте қатты қуанамын және Елбасыға үнемі іштей разылығымды білдіремін. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы, сонымен қатар, Семей полигонының жабылғанына да 30 жыл толып отыр екен. Алайда, 40 жыл тұрған полигонда Кеңес үкіметі 468 сынақ өткізіп үлгерген екен. 1965 жылы Шаған және Ащысу өзендерінің қосылған жерінде қуаты 140 килотоннаға жететін бомба жарылып, нәтижесінде көл пайда болған. Жарылыстан тереңдігі – жүз метр, диаметрі – 430 метр болатын шұңқыр бар. Ал дүмпу салдарынан үйілген ондаған миллион тонна топырақ үлкен төбеге айналған. Ресми деректерге сүйенсек, Семей полигонынан зардап шеккен адам саны – 1,3 млн. Зардаптың орасан ауыр болғаны түсінікті, себебі, жер асты, жер үстінде жарылған бомбалардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе қуатты болған көрінеді. 1989 жылы бұл бассыздыққа шыдай алмаған белсенді топ «Невада-Семей» қозғалысын бастаған еді. Осылайша талай тайталастан соң, ақыры Қазақстанның егемендігі туралы декларацияда Қазақстан ядролық қарусыз аймақ деп көрсетілді. Ал Елбасы Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы еді. Сол кездегі ел Президентінің дәл осы әрекеті Ресей, Франция, АҚШ-тың ядролық аймақтарында сынақ жасауға мараторий жариялануына әсер етті, яғни біздің мемлекетіміз өзінің бейбітшіліксүйгіштігімен басқа державаларға үлгі болды десек, артық айтпаспыз. Себебі, бұл біздің 30 жыл өтсе де әр жыл сайын ауыз толтырып айтуға болатын жетістігіміз және еске алып отыратын тарихымыз.
Қазақ даласы қаншама қасірет көрсе, соншама бақытқа, бейбіт, алаңсыз өмір мен кемел байлыққа лайық. Ата-бабаның төккен қаны мен тері ақталуы тиіс. Себебі, олардың күресі бекер емес еді... Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері сол бабалардың кешегі арманы болатын.
1.2K viewsbatyr_bloger, edited  03:22
Ашу / Түсініктеме