Get Mystery Box with random crypto!

ҚТЛ түлектері Қазақстанның болашағын өзгерте ала ма? Егер ҚТЛ | ArshatGo

ҚТЛ түлектері Қазақстанның болашағын өзгерте ала ма?

Егер ҚТЛ түлектері партия құрса? Елге оң өзгерістер әкеле ме? Коррупцияны жеңе ме?

Келесі жылы қазіргі Білім-Инновация Лицейлері, бұрынғы Қазақ-Түрік Лицейлерінің құрылғанына 30 жыл болады. Жыл сайын мыңдаған түлек шығаратын бұл ұйымның түлектері саяси күш болса ше?

Меніңше еш қиналмай-ақ 1 күнде қажетті қол санын жинап, партия бола алады. Бүгінге дейін қалыптасқан нақты бір желі бар, структура бар, иерархия бар, байланыстар бар, тұлғалар бар. Түлектердің алды 40-43 жаста. Бизнес саласында сәтті кәсіпкерлер көп. Мемқызметте, меммекемелерде жоғары лауазымда отырғандар бар. Жастар қанаты да дайын деуге болады. Оларды қолдайтын отбасылары, ағайын-тума, достары да көп.

Мәселе негізі айналасындағы қолдаушылар санында емес. Мәселе сенімде. Сенім! Түлектер бүгінге дейін өздерін бизнесте, білім саласында, ІТ секторында, қайырылымдық және әлеуметтік жобаларда көрсетіп болды. Мықты кейстер және тәжірибе бар. Халық сенеді. Балаларын БИЛ мектептерінде оқытқысы келеді. Арзан шоу-бизнесте, псевдоұлтшыл тірліктерде, коррупция скандалдарында көрінген ешкім жоқ. Нақты нәрселермен айналысады.

Яғни бір партия болуға алдыңғы шарттардың бәрі бар деген ойдамын. Түлектерде дисциплина бар, патриоттық бар, ар-ождан бар. Тек ішкі мәселелері болуы мүмкін. Мысалы діни жамағатқа жақындар мен ішетіндер сияқты ішкі бөлінулер бар. Бір бірінен алшақтық байқалады. Бірақ қажет кезде біріге алады. Сондықтан либерал бағытты ұстанатын болса, білім мен ғылымға ден қоятын болса, әлеуметтік мәселелерді қолға алса, медицинаға көңіл бөлсе, шағын бизнесті дамытса, халық мұндай партияны қолдайды.

Орташа жасы да төмен, шал-кемпірсіз партия болып шыға келеді. Бұларда еш агрессия, популизм, жасандылық жоқ. Үнсіз шаруа істейтін адамдар. Бізге қазір керегі де осындай партия.

Жеке өз басым осындай модерн, зайырлы, іскер, жас партия болса деп тілеймін.