Get Mystery Box with random crypto!

Болашақтың желісі - Федиверс Федиверс немесе децентрал (ортал | ArshatGo

Болашақтың желісі - Федиверс

Федиверс немесе децентрал (орталықтандырылмаған) желілердің ашылғанына 12 жыл болыпты. Бірақ әлі танымал емес. Бізде танымал емес. Ал әлемде жұрт дәстүрлі желілердегі аккаунтарын жауып, оларға альтернатив желілерге көшіп жатыр.

Неліктен дейсіз ғой?

Ең басты себеп - децентрал, яғни нақты орталығының болмауы. Ақпарат түрлі серверлерде орналасады, тіпті түрлі домендермен. Бір бірімен араласып, бірін бірі оқып, коменттей береді. Мысалы Фейсбуктің нақты орталығы бар. Алдында өшіп қалған кезде жұрт ештеңе істей алмай қалды. Ал мұнда олай емес, бір домен жабылса, басқасынан кіре береді.

Тағы бір себеп - жеке бас қауіпсіздігі. Желіде адам туралы көп ақпарат бар, тіпті олар сатылады, жарнамада қолданылады, алаяқтардың қолына да түседі. Ал мұнда ондай жоқ. Тіпті ешкім қарай алмайды, желі әкімшілігіне сұрау да жібере алмайды.

Функционал жағынан барлығы бірдей. Жарнама жоқ. Тек желі ғана. Қолданушыға керегі де сол. Fediverse.party сайтына кірсеңіз, танымал желілердің барлығына альтернатив бар екенін көресіз. Қаласаңыз өзіңіз де ашып алуыңызға болады.

Қазір тек ІТ саласындағылар ғана қолданып жүр. Өйткені оның не екенін түсінеді. Қарапайым адамдар да түсінген кезде Федиверс қолданушылары да көбейеді.