Get Mystery Box with random crypto!

Өзіме әр жылға өзіме мақсаттар тізімін жазып қоюды әдетке айна | batyrbloger

Өзіме әр жылға өзіме мақсаттар тізімін жазып қоюды әдетке айналдырдым. Жылдың аяқталуына да аз қалды. Сол тізімнің ішінде көлік алу мақсатымның орындалғанына қуанамын Көліксіз осы уақытқа дейін қалай жүргенмін:)

Айтайын дегенім көліктің құжатын нөмірін ауыстырар кезде жәй ғана банк қосымшасы арқылы небәрі 15 минутта жасауға болатынын білдім. Уақытың да үнемделеді. Жұмысың да тез аяқталады. Бұл елдегі цифрлық жобалардың дамуын көрсетеді. Иә, Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістігіміз елдегі цифравизация саласының дамуы болып отыр ғой.

Өткен жылдың өзінде елде байланыс саласы 8,6%-ға өскен. Ал 5 мыңнан астам ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етіліпті. Биыл болса, 286 ауыл 3G/4G, ал сексен ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына алмастырылады.

Қазір халық кез-келген қызметті онлайн тұрғыда алуға мүмкіндік алғаны қуантып отыр. Егемендіктің отыз жылында онлайн форматтағы қызмет көрсету үшін құрал жабдықтардың және технологиялардың дамуы үлкен жетістік! Егемендіктің отыз жылында цифрлық сала әлемдік деңгейдегі елдермен теңессе, тағы он жылды артқа тастасақ бұдан жоғары нәтижеге жетеріміз анық!

Айтпақшы, дүниеге бала келгенде де туу туралы куәлікті жәй ғана ұялы телефонда сұраққа жауап беру арқылы алған жеңгем де бар) Міне, технологияның дамыған заманы! Мәселен, еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталығының қуаттылығы да артқан. Тіпті онда келгендердің орташа күту уақыты бес минуттан 100 секундқа дейін қысқарғанын оқып қалдым. Ал республикамызда су жаңа ұлттық жоба әзірленіп қойған. Кәсіпкерлердің процестерін оңтайландыру үшін Цифрлық трансформация орталығы да жүзеге асып отыр. Бұл мекемеде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік органдардың ағымдағы бизнес-үдерістері зерделенетін болады. Міне, ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы маңызды жетістік! Соңғы бір жылдың өзінде өзгерістер қатары артты.

Енді өзімнің орындалу мақсаттарымның тізіміне қарап шықсам әлі бірәз тірлік тындыруым керек екен. Іске асары сөзсіз. Мен Тәуелсіз елдің жастар қатарынанмын. Елдің егемендік алғалы 30 жылында іске асқан жемісті жоба қатары қаншалықты көп болса, менде жүзеге асыратын мақсаттарымның санын арттырамын деп шештім. Ал сәттілік тілеп қойыңыз!