Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде бір бірін тауып, отау құрып кеткендер туралы | batyrbloger

Әлеуметтік желіде бір бірін тауып, отау құрып кеткендер туралы күнде бір пост оқитын болдым. Сонда қазір қыз -жігіттер болашақ жарын инстаграмнан іздейтін болғанба?
 
Ал бізде көрейікші деп сөйлесе қалсаң  пәтерің барма деген сұрақ келері анық. Оны тек қыздар емес ұлдарда сұрайтын болған.
 
Пәтер демекші, былтыр құрылыс саласы елдің экономикалық белсенділігінің негізін құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,8% пайызға өскен.
Жалпы Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ауыз толтырып айтатын жетістіктің бірі тұрғын үй құрылысының дамуы болып отыр. Өткен жылдың қорытындысвна көз жүгіртсем, барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 15,3 млн м2 тұрғын үй ел игілігіне берілген екен.  Бұл дегеніміз 40 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылған, жиырма ьес мыңнан астам жанұя қолжетімді несиеге берілетін баспана, алты мыңы болса жеңілдікпен қарыз беру арқылы және тоғыз мыңнан астам отбасы әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізді. Қуантарлық жаңалық қой Ал тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары тұр.
Иә, егеменді ел болғанымызға 30 жылдың тұсында бұл салада талай тірлік тындырылды. Тұрғын үй құрылыс көлемін арттыру және ондағы инфрақұрылым саласын жақсарту мәселесі Үкіметтің басты назарында болмақ! Салынып жатқан бұл баспанаға қол жеткізуге тұрғын үй құрылысы бойынша қабылданған бағдарламалар мен осы саладағы реформалар мүмкіндік береді. Сондай-ақ  Тәуелсіздіктің отыз жылындағы еңбектің жемісі деп  тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияны айтар едім. Былтырдың өзінде бұл салаға 2 трлн теңге инвестиция тартылған. Иә, Тәуелсіздіктің 30 жылы мерейтойының куәсі болып жүрген жандар шынайы бақытты. Себебі баспа алудың барлық жобасына қатысуға қауқарлы. Тек еңбек етсе жеткілікті!
 
Мен жаңағы әлеумеуметтік желі арұылв танысып, отбасын құрптындарға қарсылығым жоқ. Бастысы өзінің адамын тауып, шынайы бақытты болсын