Get Mystery Box with random crypto!

Қыз бен жігіт дос бола ала ма? Желіде әрқашан осындай дилемма | ArshatGo

Қыз бен жігіт дос бола ала ма?

Желіде әрқашан осындай дилемма болатын. Үнемі мұндай нәрсенің мүмкін емес екенін айтатынмын, кейін жас өсе келе басқаша екенін түсіне бастадым. Көбіне қыздар жағы болатынын айтатын.

Бірақ ғылым бұған не дейтінін қарамаппыз. АҚШ-та бір университет өздерін дос санайтын 88 қыз бен жігіт жұбына эксперимент жасапты. Оларды бөлек бөлмелерге кіргізіп, сұрақтар қойған. Жігіттердің көбі қыз досы негізі былай жыныстық тұрғыда да қызықтыратынын айтыпты. Ал қыздарда ондай ой болмайды екен. Жігіттер сосын қыз тарапынан жасыл жанса, басып жіберуден тайынбайтынын айтқан екен.

Зигмунд Фройд ата былай деп кеткен екен: "Ешқандай еркек өзіне жыныстық тұрғыда тартымсыз әйелмен дос бола алмайды".

Яғни қыздар мұндай достық бар деп ойлайды, ал жігіттер олай ойлай бермейді. Емшек пен көтенге міндетті түрде қарайды, реті келсе секс әлбетте.

#психология