Get Mystery Box with random crypto!

Ауылдан досым келген. Қолынан келмейтіні жоқ. Құрылыс саласынд | batyrbloger

Ауылдан досым келген. Қолынан келмейтіні жоқ. Құрылыс саласында қызмет атқарып жүрді. Енді қалаға жұмысқа арнайы шақырылып келген екен. Белді құрылыс компаниясына орналаспақ. Жақсы қызмет те ұсынған екен, қарапайым жұмысшылықты да атқара берер ем дейді, алайда шеберлігін көріп, одан да жоғары тапсырмаға ие болып отыр екен. Досымның айтуынша, Тәуелсіздік қарсаңында жақсы жаңалық бар: елімізде индустрияландыру картасы аясында 12 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отырған көрінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 1,5 есеге арттыру міндеті қойылыпты. Нақты көлем индексі (НКИ) жыл сайын орташа 4,2%-ға өсіп, заттай көріністе 13,1-ден 19,7 трлн теңгеге артады дейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысында нақты көлем индексі 5,8%-ды құрапты. Фармацевтика өнеркәсібі – 140,8%, машина жасау – 123,9% және құрылыс материалдары өндірісі – 111,6% өсімді көрсетсе, өндіріс көлемін ұлғайту бойынша қойылған мақсатқа жетуде Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі зор болып отырған көрінеді.

Досымның қарапайым жұмысшы болып жүрсе де осыншама мәліметті жазып алып, оқып, меңгеріп жүргеніне риза болдым. Ел экономикасына аз болса да үлес қоссам дейді. Өзі әлі бойдақ, жағдайын жақсартып барып отау құрамын, өз қолыммен өз шаңырағымды соғамын деген ниетте.

30 жыл ішінде индустрияландыру саласы қарқынды алға жылжып келеді. Іске асырылып жатқан жобалардың есебінен өңірдің жалпы республикалық көлемге үлесі: алтын өндіру бойынша 28%-дан 34%-ға, кірпіш 27%-дан 45%-ға артатын болады, ал өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайынғы қосылуы шамамен 200 млрд теңгені құрапты.                                                                                                      
Досыма ризалық көңілмен жақсылап шай бердім. Жақсы қыздар болса, таныстырар едім, потенциалы мықты жігіттер қазір дефицит болып тұр ғой...)))