Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 56

2021-10-06 07:02:21 "КерекИнфо мафиясы" деген мафия бар. Кезінде әлеуметтік желі функциясын атқарған блог-платформаның белсенді қолданушыларынан құралған топ. Қазір бұрынғыдай аралас-құраластық болмаса да, мафияның аты мафия. Бұрынғы деген болмайды

Сол ортадан талай медиа-тұлғалар шықты. Қазақша контентке үлесі мол адамдар көп. Телеграмда да бірнеше канал бар екен, біздікілер жүргізетін. Солардың бірнешеуін таныстыра кетейін:

@abilakim - Айсұлтан Жақыповтың авторлық каналы.

@beautylogic - Сән әлемі, фешн, сұлулық, қыздарски тақырыптар.

@eskisuret - Қазақ тарихындағы оқиғалар, тұлғалар, мекендер, ескі суреттер.

@GOCycling - Велоспорт әлеміндегі жаңалықтар.

@KalkaStop - Қазақ тілінде дұрыс жазу, калькасыз аудару, жалпы тіл сауаттылығы.

@kinostankz - Кино әлемі, рецензиялар, анонс-афишалар.

@kozildirikkz - Алмас Тоқабаевтың жеке каналы.

@podcastindex - Подкастингке арналған канал.

@prkazakh - PR, SMM, маркетинг, трендтер, вакансиялар.

@QazaqshaJaz - Желіде қазақша жазуды сұрайтын топ.

@qisyqaudarma - Аты Қисық болғанымен, өзі түзу әуесқой әдеби аудармалар.

@Uninteresting_story_KZ - Көңілсіз, циник, қара әзілдер.

@yerlango - Ерлан Оспанның әзілдері, қитұрқы посттары, салмақты жазбалары.
481 viewsedited  04:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 05:54:06 Кей есімдердің өздеріне тән қасиеті болатыны қызық ә?

Мысалы мен танитын Ерландардың түрі ақшыл және ішкіштеу болады, Алмастар көп сөйлейді, Динаралар қағаз жұмыстарда және көздері үлкен, ал Әселдер томпақ
246 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 20:55:30 Телеграм, Твиттер, Тиктокта да мәселе болып жатыр екен. Бірақ бұл қолданушы санының күрт көбейгенінен сияқты. Сервер шамадан тыс жүкті көтере алмай жатыр
293 views17:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 20:30:38
Фейсбуктағы мәселенің шешілуіне әлі біраз уақыт керек екен.

Серверді қалпына келтіру тобындағы бір қызметкер Реддитте комент жазыпты. Дәл қазір бар адамдар физикалық түрде ештеңе істей алмайды, маршрутизаторларды өңдеу және баптау үшін басқа адамдар керек екенін айтады. Қазіргі техникалық қызметкерлерде толық рұқсат және қолжетімдік жоқ. Ал басқа мамандарды әкелуге әлі уақыт керек. Пандемияға байланысты көбі алыстан істеп отырған екен. Ал қазіргі мәселеге алыстан емес, адам қолы керек екен.

Сондықтан шаруаңыз болса, босқа күтпей ұйықтай беріңіз. Таңға қарай түзелуі мүмкін.

P.S. Телеграмға ҚТ арқылы кіре алмай отырмын. Үзіліп кете береді. Netflix те кетті
1.1K views17:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 20:06:04 Кеше "60 минут" атты бағдарламаға Фейсбуктың бұрынғы қызметкері қатысқан. Сол жерде олардың біраз арам пиғылы, деза таратуы, негатив контентті көбейтуі туралы нәрселер айтылған. Бүгінгі құлауға сол себеп болуы мүмкін деп жатыр
https://edition.cnn.com/2021/10/03/tech/facebook-whistleblower-60-minutes/index.html
331 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 19:51:49 Telegram да қуа бастады. Олимп істеп тұр әйтеуір...

upd: каналдардағы соңғы посттарға комент жазылмайды. ал чат-топтар норм істеп тұр. демек коменттерге арналған серверлері алжи бастады.

upd2: каналдарда комент жазу қайта орнына келді. бірақ жалпы жұмысында үзіліп кетулер бар
277 viewsedited  16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 19:28:07
1 сағаттан бері істемей тұрған Facebook жаңа ғана Twitter арқылы мәлімдеме жасады.

"Мәселе бар екенін білеміз, соны түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз" дейді. Нақты себебі жоқ әлі. Әзірше Facebook Instagram, Whatsapp DNS-тары істемейтіні белгілі. Яғни интернет мұндай сайттардың қай серверде орналасқанын таба алмай тұр. Қысқасы серверлері құлады деген сөз. Әлде құлатты ма біреулер?
622 views16:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 16:54:48
Карлос Кайзер - Ешқашан алаңға шықпаған футболшы.

Карлос ағай бразил болса да, допқа онша жоқ болған. Бірақ өзін әдемі сата алған. Ол кезде тек қағаз резюме, интернет жоқ, ақпарат жоқ дегендей. Әдемі өмір сүргісі келген Кәкең түрлі сылтаумен ойнамай айлық ала берген. Жарақаттанған, ауырған, ата-әжелері мың рет қайтқан, соған барған, психологиясын түзеген. Бірде енді ойынға қосайын деп жатқанда трибунадағы фанаттармен төбелесіп кеткен. Еуропаға да трансфер болған. Қазір фитнес-тренер

#алаяқтар
260 views13:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 08:41:21 Тегін домен керек пе?

Жалпы тегін домен не үшін керек? Бір проект бастап көріп, уақытша тірлік үшін босқа домен сатып алғыңыз келмесе тегінін тіркей салуға болады. Немесе жалпы .kz аймағынан бөлек ашқыңыз келсе, қазіргі трендтердің бірі - түрлі елдердің домен аймағынан аша салуға еру.

Бірақ бәрібір тегіннің аты тегін ғой, қалай болғанда да ақша төлемей алу үшін ғана керек.

Freenom атты регистратор кей аймақ домендерін тегін ұсынады: TK / .ML / .GA / .CF / .GQ

.tk - Токелау аралдары, .ml - Мали, .ga - Габон, .cf - Орталық Африка Республикасы, .gq - Экватор Гвинеясы.

Мен мысалы arshatgo.tk деп тіркеп көрдім, сілтемені басқан кезде осы каналыма әкеледі. ТК - Телеграм Канал дегенге жақсы келеді. Сондықтан каналыңызды ерекше доменмен жарнамалағыңыз келсе, осыны қолдануға болады.

Тағы бір Porkbun деген регистратор .design деген доменді биыл тегін беріп жатыр. Ол үшін SIDEBAR21A промокодын жазу керек тіркелген кезде. Келесі жылы 35 доллар төлеп созасыз. Дизайнерлер үшін жақсы мүмкіндік негізі.
213 viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме