Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 52

2021-10-22 19:04:12 Жас келген сайын қазіргі музыкаларды қабылдай алмайтын болыппын.
Деп ойлаушы едім. Мәселе сөздерін түсінбеуде сияқты. Мен мысалы Моргенштерн мен Скриптонит не айтып жатқандарын түсінбеймін. Ninety one да солай. Соңғы әндерін нихуя түсінбеймін.
Ал мына әннен кайф алам
Ты горишь как огонь,
У меня агония
Заебись!!!


93 viewsedited  16:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 17:15:43
Таргетке саласыңдар, бірақ бет жабасыңдар. Оны қойш, нақуя Gmail логосын сігіп кетесіңдер, а? :)
128 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 11:48:50 Таксиде ең жек көретін нәрсем - иіс. Тер иісі, блеать!
Бірде "Әйелдер таксиін" ашу туралы ой болып, бірнеше қыз-келіншектен фокус-топ жасап, пікірлерін алғам. Басты себептер қауіпсіздік болар деп ойлағам. Сөйтсем, тазалық пен иіс туралы жиі айтылды.
Маған машинаның жағдайы мен түрі бәрібір. Бірақ иіске шыдау қиын
159 views08:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 10:39:20 Мегафонның жаңа жарнамасында Азамат Мұсағалиев пен Брюс Уиллис ойнайды.
Азамат шынымен өзі, ал Брюс ағаны жасанды нейрожелі арқылы жасаған.
Бізде Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Құдайберген Сұлтанбаевтарды осылай шығарса ғой...


165 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 13:10:43 ППП... Пиздец просто...

Бүгін жұрт жиі жылайтын үш П алаяқтығы туралы айтайын.

П - Пирамида. Бұның енді таза #алаяқтар екенін түсінбеу үшін қаншалықты долбоеб болуы керек екенін түсінбедім. Пирамидалар адамнан ақша алады да, кейін белгілі бір уақыттан кейін үстінен дивидент, яғни табыстан үлес береді. Көп салсаң - көп аласың. Көп адам әкелсең, сәйкесінше саған да олардан бонустар жазылады. Механизм осы ғана. Адамдар бастапқыда шынымен ақша алады. Бірақ... Бірақ адам тойымсыз. Кейін бұрынғыдан да көп ақша сала бастайды. Олардан да көп ақша табатынына сенімді. Міне пирамида осындай ақымақтар көбейген кезде, ортадағы ақша мол болған кезде сыйбалсы болады. Ешкім ізін таппай қалады. Ақшаны жинайды да, тайып тұрады. Болды.

П - Психологиялық курстар.
"Тренингі Бақыт туралы еді. Күйеуімен ажырасу соты ойын бөле берді". Осындай қысқа әңгіме оқып едім бұрын. Түсінем адам күйзелісте болады, жылы сөз естігісі келеді, бизнеске мотивация іздейді. Сол үшін психологиялық курс өткізетін менторларға ақшаларын төлеп "оқиды". Сондай менторларды негізі ешкім танымайды. Сондықтан алдымен өздерін таныстыра береді, өз өмірлері мен жетістіктерін айтып. Егер ол шынымен мықты және танымал болса, адам ол туралы ақпаратты өзі табар еді. Яғни әлі өзі пәлендей ештеңе қарық қылмаған адамнан не үйренесің? Ақшасы көп адам сенің 5-10 мың теңгеңді сіксін бе?

П - Прогноздар.
Білә, желіде ең көп күлкім келетіні осылар. Бәс тігетін лудомандарға точно шығатын болжам сатушылар. Өзім де бірнеше жылдық ойыншы ретінде мыналарды айта кетейін:
Келісілген матч деген болмайды. Келісілген адамдар болуы мүмкін. Мысалы командадағы 3-4 адаммен. Бірақ мұндай ақпарат ешкімге айтылмайды. Біріншіден бұл қылмыс, екіншіден соған тігілетін нәрсенің коэффициенті тез уақытта түсіп кетеді де қойғанмен пайда болмай қалады. Сондықтан тіпті 100 пайыз келісілген матч болса да, ол ақпарат ешкімге айтылмайды.
Шығу ықтималдығы жоғары болжам ше? Иә, ондай болады. Адам бірнеше сағатын арнап, анализ жасайды, букмекердің қателерін табады. Ал енді сол ақпаратты неге біреуге сатсын? Егер сатса, коэффициент құлайды, тіпті белсенділік тым қатты болса, букмекер ол матчты алып тастауы мүмкін.

Сүлейман Сүлүн деген атақты түрік алаяғы айтқан екен:
- Мен ешкімді әдейілеп алдағым келмейді. Құрбандар керісінше менен пайда көру, мені алдағысы келіп, тұзаққа түсетін.

Сол сияқты оңай ақша, тинейджерлер айтпақшы изимани тапқысы келіп, ауызы ұрылатындарды шынымды айтсам түк аяғым келмейді...
89 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 10:30:29 Сервері менікі болмаса да, Youtubе платформасын кейде аяймын. Бостан босқа салынып жатқан бәленбай гигабайттық материалдар көп. Телеканалдардың ешкім қарамайтын жаңалықтары, мемлекеттік мекеме, ұйымдардың есеп үшін жасалған роликтері дегендей. Тұрад просто.
90-жылдарда 8 мблық хостингке мәз болып, суреттің өзі 100 кб болса мұңаятын жоқшылықты көргесін бе, қазіргі террабайттық тоқтықты көрсем біртүрлі болып кетем да...
91 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 10:40:48
Squid game сериалындағы шрифт те ерекше. Сол шрифтпен түрлі мәтін жазуға болатын сервис те бар екен.
Мәтін жазасыз, көлемін белгілейсіз, қажет түстерді көрсетесіз. Болды, суретті сақтап аласыз
https://fontmeme.com/squid-game-font/
118 views07:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 09:51:17
2004 жылы Ерлан Оспан @yerlango email-дарыма жауап бермегесін, сайтының кодын қарап, метаның ішіндегі телефон номеріне хабарласқам. "Мета қарайтындар бар екен" деп қуанып, кездесуге келіскен еді. Содан дос болып кеттік
129 views06:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 06:46:58 Екі математик паркте кездесіп қалыпты.
- Ооо, қалайсың? Неше балаң бар?
- Жақсы бәрі. Мектеп жасына толмаған 2 қызым бар.
- Жастары нешеде?
- Екеуінің жастарының көбейтіндісі осы жердегі көгершіндер санына тең.
- Бірақ бұл ақпарат жеткіліксіз.
- Үлкені шешесіне ұқсайды.
- Ааа, енді түсіндім.

Қыздардың жастары нешеде?
156 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 08:46:26 Әлеуметтік желі депрессиядан құтқара ма?

Бір зерттеуге 23-68 жас аралығындағы қолданушылар қатысқан екен. Депрессия кезінде желі жақсы әсер ететінін айтқан екен. Басқалармен қарым-қатынас, лайктар мен коменттер адамның өзіндік бағасын өсіреді. Көңіл-күй жақсарады, стресс шығады.

Бірақ бұл уақытша нәрсе. Ал негізінде қатысушылар теріс жақтарын көбірек айтқан екен. Мысалы паранойя және паника көбейеді. Адам өзін билік, қауіпсіздік қызметтері бақылап отыр деп ойлайды және басқалардың жазбаларын өзіне тіке қабылдайды, өзі туралы жазып отыр деп ойлайды. Өз жазғандарынан өзі қорқып, стресске кіреді. Басқалардың жетістіктері де негатив әсер етеді.

Кейін экспериментке қатысушыларға бәрін түсіндіріп, мұндай жағдайларда не істеу керегі, ситуациядан қалай шығу керегін үйреткен.

Бірақ қазір де көптеген қолданушылар әлеуметтік желі стресімен өмір сүріп жүр. Оны өздері білмеуі де мүмкін...
127 views05:46
Ашу / Түсініктеме