Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 51

2021-10-27 06:49:16
Happy birthday to you әні қалай шыққан?

Бастапқыда бұл ән 1893 жылы Good morning to all (Бәріңе қайырлы таң) деген атпен шыққан. Апалы-сіңлілі Милдред және Пэтти Хилл бұл әнді балабақшаға арнап шығарған.

1924 жылы біреулер сөзін өзгертіп, туған күнге арнап жіберген. 1930-жылдары ән қатты танымал болып кеткен.

Содан кіші сіңлілері Джессика Хилл сотқа беріп, оны ұтып алған. Қазір бұл әнді коммерцияық мақсатта пайдаланатындар Хилл Қорына ақша төлейді.

Хилл Қоры жылына 2 млн $ табады екен
140 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 20:04:28 Бүгін Убермен көп жүрдім, таңғы 7 жарымнан бастап. Күнделікті жүретін 2-3 маршрут та бар.
Кем дегенде 400-500 теңгеге арзан шықты.
Бүгін жаңалықтарда көрдім: такси тарифтерін тексеріп жатыр екен үкімет.
Сондықтан арзаншылық уақытша бола тұратын сияқты. Кейін секс қайта жалғасады
164 viewsedited  17:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 15:34:32 - Неге вакцина алмадың?

- Өйткені ұзақмерзімді зерттеу болмағандықтан сенімді емеспін. Әлбетте өз жауапкершілігімді сезінемін және сақтық шараларын жасап жүрмін. Бірақ шешімді әркім өзі қабылдауы керек.
Дегенмен ковиді жоққа шығармаймын және вакцинаға қарсы емеспін. Мүлдем екпе қабылдамаймын демеймін. Болашақта вакцина жасатуым әбден мүмкін.

(Бұл менің сөздерім емес. Баварияның ойыншысы Киммихтің айтқан сөзі. Бірақ ойларымыз бірдей екен)
77 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 07:08:51 Болашақтың әлеуметтік желісі Метаверс қалай болмақ?

Жалпы Метаверс немесе Метағалам - жаңа онлайн әлем болмақ. Қазіргі желіде тек көру, оқу, жазу болса, ол жерде қолданушының белсенділігі басқаша болады. Шынымен басқалармен бір жерде жүргендей әсер болады. Ол үшін әлбетте арнайы көзілдірік, гаджет, гарнитурлар қажет болады.

Әркімнің өз әлемі де болады. Қазіргі ойындардағыдай өзіне қажет нәрселер сатып алады. Яғни жақсы ақша айналымы болады.

Түрлі концерттер, көрмелер, жиындар, ойындар, тренингтер болады. Бірнеше адаммен бірге қатысып жатқандай әсерде болады.

Мұндай жерлерде демеушілік, жарнама қою да болады. Жақсы ақша да әкеледі.

5 жылдан кейін болатын нәрсеге қазірден дайындала берген дұрыс. ІТ мамандары мен дизайнерлер үшін жаңа кезең басталады. Жұрт солардың көтіне кіретін болады. Олар да жақсы ақша табады сәйкесінше.

Қазақстандағы руханият коррупциясы да белсенді болады деген ойдамын. Онлайн айтыс, концерт, форум-конференциялар көбейеді.

Тек Фейсбук корпорациясы емес, басқа да метағаламдар болады. Бұл салада жақсы бәсекелестік болайын деп тұр. Біреулері 5 жылға дейін де шығарып тастауы мүмкін
165 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 17:43:45
Даяшы кезімде бір қолыма 3 табақтан артық ала алмайтынмын. Мынанікі 33!
104 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 15:37:00
@ таңбасы алғаш рет қашан қолданылған білесіз бе?

Тарихта алғаш рет болгарлар қолданған екен, блогерлер емес. Бірақ сол кездің блогерлері деуге болатын шығар? 11-ғасырдың соңына дейінгі оқиғалар альманахы шыққан екен. Соны болгарлар өз тілдеріне 1345 жылы аударыпты. Сол кезде Әумин (Amin) деген дұғасоңы үшін @ қолданыпты.

Кейінірек итальян саудагерлері @ таңбасын өлшем бірлігі ретінде қолданыпты. Бір бөшкенің 1/13 бөлігін білдіретін көлем үшін пайдаланған екен. Еуропада сауда арқылы танымал болыпты. 1536 жылы жазылған бір хат табылған екен. Содан түсініпті ғалымдар.

Ал қазіргі имейлдік, логиндік таңбасы 1971 жылы басталған екен
133 views12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 09:20:45 Астаналықтардың назарына!

Алдағы бейсенбі TezTap интеллектуал ойыны болады.

Бейсенбі, 28 Қазан, 19:45.
The Friendly's бары, Самал 11.
Қатысу құны: 2000 тг/адам, алғашқы 10 топқа - 1500 тг/адам.

Тіркелу үшін: https://forms.gle/dTpQpP52zKqYhfZM8

https://www.instagram.com/p/CVVIkm3sGgd/
174 viewsedited  06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 06:33:11 Куәгер эффекті...

Психологиялық жаман эффект. Адам бір апаттық жағдай немесе басқа да төтенше оқиға кезінде зардап шегушіге көре тұра көмектеспеуі. Оның ойынша басқалар көмектесуі керек деп ойлайды. Дәл осылай басқа куәлар да солай ойлайды екен. Сондықтан қарап тұра береді адамдар, жедел көмектесудің орнына.

Енді мұндай нәрсе бар екенін білесіз. Сондай жағдайға куә болсаңыз, бірден көмектесуге асығыңыз.

#психология
167 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 12:33:57 Аудармашы дегенде костюм-шалбар киген интеллигент адам елестейді ғой. Бір досым бар, ағылшын тілінің кәсіпқой аудармашысы. Бірақ циник, қисық-қыңыр, спортивка, бір түрлі футболкалар киед, алаңдағы аудармашы, факинг-шит сияқты кинодағыдай ағылшынмен сөйлейтін.
Качок. Бірақ көп оқыған. Шынымен интеллектуал долбоеб.
Сол канал ашыпты. Аса мәдениетті адамдарды сол каналға жазылмауға шақырамын.
https://t.me/audarmeria
80 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 09:24:24 Бір мешіттің алдында 2 қайыршы тұр екен. Біреуінің алдында "Мен кедей мұсылманмын. Жағдайымыз нашар. Көмектесіңізші" деген жазу. Екіншісінде "Бұрынғы бай евреймін. Алкоголь мен құмар ойындары құртты мені. Садақа беріңізші" деген жазу.
Жұрт мұсылманға беріп, анаған ешкім ақша салмайды екен. Соны байқаған молда екінші қайыршыға "Сен бұлай жазба, еврей екеніңді де айтпа" деп кеңес беріп кетіпті. Молда кеткеннен кейін жаңағы қайыршы біріншісіне қарап, "Давид, мұсылмандар бізге маркетинг үйретпесінші" деп күліпті.

Жәй ғана анекдот болғанымен өмірде де қолданатын нәрсе. Біз мысалы өзімізге ұнаған лого жасасақ, жанына онша еместеу 2 альтернатива жасаймыз. Сайт жасағанда да негізгі нұсқа жанына албастылау нұсқа көрсетеміз.
Адамда таңдау болуы керек. Бірақ ол таңдауға сіз бағыттауыңыз керек
123 viewsedited  06:24
Ашу / Түсініктеме