Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 23

2021-10-28 06:28:40 Алматыда ішінен соққы алып, әлеуметтік желіні шулатқан сот орындаушысы Әділ Ермеков үй иесін бірінші болып өзі тепкен.

Осыдан кейін барып, үй иесі Мақсат Ысқақов сот орындаушысын екі рет ұрып жібереді.
274 viewsbatyr_bloger, 03:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 06:22:58
295 viewsbatyr_bloger, 03:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 06:22:34 Алматы облысы Панфилов ауданы Пиджим ауылындағы мектепте 9 және 10 сынып оқушылары арасында жаппай төбелес болған. Нәтижесінде түрлі дене жарақаттарымен 16 жастағы оқушы ауруханаға түскен. Кейін әлеуметтік желіде ауылдағы жаппай тәртіпсіздіктің видеосы жарияланды. Полицияда жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді.
289 viewsbatyr_bloger, edited  03:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 06:19:10 “Өскенде кім болғың келеді?” Бұл сұрақты бала кезде естімеген жан жоқ шығар иә

Әлі есімде… Осы сұрақты естігенде “ғалым” боламын деген жауапты айтудан шаршамайтынмын. Алайда таңдаған мамандығым қазір мүлде басқа салада. Дегенімен осы сәтте отандық ғылымның жеткен жетістіктері жөнінде мақала оқып отырып, қуанып отырмын. Бұл саладағы жеміcті еңбек Тәуелсіздіктің 30 жылындағы маңызды жетістіктің бірі. Баршамызға мәлім - отандық ғылымның дамуының негізгі бөлігінің бірі ол - ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары болып саналады. Бүгінде елімізде ғылыми-зерттеу шарасымен айналысып, жаңалық ашып отырған 383 ұйым бар екен. Сонымен қатар министрліктің жетекшілігімен елдегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылып жатқандығы, ғылымның дамуына өзіндік үлесін қосары анық.
 
Тіпті бұл саланы ілгерілетуге түрлі шаралар мен жобалар қабылданып, іске асырылып жатыр. Расында, Қазақстан етек-жеңін жинап, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемдік бәсекеге қабілетті болуға үнемі ұмтылып, түрлі бағдарлама қабылдап келеді. Соның бірі осы ғылым саласына тиесілі. Айта кетейік, отандық ғалымдар елімізде мал азыңы өнімділігін арттыру үшін арнайы ғылыми жоба әзірлеген. Нәтижесінде  әртүрлі топырақ жәнеде климaттық жағдайға бейімделгіш арнайы шөптің молекулярлы таңбасы жасалынған еді. Мінекей, бұл келтірілген мысал нәтижелі еңбектің аз бөлігі ғана. Алдағы уақытта қазақ ғылымы одан әрі дамып, өзінің мүмкіндігін әлемдік деңгейде көрсетері анық. Мен оған сенемін. Бала кездегі армандаған маман иесі болмасамда, бұл саладағы әрбір жаңалықты ерекше жаныма жақын етіп қабылдайтыным рас!
312 viewsbatyr_bloger, edited  03:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 21:07:55 Анамыздың мерейтойына сыйлық іздедік. Ғаламторды ақтарып отырып, отандық зергерлік бұйым жасайтын шеберлерді таптық. Тапсырыс бердік. Өте қатты ұнады. Бағасының қолжетімділігін былай қойғанда, өте сапары және өте сәнді, әдемі екен. Анамызға қатты ұнады. Мамаларымызды қуанту – ең үлкен бақыт қой.
 
Отандық зергерлерді табу қиынға соқпады. Интернеттен іздей салып едік, алдымыздан самсап шыға келді. Ен Тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жиғанымызға 30 жыл толып отырған тұста дәл осындай маңызды саланың дамуы көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, алтын-жақұт, күміс дегендер қазақ үшін айрықша маңызға ие, біз-бірімізге жиын-тойларда, дәстүр бойынша осындай сыйлар жасауымыз керек, апаларға білезік, әйелдерге алтын сақина немесе сырға дегендей...
 
2018 жылғы қызықты мәліметтерді келтірсек, бұл уақытта елдегі алтын өндірісі айтарлықтай алға жылжыған. Нақтырағы, өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемі 5978 кг. болыпты. Яғни, 2017 жылммен салыстырсақ, 8,7 пайызға артыпты. Ал күміс керісінше артқа қарай кеткен, нақтырақ, 12,2% қысқарып, 59 644 кг болыпты.  Зергерлік бұйымдар Қазақстанға Ресей, Украина, Қытай, Үндістан, Түркия секілді елдерден әр түрлі жолдармен келіп жатады. Алматыда саудаға түседі. Көбісінің сапасы сын көтермегенмен, бағасы едәуір қымбат. Бағасы төмен бұйымдар тек алтын мен күміске басқа металдарды да қосып жасалғандары. Ал күмісті таза 925-сынамамен өндіріп жатқан шеберлердің бұйымдары қымбат көрінеді.
 
Қазақстандықтар қазір өзге елдің өнімін тұтынбай-ақ, өзіміздің сапалы әрі арзан бұйымдарды алып, қолдау көрсетуге болады. Осылайша біз секілді жақыныңызды да қуантып, отандық өнімге де қолдау білдіре аласыз. Таңдау өз еркіңізде))
181 viewsbatyr_bloger, 18:07
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 13:26:04
688 viewsbatyr_bloger, 10:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 13:26:00 JAQSYLYQ
Егер үйде киілмейтін, қысқарған, тастайтын, керек емес киімдер болса, балалардың аяқ-киімдері немесе ойыншықтары болса, кілем, көрпеше, ыдыс-аяқ деген заттар болса, Алла разылығы үшін деп осы жерге әкеліп берсеңіздер болады Сізге керек емес киімдер, мұқтаж жандарға керек Мұқтаж жандарға бұл заттардың барлығын ТЕГІН БЕРЕДІ Бұл дүкен Нұр-Сұлтан қаласында https://instagram.com/qaiyrymdyqala_ns?utm_medium=copy_link
697 viewsbatyr_bloger, edited  10:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 05:34:57 Қарны ашып отырғандар оқымасын))) Палауды сүйсініп жеймін. Кеше бір досымның үйі қонаққа шақырып, барып қайтқанмын. Дастарханды жайнатып, көздің жауын алатындай безендіріпті. Динозаврдың жұмыртқасынан басқаның бәрі бар. Бір кезде ас әкелінді. Қып-қызыл өрттей жанып тұрған палау. Күріштері ұзыыын, бейне бір кеспе дерсің, өте әдемі көрінеді екен. Содан әрі қарай әңгімеміз күріш жайында өрбіді.

Еліміз үшін күріштің маңызы зор. Алакөл және Үштөбе сорттары әрі пайдалы, әрі дәмді, құнарлы болып келеді. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде, нақтырағы 2011 жылы Қазақстанда күріш бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге орташа есеппен 38 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл күріш шаруашылығы жалпы өнімдерінің 0,2 пайызынан артық емес. Бұл деңгей дамушы елдердің деңгейінен үш есе төмен және ауыл шаруашылығы секторы тиімді елдердің деңгейінен 15 есе төмен. Ресейде күріш шаруашылығындағы аграрлық ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда жалпы күріш өндірісінің 0,7 пайыздан астамын құрайды. Күріштің өнімділігі мен сапасын арттырудың басты тежеуші факторларының бірі уақтылы сорт жаңартуды жүргізбеу және тұқым шаруашылығы жұмыстарының төмен деңгейі болып табылады. Осы себептен соңғы 10-15 жылда күріштің өнімділігі артқан жоқ және төмен болып қалып отыр. Бұдан басқа, күріш алқаптарында саңырауқұлақты аурулардың пайда болуымен және қызыл топырақты сор-алқаптар басуымен байланысты күріштің өнімділігі мен сапасының төмендеуі байқалады.
 
Күріштің біздің елде өсірілетіні қандай керемет. Сондықтан да осы дақылдың бағасы да қалта көтеріп, қолжетімді болып жүр ғой. Күріш табиғи сорғыш қой, ағзамыздағы барлық токсиндерді өзіне сорып алады, тазалайды. Дақылдың көл-көсір пайдасын тізбектеп отырып, алдымыздағы ыдысты босатып тастаппыз. Тамақты айтып, өз қарным ашып кетті ғой
383 viewsbatyr_bloger, 02:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 18:30:44 Менің нағашы ағамның бір інісі мықты бағдарламашы. IT саласын бірінші Қазақстанда, одан соң шетелде меңгеріп, білімін жетілдірді. Қазіргі таңда ай сайынғы табысы – 2 млн.теңгені құрап отыр екен. Сол кісінің айтуынша, қазіргі таңда студенттерге субисидия беру мәселесі қаралып жатыр екен. Әр оқушыға 600 мың теңге жоспарланған. Astana Hub-тың IT мектептер мен студенттерді даярлау бағдарламасы екен.
 
Ел Тәуелсіздік алған 30 жыл дамымаған сала жоқ. Әсіресе, еліміз егемендік алып, осы компьютер, IT саласындағы прогресске ілесе кетті. Бүгінде технопарктер талай мамандарды даярлап, оқытып, олардың алды тіпті шетелдерге кетіп, мықты, адуынды компанияларда отырса, соңғылары елімізде кемі миллион теңге табыс тауып, өз білімін өзіне пайдалынып, дамып жатыр. Стартаптарды құру, басқару, пайда табу функцияларын сәтті орындап шыққан. Қазақстанды шет елдік алаңдарды таныту саласында IT тақырыбында мақалалар жазған, қоғаммен байланыс саласында мемлекеттік және жеке компанияларды жұмыс істеген, заң ғылымдарын жетік меңгерген мамандар жиналған. Ұжымның әрбір мүшесі кем дегенде 3 тілді жетік меңгерген. Цифрландыру бағдарламасы президенттің инновациялық экожүйе идеясын жүзеге асыру. «Astana Hub» стартаптарды дамыту бойынша жаңа бағдарламалар легін, яғни технопарктің екінші акселераттау бағдарламасын және жас IT жобаларды кешенді дамытатын стартаптар қоғамы жұмыс жасайды.
 
Алдағы уақытта балаларымды осындай технопарктерде оқыту жоспарымда бар. Болашақтың мамандығы ғой. Компьютерлер бізді емес, біз компьютерлерді басқаратын заман болсын да тек. Тәуелсіздігімізді алып, өз цифрландыру саламызды дамытып, өрлетіп жатқанымыз қуантады. Ал Сіз IT саласына қызығасыз ба, тағы не жайлы білгіңіз келеді?
371 viewsbatyr_bloger, edited  15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 21:05:20

89 viewsbatyr_bloger, 18:05
Ашу / Түсініктеме