Get Mystery Box with random crypto!

«Жазалаймыз!» Бас Прокуратура қазақстандықтарға қатаң ескерту | Азаттық таңы

«Жазалаймыз!» Бас Прокуратура қазақстандықтарға қатаң ескерту жасады

Осы жексенбі, 5 маусым күні Қазақстанда Ата заңға түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады ведомствоның ресми сайты.

Бас прокуратура өкілі 4 маусым сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт-насхиат жұмыстарын жүргізу аяқталатынын айтты. "Референдум алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда үгіт-насихатқа, оның ішінде қоғамдық сауалнама нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамын жариялауға тыйым салынады", - деді Дембаев. Бұл ережені бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға екі рет дауыс беруге немесе басқа сайлаушының орнына дауыс беруге қатаң тыйым салынғанын еске салды.