Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 48

2021-11-14 08:26:15
Волейболда неге әр ұпайға қуану ритуалы жасалады?

Негізінде бұл қуану емес, мини-мәслихат екен. "Келесі допта фейк секіре сал, ар жағындағы сіге салады. 5-номердің қабылдауы нашар, соған қарай сігіндір" сияқты ақылдасулар болады екен. Яғни "Давай наху!" сияқты бір бірін көтендерінен қағып, жігерлердіру, қайраттандыру емес екен.

Мұны жақында бұрынғы профи ойыншының жазғанынан білдім.
174 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 10:42:06 Да-Де мәселесі...

Пиздец бір тіл маманы емеспін. Қателер жетед менде. Бірақ Да-Де шылаулары қате жазылатыны ұнамайды.

Соны қалай түзеу керегін де қалай түсіндірерімді білмеймін. Негізі логикамен де түсінікті. Дыбыстаған кезде де екпін бөлек.

Бірақ ең оңайы - орыс тілі арқылы түсіндіру сияқты.

Мен де барамын - Я тоже пойду.
Менде барамын - ондай сөз болмайды. Орысшаға аударғанда "У меня пойду" болып кетеді.

Астанада күн суық - В Астане холодно.
Астана да әдемі қала - Астана тоже красивый город.

Мәселе ақшада емес - Проблема не в деньгах.
Мәселе ақша да емес - Проблема даже не в деньгах.

Қызылордада - В Кызылорде.
Қызылорда да - Кызылорда тоже.
Қызылордада да - И в Кызылорде тоже
185 views07:42
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 17:21:27
Қалай айтып жүрсіз?
Anonymous Poll
85%
Әдебиет
15%
Әдибет
97 voters148 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 18:59:50 Telegram-да жарнамалар басталды. Бірақ ешқандай сілтеме, фото болмайды дегенімен, каналдарға сілтеме және өту бутоны бар
222 views15:59
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 13:06:31 "90-жылдары сағыз - протест символы болды" деген пікір оқыдым.
Маркетологтар рок-жұлдыздар арқылы жасөспірімдік протест құралы ретінде сағызды көтеріпті-мыс. Совет Үкіметінен шыққандар үшін капитализмнің де бас символдарынан болыпты.
Келісуге болады. Сағызды әсіре шайнап тұру, тарс-тарс жару ішкі бір бұлқыныс сияқты болатын. Үлкендерге ерсі көрініп, тәрбиесіздік, көргенсіздік ретінде бағалайтын. Әлбетте мұғалімдер де.
Ал қазір жәй ғана ас қорыту үшін шайналады немесе ауыздағы жағымсыз иіс, перегарды басуға.
237 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 12:20:01 Грекияда 100 мың адам вакцина орнына ерітінді салып беру үшін 400 еуродан төлеген ғой.
Сөйтсе, медиктер ерітінді орнына шын вакцина салып, ақшаларын да қағып алған.
Қаямбастар сотқа да бере алмайды
Не деп береді? Өтірік алдап едік, бізді алдады дей ме?

Анықтама сатып алғандар ойланып қалды ма екен? Әй, бірақ біздікілер ол жағынан шыншыл шығар? Әлде, әлде... Оларға да шын вакцина?..
187 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 04:44:39 Сұрақтың жауабы: М

Қағазда сандар және олардың айнадағы көрінуі салынған
219 views01:44
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 12:28:34
Нақты бір жүйе бойынша тізілген мына таңбалардың ең біріншісі жазылмаған. Басында қандай таңба болуы керек?

ЧГК ойыншылары таба алмапты
248 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 10:36:01 Қазақстандық бибой Амир Закиров брейк-данстан Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанды!
https://www.instagram.com/reel/CV8ug-KjTTm/

https://twitter.com/redbullbcone/status/1457126093631234051?s=20
264 viewsedited  07:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 09:58:37
173 views06:58
Ашу / Түсініктеме