Get Mystery Box with random crypto!

Жағымды жаңалық қатары көбейіп жатыр Жақындарымыз Түркістанна | batyrbloger

Жағымды жаңалық қатары көбейіп жатыр Жақындарымыз Түркістаннан су жаңа пәтер алып, қоныс тойға шақырып жатыр. Қуанышымен бөлісіп, бір жағынан туризм орталығына айналған Түркістандыда көріп қайтатын болдым ғой. Әйтпесе, жұмыс бойынша ішкі туризмді аралауға үлгермей жататынымыз рас.

Меніңше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан туризм саласында айтарлықтай жоғары жетістікке жетті. Биылдың өзінде егемендіктің 30 жылына тарту етіп, туристік нысандар ашылып жатыр.

Өзім Түркістан түрленгелі бері , киклі шаһарға екінші рет барғалы жатырмын. Облыстың әкімі осы жылы өңірге туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін көбейтетінін алға тартқан. Бұл меже орындалыпта қойған сыңайлы. Себебі Түркістанда ашылған «Керуен Сарай» туристік кешені және іске асатын, «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасы оған өз үлесін қосуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктің бірі Туризмнің халықаралық деңгейде дамуының жолға қойылуы болып отыр. Баршаңызға белгілі Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетіп жатыр.

Тіпті елдегі туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында уиелі шаһарда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті де ашылғанын естідім. Бұл өңір тарихи және мәдени нысанға бай.

Негізінде, туризм көптеген елдерде басымдықты сала болып саналады. Ал Тәуелсіздіктің отыз жылында еліміздің бұл салада қол жеткізген жетістіктерін әрбіріміз білгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Қазір әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы біліп жатыр. Елімізге келетін туристер саны жыл сайын орта есеппен 10% деңгейіндегі өсіп келеді. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша 15% деңгейінде өсім байқалыпты. Бұл дегеніміз азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдағанын көрсетеді. Мен де демалысымды өз елімде өткізіп, ішкі туризмнің дамуына үлес қосқамын. Әрі жақындарымызды жаңа баспанаға қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап қайтамын.

Шүкір! Тәуелсіздіктің 30 жылы тұсанда туристік орталыққа айналған Түркістаннан пәтер алып, жетістік қатарын көбейтіп отыр. Жарады, өздері!