Get Mystery Box with random crypto!

Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр Қ | Азаттық таңы

Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр

Қазнетте референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда капитан пагонын таққан.

5 маусымдағы референдум кезінде Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде қызық оқиға болған. Оқиға видеосы Beknur Srazhanov You Tube-арнасында жарияланды.

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Бірақ куәлік пен погондағы шен сәйкес келмеген. Құжаттар бойынша тәртіп сақшысы - майор, ал погонына қарағанда капитан шенінде.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оған 30 мамырда полиция майоры шені берілген, ал қызметтік куәлік БҚО Полиция департаментінде жасалып, 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде табысталған екен.

Полицей 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.