Get Mystery Box with random crypto!

ӘРБІР СӘБИ ЕҢБЕКТЕУ КЕРЕК деп барлық жерде айтамын Көп әжел | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ӘРБІР СӘБИ ЕҢБЕКТЕУ КЕРЕК деп барлық жерде айтамын

Көп әжелер, үлкен кісілер балаларының еңбектемегенін және бәрі дұрыстығын айтып жатады. Сол үшін де көп аналарға еңбектеу онша маңызды көрінбейді. Оданда ертерек отырғызып, қолынан ұстап жүргізіп жіберсе, керемет дамып келе жатыр деп мақтанып жатады.
Өкінішке орай, бұл ҮЛКЕН қателік .
Еңбектемеген сәбилердің ата-анасы кейін нейропсихолог іздеп әлек болады: неге есте сақтау қабілеті нашар, сабағы нашар, поведениесі нашар деп .
Еңбектеу процессі баланың миының дамуына тікелей әсер етеді. Сөйлеу, есте сақтау, жазу, қозғалыс координациясы - соның бәрінің негізі сәбидің еңбектеген кезінде қаланады .

Сонда баланың миын еңбектеу арқылы қалай дамытамыз дейсіз бе? Екі ми жартышасының байланысы сәбидің кем дегенде 2 ай ДҰРЫС еңбектесе орнатылады. Неге ДҰРЫС еңбектеу деп айтамыз? - себебі оң аяқ - сол қол, сол аяқ - оң қол, және солай алға (на четвереньках) еңбектеуі дұрыс болып есептеледі . По-пластунский, окоптағыдай еңбектеу саналмайды .

Сәбилер көбіне 6-8 айында еңбектеп бастайды. Бірақ кейбір сәбилер 8-9 айында еңбектеп жатады.

Сәби неге еңбектемейді?
1. Сәбиіңізге еңбектеу үшін жағдай жасамаған болсаңыз. Ұзақ қолда,ходункиде жүретін және кресло орындықта мультикті көріп отыра беретін балаларда еңбектеуге құлшыныс аз болады. Кең жерге 4 айынан бастап жатқызған абзал.
2. Сәби еңбектеу алгоритмын түсінбесе, домалап, құйрығымен жылжыса.
3. Сәбидің қолдары, арқасы, аяқтары әлсіз болса.

Бұл себептердің бәрін түзеуге болады, массаж және жаттығулар арқылы.

Сіздің сәбиіңіз еңбектей/ді ме?