Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 55

2021-10-09 16:00:09
1515 жылы Микеланджело жасаған Мұса мүсініндегі қызық бір деталь: қолдағы мына бір бұлшық ет тек шынашақ жоғары көтерілген кезде ғана ішке қарай жиырылады екен
130 views13:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 10:04:34 Қыз бен жігіт дос бола ала ма?

Желіде әрқашан осындай дилемма болатын. Үнемі мұндай нәрсенің мүмкін емес екенін айтатынмын, кейін жас өсе келе басқаша екенін түсіне бастадым. Көбіне қыздар жағы болатынын айтатын.

Бірақ ғылым бұған не дейтінін қарамаппыз. АҚШ-та бір университет өздерін дос санайтын 88 қыз бен жігіт жұбына эксперимент жасапты. Оларды бөлек бөлмелерге кіргізіп, сұрақтар қойған. Жігіттердің көбі қыз досы негізі былай жыныстық тұрғыда да қызықтыратынын айтыпты. Ал қыздарда ондай ой болмайды екен. Жігіттер сосын қыз тарапынан жасыл жанса, басып жіберуден тайынбайтынын айтқан екен.

Зигмунд Фройд ата былай деп кеткен екен: "Ешқандай еркек өзіне жыныстық тұрғыда тартымсыз әйелмен дос бола алмайды".

Яғни қыздар мұндай достық бар деп ойлайды, ал жігіттер олай ойлай бермейді. Емшек пен көтенге міндетті түрде қарайды, реті келсе секс әлбетте.

#психология
163 views07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 09:06:21
TIME журналының соңғы мұқабасы Фейсбукті өшіруге үндеп тұр.
Соңғы жылдары #deletefacebook хештегі танымал болып, талай адам ФБ аккаунтарын жапты
165 views06:06
Ашу / Түсініктеме
2021-10-08 10:26:19 Адамдар неге тәуелсіздігін қаламайды?

Адамдардың көбі жалпы еркін ойлы, ешкімге тәуелсіз болғысы келмейді екен. Себебі ойларына жауапты болуы керек, содан қорқады екен. Одан да басқалармен бір пікірде болғанды дұрыс санайды. Сондықтан да отбасы, қауымдастық, дәстүр, дін сияқты шектеу және ережелермен өмір сүре бергенді қалайды.

#психология
193 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-08 05:35:30 Егер тылсым-мистика әлемі рас, көріпкел-балгерлердің айтқаны дәл болса, әлемде ешқандай букмекер болмас еді
210 views02:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 18:50:03
16 жыл бұрын мен. "Миллион кімге бұйырады".
80 мың ұтқам. Ол кезде дохуя ақша


449 viewsedited  15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 15:34:37 Астанада бір жігіттің сұрағына қысқа жауабым:

- Ареке, осы сендерде әкеден бе, шешеден бе?
- Ана ғо...
- Ааа, иә, солай екен ғой.
223 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 12:35:59 Болашақтың желісі - Федиверс

Федиверс немесе децентрал (орталықтандырылмаған) желілердің ашылғанына 12 жыл болыпты. Бірақ әлі танымал емес. Бізде танымал емес. Ал әлемде жұрт дәстүрлі желілердегі аккаунтарын жауып, оларға альтернатив желілерге көшіп жатыр.

Неліктен дейсіз ғой?

Ең басты себеп - децентрал, яғни нақты орталығының болмауы. Ақпарат түрлі серверлерде орналасады, тіпті түрлі домендермен. Бір бірімен араласып, бірін бірі оқып, коменттей береді. Мысалы Фейсбуктің нақты орталығы бар. Алдында өшіп қалған кезде жұрт ештеңе істей алмай қалды. Ал мұнда олай емес, бір домен жабылса, басқасынан кіре береді.

Тағы бір себеп - жеке бас қауіпсіздігі. Желіде адам туралы көп ақпарат бар, тіпті олар сатылады, жарнамада қолданылады, алаяқтардың қолына да түседі. Ал мұнда ондай жоқ. Тіпті ешкім қарай алмайды, желі әкімшілігіне сұрау да жібере алмайды.

Функционал жағынан барлығы бірдей. Жарнама жоқ. Тек желі ғана. Қолданушыға керегі де сол. Fediverse.party сайтына кірсеңіз, танымал желілердің барлығына альтернатив бар екенін көресіз. Қаласаңыз өзіңіз де ашып алуыңызға болады.

Қазір тек ІТ саласындағылар ғана қолданып жүр. Өйткені оның не екенін түсінеді. Қарапайым адамдар да түсінген кезде Федиверс қолданушылары да көбейеді.
239 views09:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 06:26:32 ҚТЛ түлектері Қазақстанның болашағын өзгерте ала ма?

Егер ҚТЛ түлектері партия құрса? Елге оң өзгерістер әкеле ме? Коррупцияны жеңе ме?

Келесі жылы қазіргі Білім-Инновация Лицейлері, бұрынғы Қазақ-Түрік Лицейлерінің құрылғанына 30 жыл болады. Жыл сайын мыңдаған түлек шығаратын бұл ұйымның түлектері саяси күш болса ше?

Меніңше еш қиналмай-ақ 1 күнде қажетті қол санын жинап, партия бола алады. Бүгінге дейін қалыптасқан нақты бір желі бар, структура бар, иерархия бар, байланыстар бар, тұлғалар бар. Түлектердің алды 40-43 жаста. Бизнес саласында сәтті кәсіпкерлер көп. Мемқызметте, меммекемелерде жоғары лауазымда отырғандар бар. Жастар қанаты да дайын деуге болады. Оларды қолдайтын отбасылары, ағайын-тума, достары да көп.

Мәселе негізі айналасындағы қолдаушылар санында емес. Мәселе сенімде. Сенім! Түлектер бүгінге дейін өздерін бизнесте, білім саласында, ІТ секторында, қайырылымдық және әлеуметтік жобаларда көрсетіп болды. Мықты кейстер және тәжірибе бар. Халық сенеді. Балаларын БИЛ мектептерінде оқытқысы келеді. Арзан шоу-бизнесте, псевдоұлтшыл тірліктерде, коррупция скандалдарында көрінген ешкім жоқ. Нақты нәрселермен айналысады.

Яғни бір партия болуға алдыңғы шарттардың бәрі бар деген ойдамын. Түлектерде дисциплина бар, патриоттық бар, ар-ождан бар. Тек ішкі мәселелері болуы мүмкін. Мысалы діни жамағатқа жақындар мен ішетіндер сияқты ішкі бөлінулер бар. Бір бірінен алшақтық байқалады. Бірақ қажет кезде біріге алады. Сондықтан либерал бағытты ұстанатын болса, білім мен ғылымға ден қоятын болса, әлеуметтік мәселелерді қолға алса, медицинаға көңіл бөлсе, шағын бизнесті дамытса, халық мұндай партияны қолдайды.

Орташа жасы да төмен, шал-кемпірсіз партия болып шыға келеді. Бұларда еш агрессия, популизм, жасандылық жоқ. Үнсіз шаруа істейтін адамдар. Бізге қазір керегі де осындай партия.

Жеке өз басым осындай модерн, зайырлы, іскер, жас партия болса деп тілеймін.
283 views03:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 15:29:30 Кей адамдарға "Біз дос болуға міндетті емеспіз" деп айтқым келеді. Бірақ ұялам. Айтпайм. 40 жастан кейін емес, жалпы 35 жастардан кейін адамның досы азаяды, фильтрлей бастайды.

Бұл сөзді түріктердің "Бұл істе бір жалғыздық бар" деген мықты романтикалық фильмінде естідім. Содан ұнап қалды.

#күштікино шынымен. Мына жерден қарауға болады. Бірінші видео субтитрмен, екіншісі орысша дубляжбен
http://great-tv.tv/turetskie-filmy/v-etom-dele-est-odinochestvo-bu-i-te-bir-yaln-zl-k-var
260 views12:29
Ашу / Түсініктеме