Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 21

2021-10-31 07:52:07 Біздің аяғымыздағы башпайларымыз болмысымыз турасында көптеген деректер айта алады.
Жауабы:

№1 үлгі.
Сіздің шығармашыл адам екеніңізді аңғартады. Мұндай башпай иелері өте зерек, ақылды әрі қандай жағдайда да мәселенің креативті шешімін таба біледі. Алайда кей кездері өзіне деген сенімсіздік салдарынан бастаған ісін аяқсыз қалдырып жатады.

№2 үлгі.
Мұндай адамдар батыл әрі өнертапқыш келеді. Қашан да өзі сенген дүниені ақтап, қорғап шыға алады.

№3 үлгі.
Болмысыңыздағы көшбасшылық қасиетті көрсетеді. Мұндай жандардың басты мақсаты – кез-келген қызмет саласында жетістікке жету. Оларды тек бір дүние ғана шаршатуы мүмкін… Бұл шектен тыс перфекционизм.

Тағы бір қызықты дерек: кейбір үнді аңыздарында аналары ұлдарына аяғының екінші бармағы ұзын қыздарға үйленуге рұқсат бермегені айтылады. Оны билеп-төстеуші мінез белгісі деп білген.

№4 үлгі.
Мұндай адамдар үшін өмірдегі ең басты құндылық – отбасы мен жақын достары. Суретте көрсетілгендей саусақ иелері адамдарды түсініп қана қоймай, өзін олардың орнына қоя білетін қасиетімен ерекшеленеді. Кейде олар әр нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан мұндай эмпатия зиянын да тигізіп жатады.

№5 үлгі.
Адам болмысындағы өр мінезді білдіреді. Бірақ бұл адамдар – өзіне жауапкершілік алуға құлықсыз. Мұндай башпай иелерінің жан-дүниесі жұмбаққа толы әрі тартымды. Десе де олар – бала сияқты аңғал.

Аяғыңызға қараңызшы… Сіздің башпайларыңыз не дейді?
1.5K viewsbatyr_bloger, 04:52
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:53:51
Аяғыңызға қарап біреуін таңдаңыз
Anonymous Poll
27%
1
29%
2
39%
3
1%
4
4%
5
1.4K voters1.7K viewsbatyr_bloger, 18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:53:11
Ертең азанда төменге жауабын жазамын Күтіңіздер! Басқалары жауап беріп болсын
1.7K viewsbatyr_bloger, edited  18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:47:14
1.5K viewsbatyr_bloger, 18:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:46:50
1.1K viewsbatyr_bloger, 18:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:46:35 Тәуелсіздік алып, еңсе тіктеген кезіміз небәрі 30 жыл бұрынғы дәуір. Бұл көп пе, аз ба, әркімге әрқалай. Осы уақыт аралығында ел ең алдымен ғылым мен білімге, денсаулыққа көңіл бөлді. Соның ішінде ғылым жайлы әңгіме өрбітейікші. Ғылымның бүгінгі ахуалы қандай, ертеңі не болмақ? Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым дамуының әлсіз тұстарының бірі –ғылым мен білімнің өндіріспен өзара байланысының аз болуында екені айтылған. Ғалымдарымыздың саны мен деңгейі де осы саланың дамуына басты фактор екені де даусыз. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, елімізде 1 млн.халыққа 662 адамнан келетін көрінеді. Ал бизнес болса, ғылымға үш жылда 5 млрд.қа жуық қаражатпен көмектесіп, үлес қосқан. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев та өз кезегінде ғылым мен білімге көрсетілетін қолдау ретінде жыл сайын «Елбасы қоры» дарынды жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған жобасы аясында конкурс, форумдар ұйымдастырып, қаражат бөліп отырады. Мұндай конкурстарға шетелдік ғалымдар да қатыса алады. Үш жылда бір өткізілетін байқауда ғалымдардың бабы шаппай қалса, келесі мүмкіндік 3 жылдан соң берілетін еді, содан жыл сайын өткізілетінін Білім және Ғылым министрі А. Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желісінде сүйінші сұрап жариялаған болатын. Бұл жаңалық ғалымдар қауымын да қуантып, жігерлендірген еді.
«Ғылымсыз адам айуан» деп Шәкәрім атамыз қатты айтқан ғой. Қазақстан дәл қазіргі уақытта 30 жыл ғылымды дамытуға барын салса, алдағы 30 жылда бұдан 2 есе потенциал пайда болып, 2 есе күш жұмсалатынына сенемін.
805 viewsbatyr_bloger, 18:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:45:50
625 viewsbatyr_bloger, 18:45
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 21:45:17
606 viewsbatyr_bloger, 18:45
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 20:57:10 Күн сайын жұмыртқа пәлен пайызға қымбаттапты деген ақпараттарды оқып жүрміз ғой. Соның бәрін қорыта келе құс бағумен айналысу тиімді ме деп ойлап қалдым.

Жақсы идея секілді әрі ел Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде құс өсіру шаруашылығы айтарлықтай дамып, мемлекеттің қолдауына ие болып жатыр. Құс шаруашылығымен айналысатын үлкен өнеркәсіптерді салу, оларға қолду көрсету үшін мемлекеттік субсидиялау – «Агробизнес-2020» жобасының басым бағыты болып есептеледі. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығындарының бір бөлігі өтеледі. Субсидия алу үшін өнеркәсіп жылына 20 мың тонна құс етін өндіруі немесе 100 млн.жұмыртқа өнімін алуы, сондай-ақ, жылына 3 мың тонна күркетауық етін өндіретіндей қуаттылығы болуы тиіс. Сонымен қатар,бройлер секілді асыл тұқымды құстарды да өндіруді қолға алған кәсіпкерлер субсидияға үміткер бола алады. Елімізде 54 құс фабрикасы болса, оның ішінде жұмыртқа өндіру бағытында – 30, ет бағытында 17, ал қалғаны асыл тұқымды құстарды көбейту шаруашылығымен айналысады екен. 2016 жылғы мәліметке сүйенсек, елімізде 36 млн. құс болған екен. Осы жылға дейін жұмыртқа өндірісі 5 млрд.дана болыпты, ал сойылған тауық еті 196 мың тоннаға жетіп, артылған.

Қысқасы, осындай ойлар маза бермей жүр. Құс деген машақаты көп болғанымен, өнімді де аз бермейді ғой жұмыртқасы, еті бар дегендей. Өзім маринадталып, қуырылған қытырлақ балапан етінен ешқашан бас тартпас едім)))
649 viewsbatyr_bloger, edited  17:57
Ашу / Түсініктеме