Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 22

2021-10-30 17:47:50 Бала күнінде ғарышқа ұшуды армандамаған адам болмаған шығар Мен әлі күнге дейін ғарышқа ұшқым келеді Белгілі бір проблемаға тап болған кезде, ғарыштың үлкендігі, оның қасында біздің тозаң құрлы құнымыз жоқ екенін, жер шарының ғаламатпен салыстырған өөөте кішкентай екенін ойласам, жеңілдеп қаламын. Әлі күнге дейін мен еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктерін ескере отырып, қартайғанша ғарышқа ұшуға мүмкіндігім болады деп сенемін. Мүмкін емес ешнәрсе жоқ.
 
Ғарыш саласындағы жетістік демекші, еліміз тәуелсіздігін алған 30 жыл ішінде Жаһандық ғарыштанудың заманауи даму кезеңінде ғарыш кеңістігін игеру үшін бірігіп жұмыс жасау үрдістері жылдан-жылға күшейіп келеді. Жүргізіліп жатқан ортақ ғарыштық бағдарламалардың саны көбейіпті. Ал сол бағдарламаларға Қазақстан да қатысу үшін барлық әрекетін жасап жатыр екен. Қазақстанның болашақ жоспарлары ғарыш кеңістігін тек бейбіт түрде ғана игеруге бағытталған. Осының дәлелі ретінде іске қосылған қазақстандық ғарыш кешенін, оның ішінде ғарыштағы аппараттарын басқаруға арналған инфрақұрылымды және жер төңірегіндегі екі телебайланыстық және екі жерді қашықтан бағдарлайтын кеңістіктікті көре алу мүмкіндігі орта және дәл дәрежедегі ғарыштық аппараттарды айтса болады.
 
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қоса, Тоқтар Әубәкіров ағамыздың ғарышқа ұшқанына да дөңгелек дата толып отыр. 1991 жылғы 10 қазанда, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы, «Мир» станциясында отандық ғалымдар әзірлеген Қазақстандық ғарыш бағдарламасын табысты орындаған алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров австриялық ғарышкер Франц Фибекпен және кеме командирі, ресейлік ғарышкер Анатолий Арцебарскиймен бірге Жерге аман-есен оралды. Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, дәл осы қазақстандық ғарышкерлердің «Мир» орбиталық кешеніне және Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуынан Қазақстанда ғарыш ғылымы дамуының нағыз өрлеуі басталды. Ғарыш маған әрқашан да тылсымы таусылмайтын мекен. Мен оны кейде түсімде көрем. Рас. Түсімде алып аспанның шексіз, шетсіз ғаламатына шомып, әр жұлдызға мініп, айға асылып, қиял әлемін кезіп жүремін. Ал таңертең оянғанда менен жеңіл, менен бақытты адам болмайды. Қызық
314 viewsbatyr_bloger, 14:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 17:51:34
Жақсыларым, бұл жолы кішкентай ғана Әлинұр бауырымызға біздің көмегіміз керек болып жатыр Төрт жасар балапанға инвалидный коляска қатты керек Ата-анасының оны алып беруге мүмкіндіктері жоқ. Себебі, бар тапқан қаражат емге кетіп жатыр. Бүгін Әлинұр Ташкенттен емнен қайтты. Анасы қолына көтеріп жүр. Оңай емес. Көмектесейікші Періштенің қуануына себепші болайықшы Колясканы алу үшін бар болғаны 700 мың жинасақ болды. Алатын жермен де анасы келісіп қойған. Бұл біздің қолымыздан келеді Талай баланы дәл осылай қуанттық қой. Алла разылығы үшін деп Әлинұр бауырымыздың коляскасын алып беруге көмектесейікші
.
Реквизиттерім:
Kaspi Gold: +7705 432 5143
Батыржан И.
.
Ең болмаса осы жазбаның астына Әлинұр бауырымызға Алла шипа берсін деп жазып кетіңіздер.
.
Қаражат тезірек жиналу үшін осы постты стористеріңізге бөлісіп жіберсеңіздер тіпті тамаша болар еді
141 viewsbatyr_bloger, 14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 12:13:40
464 viewsbatyr_bloger, 09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 07:18:26
678 viewsbatyr_bloger, 04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 06:05:00 Өткенде бір жақсы танысым туған күн кешіне шақырды. Оның программист екенін ескеріп, жақсы бір гаджет көрейін деп электроника дүкендеріне барсам, бағалары удай қымбат. Содан ешнәрсе алмай жұмысқа кеттім. Жұмыста техника тілін білетін достарым бар еді. Гаджет іздегенімді айтып едім, дереу ұялы телефондарынан мен алмақшы болған гаджеттердің түр-түрін көрсетті. Мен таңданып, бірден саған келуім керек екен ғой деп күлдім:) Бұлардың бәрі қайда» десем, «интернет-дүкендерде толып тұр ғой, оған қоса өздері-ақ жеткізіп береді» деді, «болды ғой онда, тапсырыс берейік» деп бір смарт-сағатқа тапсырыс бердік. Сол күні кешке курьер жеткізіп, есіктің алдына дейін әкеліп берді. Сыйлықты алып шақырған туған күнге барып, сыйлығымды табыстадым.

Жалпы, бізді айтпағанда интернет-дүкен деген нәрселерге үлкендер онша сене бермейді ғой. Электронды сауда осы пандемия кезінде әсіресе актуалды болып кеткен екен. Тәуелсіздіктің 30 жылында бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 1,1 трлн тг белгісінен асып түсіп (1 019 млрд тг – ішкі интернет-алаңдар, 144 млрд тг – шетелдік интернет-алаңдар), жалпы бөлшек тауар айналымының 9,7%-ын құрапты. (11,6 трлн тг). Интернеттегі сатып алушылар саны 20%-ға жуық өсіп, 2019 жылғы 3,2 млн сатып алушымен салыстырғанда 3,8 млн белсенді сатып алушыны құрады. Бүгінде нарықта 650-ге жуық интернет-дүкен жұмыс істейді. Ал өзіміздің отандық өндірушілердің шетелдік платформалардан бой көрсетуі – тіпті үлкен жетістік. 50 компания қытайлық платформаға шығуы жоспарланған, олар біздің елдің сатып алушыларымен ғана емес, шетелдік клиенттерді де тартатыны сөзсіз.

Көп танысымның интернет-дүкені бар, алайда базар барып, сауда жасап, қолмен ұстап көріп үйренгендіктен аса қызығушылық танытпаймыз, сенім артпаймыз дегендей. Алайда, сенімді платформадан тапсырыс берсеңіз, алаяқтардан аулақ болуға болады екен. 30 жылы ішінде елдің сыртқы саудасы реттеліп, әлемнің барлық сауда платформаларына кірігіп, әрекет жасап жатыр. Елде өндірілген тауарды экспорттаушыларға 2021 жылы өтелген қаражат – 3 жарым миллиард теңгеден асыпты. Жалпы, интернет-дүкен бизнестің оңай әрі сенімді түрі ме деп қалдым. Мысалы, киімнің суреттерін жариялайсың, тапсырыс алсаң, тапсырыс бересің және сатасың. Осылай.
707 viewsbatyr_bloger, 03:05
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 20:02:00 Бас ауырып, балтыр сыздай қалса бір сиқырлы таблетканы іздейтініміз рас. Алайда, өкінішке орай ондай таблетка жоқ. Препараттарды тек дәрігердің тағайындауымен, нұсқаулықпен ішуіміз қажет. Өз басым осы уақытқа дейін дәрі-дәрмек деген нәрсеге сене бермейтінмін. Өткенде көршімнің баласы қатты ауырды, скарлатина деген бактериалық инфекция көрінеді. Баланың денесі, тілі бәрі қып-қызыл бөртпе, шошып кеттім. Дәрігерлер келіп, ем тағайындап кетіпті. Сол бала екі күн ішінде тәуір болып 7 күнде шауып кетті. Ауруханаға жатпапты, үйде емделген екен, дәрігердің нұсқаулығымен дұрыс препарат тағайындалыпты. «Риза болдым» дейді көршім. Сонда барып, дәрінің күшіне таңдай қақтым. Сосын елімізде осы фармацевтика саласы қалай бағыт алып барады, сол жөнінде білгім келді. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде еліміздің фармацевтика нарығы ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі  3-ші орынды қамтитын көрінеді. Елде 10 мыңнан астам препарат тіркелсе, дүниежүзінен келген 100-ге жуық маман жұмыс істеп жатқан көрінеді. Импорт көлеміндегі Еуропа елдерінің үлесі басым. Бүгінгі таңда 35 отандық тауар өндірушімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 4 895 атауын жеткізуге жасалған 89 ұзақ мерзімді шарт әрекет етеді. Оның ішінде 42 ұзақ мерзімді шарт дәрілерге және 47 ұзақ мерзімді шарт медициналық бұйымдарға жасалған. Сатып алу бойынша жүргізілген келіссөздердің қорытындысында 2021 жылға ұзақ мерзімді жеткізу шарттары арқылы сатып алуды алдын ала үнемдеу 5,7 млрд теңгеден асты. 2024 жылға қарай қазақстандық фармацевтика нарығы 10 пайызға өсуі болжанып отыр. Сонымен қатар отандық өндірісті қолдау саясатына қарамастан, нарықтағы ОТӨ үлесі құндық мәнде 17%-ды құрады, бұл өндірушілердің қоржынын тиімділігі төмен және негізінен генерикалық дәрі-дәрмектер ұсынылған ретінде сипаттайды.
Пандемия кезінде дәрі-дәрмектен қиналғанымыз рас. Алайда көп ұзамай бұл олқылықтың орны түзеліп, кінәлілер жазасын алды. Десек те, бұл оқиға фармацевтика саласына айрықша көңіл бөліп, одан әрі дамытуымыз қажеттігін еске салды. Ал Сіз өз дәрісалғышыңызда (аптечка) қандай препараттарды сақтайсыз? Дәрі тапшылығынан қиналған кезіңіз болды ма?
294 viewsbatyr_bloger, 17:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 19:05:58
Ұйқысыз өткен түн, жұмсалған уақыт, қаптағы күріш, себілген сөк, пинцитпен түйірлеп жабыстырған қарақұмық, пва клей, осының барлығы қызымыздың бір ғана қуанышты жүзін көру үшін. Балаңның қуанышын көргеннен артық ата-ана үшін бақыт жоқ екен ғой.
.
Қызымыз балабақшаға барып жүргенде келіншегім екеуміз отырып алып, түнімен жасап едік
.
Ұнаса басайық
#алтынкүз #баламенбірге
425 viewsbatyr_bloger, 16:05
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 18:57:49
Кімде қандай бітпеген жұмыстары бар? Волшебный саусақтарымды кімге бере тұрайын?
425 viewsbatyr_bloger, 15:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 11:57:52 Ағамның баласы мектеп табалдырығын биыл жаңадан аттағандар қатарында. Жеңшем болса қызына жаны ашып, сабақтан келсе “шаршадың ба құлыным?”, деп еркелете жөнеледі.
 
“Қойыңызшы, қазіргі оқушыларға жеңше комфорт жағдай жасалған!” -, деп мен үнемі айтамын ғой деймін.
 
Расында, қазір салынып жатқан су жаңа мектептерде барлық жағдай жасалған. Әдемі сыныптар, жоғары білімді мамандар, керек десеңіз еш жерге шықпай-ақ түрлі үйірмеге мектеп қабырғасында қатыса алады. Ол азба?! Үй жұмысын да сол жерде орындап келеді ғой, шіркін!
 
Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жеткен жетістігіміз дәл осы білім саласында болып отыр.
 
Бүгінде үшінші мегаполистің өзінде кәсіпкерлер мектептің құрылысына қаржы сала бастады. Қазір Шымқала жекеменшік инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр!
 
Иә, шаһарда мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Биылғы жаңа оқу жылының өзінде қалада 20 жаңа мектеп ашылды.
 
Тәуелсіздік жылдарында шаһарымыз білім саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Егемендіктің 30 жылдығына тарту ретінде ашылған жеке меншік мектебі де күн санап артуда. Мәселен осыдан отыз жыл бұрын үшінші мегаполисте 69 мың оқушысы бар 72 білім ошағы болса, қазір 233 мыңнан аса тәлімгер оқитын 203 мектеп болып отыр. Тіпті бұл сан тағы артары сөзсіз ғой. Себебі 2025 жылға дейін тағы 72 мектеп салу жоспарланғанын оқып қалдым.
 
Еліміздегі мақтанып айтатын жетістік осы емеспе? Сондықтан, апама қызыңыз сол жетістікті көріп, керемет жағдайда білім алуда деймін ғой) Расымен де, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім ошақтарында видео бақылау жүйесі, арнайы турникеттер, дабыл батырмасыла орнатылды! Білім ордасының материалдық-техникалық базасы нығайғаны тағы бар. Сонымен қатар жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылып, жаңа кабинеттер ашылды.  Осылайша жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі отыз үш пайызға артып отыр.
 
Қарындасым да биылғы жаңа оқу жылын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастап отыр. Дәл осындай дамыған, білім саласында жетістікке қол жеткізген уақытта оқып жүргеніне шүкір.
475 viewsbatyr_bloger, 08:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 06:28:47
274 viewsbatyr_bloger, 03:28
Ашу / Түсініктеме