Get Mystery Box with random crypto!

ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ IШI НЕГЕ АУЫРАДЫ? Iштiң ауыруы немесе | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ IШI НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Iштiң ауыруы немесе колики деп жатамыз бұл ауру емес, ол физиологиялық қалыпты үрдіс.

Онда неге iш ауырады?
Асқазан iшек жолдары жаңа туылған сәбиде толық қалыптаспаған. Неліктен? Себебі бала 9 ай бойы ана құрсағында жатқанда, барлық құнарлы тағамдарды бала жолдасы арқылы, яғни қан арқылы анадан балаға берілiп отырады.

Ал бала дүниеге келгеннен кейін iшек жолдары жұмыс істеп, онда микрофлора қалыптаса бастайды. Сондай-ақ тамақты қорытуға ферменттер бөлiне бастайды. Бірақ ол ферменттер жаңа туылған сәбиде жеткіліксіз, iшек жолдарының моторикасы(қозғалысы) төмен болады. Соның нәтижесінде ауа жиналып шығуы қиындайды. Балаңыздың мазасы кетiп, жылуының себебі осында.

Колики кезінде балаңызға қалай көмектесесiз?