Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-02-22 17:44:28 ИНГАЛЯЦИЯНЫ КІМГЕ? ҚАШАН? КАНДАЙ ДӘРІМЕН ЖАСАЙМЫЗ?

ИНГАЛЯЦИЯ–дәрілік затты тамшы арқылы тыныс
жолдарына жеткізу.

Қазіргі кезде біраз үйде небулайзер бар бірақ қалай? не үшін? қолдану керек екенін білмей жатады.

Балаларда ингаляция қай кезде жасалады?

ларингостеноз(жалған круп)
бронхобструкция (бронх астмасы, обструкциялық бронхит)

Ларингостеноз –көмейдің тарылуы, оның салдарынан: дауыстың қарлығуы, "ит урген" тәрізді жөтел болады, дем жетпей, тұншығып жатқан сияқты тыныс шығарады.

Бронхобструкция –бронхтардың тарылуы, оның
салдарынан жөтел пайда болады, ысқырықты сырылдар естіледі,өкпе ауа айналысы бұзылуына байланысты өмірге қауіп тууы мүмкін.Обструкция кезінде спазмды басу үшін сальбутамол, фенотерол (Бередуал)қолданады.

Қай кезде небулайзер КЕРЕК ЕМЕС:
Мұрыннан су ағу,
ОРВИ. Ол кезде Аквамарис, синомарин спрей, тамшылар қолдану керек. Ингаляция жасасаңыз сұйықтық көлемін көбейтіп, обструкцияға асқынуы мүмкін.Артық су өкпеге керек емес!
Аденоидит, полип, тыныс жолдарында бөгде дене болса болмайды.
профилактика үшін болмайды.

ИНГАЛЯЦИЯ ЖАСАУҒА ТӨМЕНДЕГІ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ

Боржоми (өкпеге арналмаған ішуге арналған )
Шөп дәрілермен
Антисептик, спиртпен. Ас содасы.Тыныс жолдары күйігі болуы мүмкін.

Бала өзі қақырықты жөтеліп шығарғанға дейін муолитиктермен (амброксол) қажет емес. Ол кезде өкпеде кілегей, сұйықтық көбейеді, бала
жөтеліп шығара алмайды.Өкпеде қақырық жиналып, асқынуға алып келуі мүмкін.
402 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 16:18:08 КЕНЕТТЕН БАСТЫҢ АУРУЫ НЕРВ ЖҮЙЕСІ МЕН ІШКІ АҒЗАНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ.

Бас ауруды сипаттаңыз!!!
Үнемі, приступтәрізді
Маңдай,
шүйде,
самай бөлігі,
бастың жарты бөлігі?

Бас ауруы мына ауруларда жиі мазалайды
Жедел инфекция кезеңде(тұмау, қызылша, скарлатина, менингит, энцефалит,холецистит,панкреатит)

Артериалық қан қысымы жоғарылағанда, Гипертониялық криз-бас аурумен қатар бас айналу, жүрек айну, көздің қарауытуы,құлақтағы шуыл,

Артериялық қан төмендегенде-әлсіздік, көз қарауытуы.

Жедел ми -қан айналымы бұзылған кезде(ОНМК)-бас ауру әлсіздік, жүрек айну,құсу, әсіресе бір жақ дене бөлігінің әлсіздігі(парез, паралич) менигит, энцефалит.

Мұрын қуысындағы қабыну аурулары кезінде(гайморит)

Глаукома -бас ауру, көздің ауруы, көздің көруі төмендейді

Мигрень

Анемия(қаназдық) кезде де жиі бас ауырады.

АУРУДЫ БАСАТЫН ДӘРІ ІШПЕСТЕН БҰРЫН СЕБЕБІН АНЫҚТАУ МАҢЫЗДЫ!

Қаншалықты басыңыз жиі?ауырады?
Себебін тааптыңызба???
414 views13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 13:39:23 ІСІНУ МАЗАЛАП (отеки) жүр ме?

Жүрек-қан тамыр ауруларында

Бүйрек ауруларында

ҚАЛҚАНША БЕЗІ АУРУЛАРЫНДА

(ГИПОТИРЕОЗ)-тілім ісініп аузыма симай кетті дегенді естіген боларсыздар!

АЛЛЕРГИЯ

ВАРИКОЗДЫ КЕҢЕЮДЕ

АРТЫҚ САЛМАҚ.
Кешкі тамақ 7де болу керек. Әр тамақ жеген сайын ҰЙҚЫ БЕЗІ ИНСУЛИН БӨЛЕДІі. Ал инсулин суды ұстап қалады. Міне содан ісік!

АСҚАЗАН-ішек бұзылысында белок дұрыс сіңбейді.Белок жетіспесе (гипопротейнемия)-ісіну.

Ісініп жүрмін деп суды шектеуге болмайды, су жетіспесе ағзадағы метаболизм процесі төмендейді, өт қоюланады,дұрыс бөлінбесе ас қорыту жүйесі бұзылады! Можно Все в меру

Таңертең тұрғанда бетіңізде ісіну, аяқтарыңызда ісіну боладыма?
484 viewsedited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 13:59:59 ӘРБІР СӘБИ ЕҢБЕКТЕУ КЕРЕК деп барлық жерде айтамын

Көп әжелер, үлкен кісілер балаларының еңбектемегенін және бәрі дұрыстығын айтып жатады. Сол үшін де көп аналарға еңбектеу онша маңызды көрінбейді. Оданда ертерек отырғызып, қолынан ұстап жүргізіп жіберсе, керемет дамып келе жатыр деп мақтанып жатады.
Өкінішке орай, бұл ҮЛКЕН қателік .
Еңбектемеген сәбилердің ата-анасы кейін нейропсихолог іздеп әлек болады: неге есте сақтау қабілеті нашар, сабағы нашар, поведениесі нашар деп .
Еңбектеу процессі баланың миының дамуына тікелей әсер етеді. Сөйлеу, есте сақтау, жазу, қозғалыс координациясы - соның бәрінің негізі сәбидің еңбектеген кезінде қаланады .

Сонда баланың миын еңбектеу арқылы қалай дамытамыз дейсіз бе? Екі ми жартышасының байланысы сәбидің кем дегенде 2 ай ДҰРЫС еңбектесе орнатылады. Неге ДҰРЫС еңбектеу деп айтамыз? - себебі оң аяқ - сол қол, сол аяқ - оң қол, және солай алға (на четвереньках) еңбектеуі дұрыс болып есептеледі . По-пластунский, окоптағыдай еңбектеу саналмайды .

Сәбилер көбіне 6-8 айында еңбектеп бастайды. Бірақ кейбір сәбилер 8-9 айында еңбектеп жатады.

Сәби неге еңбектемейді?
1. Сәбиіңізге еңбектеу үшін жағдай жасамаған болсаңыз. Ұзақ қолда,ходункиде жүретін және кресло орындықта мультикті көріп отыра беретін балаларда еңбектеуге құлшыныс аз болады. Кең жерге 4 айынан бастап жатқызған абзал.
2. Сәби еңбектеу алгоритмын түсінбесе, домалап, құйрығымен жылжыса.
3. Сәбидің қолдары, арқасы, аяқтары әлсіз болса.

Бұл себептердің бәрін түзеуге болады, массаж және жаттығулар арқылы.

Сіздің сәбиіңіз еңбектей/ді ме?
303 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 15:59:24 Кіндікті кескен соң сыртқа шығып тұрған бөлігі бірнеше күнде қарайып қыстырғышымен бірге өздігінен түсіп қалады. Орнында барлық адамдардың кіндіктері секілді кәдімгі кіндік қалады. Бірақ бұл бірнеше күнді емес, 10-15 күнді қажет етеді.

Кіндіктің өсіндісі түскенде ақауы жоқ кіндік аздап үлкендеу болады, кейіннен барып қалпына түседі.

Қарайған кіндік өсіндісі өздігінен түскеннен кейін кіндік жарасы пайда болады. Ол жара жақсы күтімді қажет етеді.

Алғашқы 6 айға дейін сәбидің кіндігі ішінен аздап жоғары шығып тұрады. Бұл қалыпты жағдай. Ал егер сәби жылаған кезде кіндігі шығып кететін болса, ол кіндік жарығының (грыжа) бар екендігін білдіреді.

Сіздің сәбиде грыжа болды ма?

Кіндігіндегі өскінді түскенге дейін де кейін де кіндікке күн сайын бақылау жасап тұру қажет.

Кіндік түспегенше баланы суға шомылдыруға болмайды деу қате. Себебі бала кіндігі 2 апта түспей жүруі мүмкін. Сондықтан суға шомылдырып баланың кіндігін жақсылап құрғатып сутегі асқын тотығымен сүртіп тазалауға болады.

Кіндіктің өсіндісі ерте түсіп, ерте жазылуы үшін оған таза ауа қажет. Мүмкін болғанынша кіндікке ауа баратындай жағдай жасаңыз.

Сәбиіңізде грыжа болса оны қалай емдеттіңіз осында бөлісіңіз, басқа аналарғада пайдалы болсын
598 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 16:13:52 ҚОЛДАРЫҢЫЗ ЖҰП-ЖҰМСАҚ

1стақан жылы суға 1шәй қасық крахмал салып, араластырыңыздар.
Осы ерітіндіні үлкенірек ыдысқа құйып, үстінен 500мл жылы су құясыздар.
Осы ерітіндіге қолдарыңызды 15мин салыңыздар.
Су жылы болуы керек.
15мин кейін, қолдарыңызды алып, сүлгімен құрғатыңыздар.
Майлы ылғалдандырғыш кремін жағып, сіңгенін күтіңіздер.
Қолдарыңыз жұмсақ, тілінген жерлеріңіз жазылып қалады .
212 views13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 13:37:40 ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗДЕР МЕ?

Құрма – дәруменге бай жеміс түрі.

Бүгін сіздерге құрманың 10 пайдасын айтамын.

Кеттік онда

Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады.

Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.

Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.

Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.

Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.

Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу дертке дауа болады.

Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.

Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.

Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Бір құрманың осыншама пайдасы бар.....

Құрманы жақсы көресіздер ме?
308 views10:37
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 13:50:27 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ

Жаз мезгілі келуге жақын қалды. Өкше жарылу сияқты проблемалар басталады. Өкше ашық аяқ киім кигендіктен, артық салмақтан жарылады.

Сіздерге жарылған өкшені үй жағдайында емдеу жолын ұсынамын

Керек заттар

Сутек асқан тотығы 3%
Сірке суы 9%
Глицерин
Өкшені қыруға арналған жұмсақ қырғыш

Аяқтарыңыз сиятындай ыдыс алып, 1,5литр ыстық су құйыңыздар.
5ас қасық сутек асқан тотығын қосыңыздар.
Аяқтарыңызды салыңыздар(қатты жарылған болса, біраз отырыңыздар)
10-15мин отырғаннан кейін, жұмсақ өкше қырғышты алып, жарылған жерлерді ақырындап ысқылаңыздар.
Судан алып аяқтарыңызды құрғақ сүлгімен сүртіңіздер.

Бұл әдісті аптасына 1рет жасау керек

Ерітінді жасаймыз

Глицерин 3ас қасық + 1ас қасық 9%сірке суы=араластырыңыздар.
Осы қоспаны жарылған өкшелеріңізге жағыңыздар.
Аяқтарыңызға нәски киіп, ұйықтаңыздар.
Таңертең тұрғанда жылы сумен жуып аласыздар.

Бұл қоспаны күнде жасасаңыздар болады

Сіздер қандай әдістерді білесізлер?
427 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 18:44:23 Нәрестем неге құса береді?

Бала еміп болғаннан кейін асқазанға түскен сүтті бірден жаңа сүтін немесе біраз уақыттан кейін, яғни сүзбеге ұқсас консистенцияны құсады. Әр балада құсу жиілігі әр түрлі жиі, кейде сирек.

НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?
Ең бірініші баланы емізуге байланысты. Баланы дұрыс емізу, яғни нәрестеңіз аузымен ареоланы толық алып ему қажет.
Ең маңыздысы балаңызды емізіп жатқанда қатты жылайтын болса, асқазанға ауа тікелей түседі. Сол жиналған ауа асқазанға түскен сүттің бір бөлігін сыртқа шығаруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар бала көп мөлшерде еміп жатады. Сол сүттің көлеміне сай асқазан созылады. Бірақ тез емгеннен асқазан созылып үлгермей, сүттің бөлшегін ауыз арқылы сыртқа шығарып жібереді.

Нәрестенің күніне 2-3 рет аз мөлшерде құсуы қалыпты жағдай.

Егерде бала фонтан тәріздес құсатын болса және 3 аптасынан бастап жиі тұрақты түрде құсатын болса аса мән беретін жағдай. Міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн.

Кейбір іс-әрекетті жасау арқылы құсудың алдын алуға болады. Сол туралы жаза кетейін.
Баланы емізіп болғаннан кейін 10-15 мин тіке ұстаған жөн. Асқазандағы ауаның шығуына көмектеседі.
Жасанды тамақтанатын болса дәрігермен кеңесіп антирефлюксті смесьті қабылдаған жөн.
Емгеннен кейін бірден киімін, памперсті ауыстырмау керек. Сонымен қатар бірден шомылдырмаңыз.
Тамақтанғаннан соң бірден ішімен жатқызбаңыз.

Сақтап, жақындарыңызбен бөлісе отырыңыз.
505 views15:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 13:16:24 БАС АУРУЫН ДӘРІСІЗ ЕМДЕУДІҢ 8 ТӘСІЛІ

Бас ауруының түрлі себептері бар:

қатты ашулану
дұрыс ұйықтамау
күйзеліс
уақытылы тамақтанбау
компьтердің алдында ұзақ отыру.

Дәрі ішпей емделу жолдары:

Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.

Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.

Мен жеткілікті су ішпесем, әлсіреп басым ауырады.

Сіздердің бастарыңыз жиі ауырады ма?
62 views10:16
Ашу / Түсініктеме