Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 54

2021-10-13 13:03:38 Туған өңірім карт ойынымен танымал. Ұлттық ойын десе де болады. Жасы да, кәрісі де, еркегі де, әйелі де ойнайды. Ұят та болса айтайын: садақаларда да ойнай береді.
Бір күні аудан орталығына оңтүстік аймақтың номерімен бір Камаз келіп, 2 жігіт қарбыз сатады. Дәмді, сапалы қарбыз жақсы сатылады. Жергілікті жігіттер қонаққа шақырып, өңірлік ұлттық ойынымызбен таныстырады. Қарбызшы қонақ жігіттерді ұтып алады.
Ертеңіне тағы қарбыз сатылады. Түнгі карта ойынында қонақтар тағы ұтылады.
Үшінші күні қарбыз сатушы лохтар туралы естіп, жақын ауылдың ойын шеберлері аудан орталығына жинала бастайды. Әр ауылдың Роналду, Месси, Неймарлары карт ойын бойынша.
Сол кезде жаңағы 2 қонақ жігіт бәрін сыпырып шығады. Түгелімен!
Ертеңіне Камаздарымен сыйбалсы болады. Ауылдықтар ауыздары аңырайып қалады.
Сөйтсе, екі қарбызшы кәсіпқой шулерлер екен. Ал қарбыз - жәй аңыз.
Оқиғаның растығын ауылдастардан сұрап тексердім. Тіпті ұйымдастырушысы жергілікті катала деседі. Өзі ойнамай, адам жинап берген.
#алаяқтар
224 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 11:32:56 Кэшсіздіктің қайыршыларға әсері...

Соңғы кезде көшеде қайыр сұрайтындар көбейіп кетті. Ақша болмағасын, картасын сұрайсың. Бәрінде болмайды әрине. Болатындарға күмәнмен қараймын.

Бүгін бір орыс кісі тамаққа ақша сұрады. "Арақ ішпеймін" деп шынын айтқасын дүкенге бірге барып, сұрағанын алып бердім. Колбаса, тушенка және айран алды. Кассаға жақындағанымда "Арзандау балмұздақ алайыншы" дейді

Кэш ұстамау пайызы көбейген кезде тіпті қиын болатын сияқты бұларға...
235 views08:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 10:11:58 Қарбыз маркетингі

Бір шал қарбыз сатып тұр екен.

1 қарбыз = 3$, 3 қарбыз = 10$

Бір кісі келіп, 1 қарбыз сатып алыпты 3 долларға. Сосын тағы біреуін, сосын тағы бір қарбыз. Осылайша 9 долларға 3 қарбыз алыпты да, "Әй, шал, мен 3 қарбызды 10 долларға емес, 9 долларға алдым" деп күліп кетіпті.

"Маған маркетинг үйретпеңдерші"
депті шал ішінен, 1 қарбыз алуға келіп, 3 қарбыз алған кісіге естіртпей...
240 viewsedited  07:11
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 09:03:47 Poparazzi деген желі шыққан еді. Бізге әлі келмеді. (Қазақстаннан тіркелу мүмкін емес әзірше)
Шыққан кезде Эппсторды айырып тастаған, Топқа көтеріліп.
Идеясы мындай: өз суретіңді қоса алмайсың, тек достарыңның фотосын қосасың олардың аккаунтына. Ешқандай фильтр жоқ сосын.
Достардың ыңғайсыз фотоларын қосып, тарқ-тарқ күліп отырасың. Олар да саған соны істейді.
Идеясы ұнап тұр. Ішіп отырған достарымды салар едім немесе моншадан
Қазақстанға ашылатын күнін асыға күтем
428 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-11 15:00:22 "Кальмар ойыны" туралы ойым

https://azattyq-ruhy.kz/culture/29347-kalmar-oiyny-kapitalizmnin-onimi-siia-bagdauletkyzy
70 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-11 11:19:06
Бүгін Қазақстан-2030 стратегиясының қабылданғанына 24 жыл
105 views08:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 21:19:38
У Apple вышла крутая реклама. Там показали, насколько грязными бывают деньги. Употребление наркотиков и стриптиз — через чего только не пройдет купюра, пока окажется у конечного получателя.

А вот с использованием Apple Pay деньги остаются всегда чистыми. Правда, и кокаин не понюхать. Но можно и без него пережить :)
73 views18:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 18:58:29 Ұлыбританияда 148 жылдық бір шіркеу "Әулие Михаил" деген атын "Әулие Майк" деп өзгертіпті және шіркеу жанынан кофехана ашыпты. Осылайша азайып кеткен адам санын қайтадан көбейтпекші екен, жастарды тарту мақсаттары да бар. "Заман талаптарына сай болуымыз керек" депті шіркеубасы.
128 viewsedited  15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-10 09:13:31 Испан ұяты...

Басқа біреудің масқарасы үшін ұялатын психологиялық дискомфорт. Ең алғаш испандар қолданғасын, солай аталып кеткен. "Басқа біреу үшін ұялу" деп аударған кезде ұзындау болғасын, қысқаша "испан ұяты" деп аталып кеткен.

Неге ұяламыз басқа біреу үшін? Өйткені сол қоғамда бірге өмір сүреміз. Ұлт, жыныс, сала, мамандық сияқты ортақ тұстар болады. Сол үшін.

Бірақ негізі ұялуы керек жақ сол тірлігі үшін ұялмайтын сияқты немесе неге ұялатынын түсінбейді.

#психология
52 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 19:52:48 "Босния мен Герцеговинадан жеңілген Қазақстан Әлем Чемпионатына бару мүмкіндігінен айрылды"

"Қазақстан 2022 жылы Катарда өтетін Әлем Чемпионатына қатыса алмайтын болды"

"Ұлттық Құрамамыз Әлем Чемпионатына қатысу шансынан айры
лды"

Футболды пиздец ойнайтын болсақ? Тақырыптар осылай шығатын болса?
84 views16:52
Ашу / Түсініктеме