Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 17

2022-02-12 14:56:28 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА СИРОП ДАЙЫНДАУ

Керек заттар:

Пияз - 1бас(үлкен)
Қант - 3,5 ас қасық

Пиязды турап, ыдысқа салыңыз.
Үстінен 3,5ас қасық қант салып, араластырыңыз.
3сағатқа бетін жауып қойыңыз(3сағаттан 1күнге дейін қоюға болады).
Сироп дайын, яғни суы шығады. Сол суды балапандарыңызға ішкізесіз.

Күніне 1ас қасықтан 6-7рет ішкізсеңіздер болады. Артынан су ішкізіңіз

Бұл сироп пайдасы

жөтелге
мұрыннан су аққанға
грипке қарсы сироп.
476 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 11:14:22 Ана мен бала денсаулығы туралы барлық сұрақтарға жауап ала аласыз @anabala_kz
248 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 17:56:29 Неге жүктілік кезде бетте пигменттер пайда болады?

Жалпы жүктілік кезінде ағзада көптеген гормоналды өзгерістер болады.

Пигменттің пайда болуы мелотонин көп өндірілуіне байланысты. Ал мелотонин болса теріге түс береді. Тек бетте ғана емес, сондай-ақ омырау ұшының, санның ішкі беті , іш қара түстенуі мүмкін. Бұл көбінесе терісі ақшыл түсті әйелдерде байқалып жатады.

Жүктілік кезде эстроген, прогестерон гормоны жоғарылап бүйрек үсті безінде синтезделеді. Ол өз кезегінде мелотониннің көп өндірілуіне септігін тигізеді. Сол мелотонин дененің кейбір бөліктерінде жиналып пигментті туындатады.

Босанғаннан кейін 2-3 айда терідегі пигменттер кетіп,қалыпқа келу керек. Егерде қалып қойса маманға қараламыз.

Ал сізде пигментация болды ма?
29 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 17:10:17 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КІРПІК ӨСІРУ

Кірпік өсіру үшін, оған үй жағдайында маска(майлардан) жасауларыңыз керек.

Кірпік өсіруге арналған майлар

Майсана майы(касторовое масло) - кірпіктің өсуіне және кірпіктің өсуін тежейтін бактерияларды жоюға көмектеседі.

Майсана майын мақта таяқшалары көмегімен кірпік түбіне жағыңыздар. 30мин ұстап, жылы сумен жуып тастаңыздар. Бұл әдісті ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Бұл әдісті күнде, 2-3ай жасау керек

Зәйтүн майы(оливковое масло) - кірпікті нәрлендіреді.

Ұйқыға жатар алдында кірпікке арналған щетка көмегімен жағыңыздар. Таңертең жылы сумен жуып тастайсыздар.

Көк шәй

Көк шәй шығарып, суытыңыздар. Мақта таяқшасы көмегімен кірпік түбіне жағып, 15мин кейін суық сумен жуып тастаңыз.

Күніне 2рет, 1-2ай жасау керек
416 views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 13:48:22 ЖҰЛДЫЗША (ЗВЕЗДА) ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпамайының қолданылуының бірнеше түрін айтамын:

БАС АУЫРУ

Бастарыңыз ауырса жақпамайды маңдай тұсына жақсаңыздар болады.

ЖҰМСАҚ ӨКШЕЛЕР

Жақпамайды аяғыңызға жұқа қабатпен жағып, нәски киіп алыңыздар. Содан кейін өкше қырғыш көмегімен жібіген өкшелеріңізді тазалап жуып аласыздар.

АУА ТАЗАРТҚЫШ

Бөлме ауасын тазарту үшін жақпамайды ауа ылғалдағышқа қоссаңыздар болады.

ЖАНУАРЛАР ИІСІ

Егер сіздің үй жануарларыңыз үйге отырып бүлдірсе, сол жерді жақпамай көмегімен тазалаңыздар. Сонда жануарларыңыз екінші рет сол орынға бармайтын болады.

Егер мысықтарыңыз жиһазды тырнаса...

Тырналған жерге жақпамай жағып қойыңыздар, сонда мысық екінші рет келіп тырнамайтын болады. Себебі, мысық жақпамай иісінен қорқады.

Көгеру

Егер денеңіздің бір жері көгеріп қалса және оның тез жазылғаның қаласаңыздар, онда көгерген жерге жақпамай жағыңыздар. Жақпамай көгерген жердің тез кетуіне көмектеседі.

Бұлшықеттеріңіз ауырса

Жақпамай бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Ауырып тұрған жерге қажетінше жағып, уқалаңыздар. Ауырсынуды басады.

Жәндіктермен күрес

Өзіңізге арнайы жәндіктерге қарсы құралдарыңызды жағып, сонымен бірге жақпамайды да жақсаңыздар, ешқандай жәндіктер сізге жоламайды.

ЖҰЛДЫЗША қолданудың қандай әдістерін білесіздер? Сіздердің дәрі қораптарыңызда бар ма?

Маған қызық болып тұрғаны сол бұрынғы жұлдызша мен қазіргі жұлдызша жақпамайдың сапасы бойынша айырмашылық бар мекен? Қалай ойлайсыздар?
336 views10:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 18:42:27 Неге нәрестеңіз қатты жылығанда көгеріп кетеді?

Бала өз қалауын жылау арқылы білдіреді. Мына жағдайларда:
қарны ашқан кезде
салқындап немесе ыстықтаған кезде
мазасын алатын әрекеттер кезде
іші ауырған кезде және т.б. жағдайларда жылау арқылы білдіреді.

Ал егерде бала қатты жылап көгеріп жатқан байқасаңыз дереу жұбатып, кеудеңізге алып тыныштандырыңыз.
Жиі кездесетін себептің бірі жүктілік кезінде балада гипоксия болуы мүмкін.
Баланың 1 айлығында гемоглобинге тапсырып білген жөн.

Сонымен қатар иегі дірілдеп немесе қолдары дірілдеген жағдайлар жиі болатын болса міндетті түрде педиатрға, невропатологқа көрсеткен жөн.
506 views15:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 13:21:08
Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздерге керемет ұсыныс білдірсем деймін

Үйде бала-шағаңыздың, отбасыңыздың жанында отырып-ақ ешқандай шығынсыз оффициялный жұмыс жасап табыс тапқыңыз келеді ме?


Күнделікті табыс
Күн сайын кемі 25мың
Айлық күтіп отырмайсыз
Орифлэйм емес
Феберлик емес
Балл жинап, отрыв ұстамайсын


Шынын айтсам өте ыңғайлы, ақша керек деген әрбір адам қиналмай жасайтындай жұмыс. Маған тек сылтау іздемейтін , арман- мақсаты нық, жұмыс жасап табысқа жеткісі келетін адамдар болса, мен барынша көмектесемін


Мына ссылканы бассаңыз ватсап чатка тіке шығасыз. Толық ақпарат аламын десеңіз, жұмыс жасап , табысқа жетемін десеңіз, сізді жекемде күтемін




https://chat.whatsapp.com/EnW06JCRkWz1sneLZeMBpE
146 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 14:02:55 ВАЗЕЛИННІҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

Вазелинді косметикалық далап ретінде қолдануға болады. Ерінді желден және суықтан қорғайды. Сонымен қатар, жарылғанды кетіріп, құрғақтықтан сақтайды.

Шашты бояған кезде, маңдай тұсына(құлақ, мойын) вазелин жағып қойсаңыз, теріге тиген краска бірден кетеді.

Вазелин теріні желден, аяздан қорғайды.

Макияжды кетіруге көмектеседі. Мақтаға вазелин жағып, макияждарыңызды сүртесіздер. Вазелинді тұрақты қолдану арқылы теріңіз ылғалданып, әжімдер

Қасқа бір тамшыдай вазелин жағып, щетка көмегімен тараңыздар. Кепкен соң, қас өз формасын бір күн бойы сақтайтын болады.

Түнде жатар алдында, кірпіктеріңізге жұқалап вазелин жағыңыздар. Бұл кірпіктің ұзын және қалың болып өсуіне көмектеседі.

Сіздер вазелиннің қандай пайдасын білесіздер?
198 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 17:07:38 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ІШ КИІМДІ АҒАРТУ ЖОЛЫ

Іш киімдеріңіздің сарғайып, сұрланып қалған кезі болды ма? Осындай іш киімді ағартудың жолын ұсынамын

Керек заттар:

Ас тұзы - 2ас қасық
Ас содасы - 1ас қасық
Кір жуғыш ұнтақ - 1ас қасық

Жылы суға керек заттарды салып, жақсылап ерітіңіздер. Іш киімді салып, 20-30мин қалдырыңыздар.

Уақыт өткеннен кейін кір сабынмен ысқылап жуып, жылы суға шайып аласыздар.

Батареяға жаймаңыздар сары дақ пайда болуы мүмкін.
620 views14:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 11:37:41
Ойнап жазу

Қазақ әріптерін жазып және оқып үйрететін Андриод телефондарына арналған тегін қосымша.

Бала мен ата-ананың көңілінен шығатын қосымша.

Бұл ойын балаларды оқытудағы халықаралық практикадан негізделіп жасалған…

“Оинап Жазу” қосымшасы мынанда ойын жүйесін қамтиды:

Қазақша әріптердің жазылуын үйрету
Қазақша әріптердің дыбысталуын үйрету
Жануалардың қазақша аталуын және жазылуын үйрету

Сонымен қоса:
Әдемі анимациаланған суреттер
Жағымды музыка мен дыбыстар

Қосымшаның арқасында баланың жаттау қабілетіде артып және моторикасыда жақсарады.

Қазірғі уақытта 15 мыңнан астам жүктеуі бар және күнен күнге өсіп келе жатырған аудиториясы бар қосымша.

Мына сілетемені басып сізде жүктеп алаңызы
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.a88888.oinap
97 viewsedited  08:37
Ашу / Түсініктеме