Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1

Соңғы хабарлар 8

2022-06-17 17:43:43 Алюминий мантоварка тазалау

Мантоварка тазалаудың екі жолын ұсынамын.

Мантоварканы қайнату арқылы тазалау

Керек заттар:

Жарты кір сабын
3ас қасық ас содасы
3ас қасық фери

Мантоварка сиятындай ыдыс алып, ішіне 7-8л су құйып, газға қойыңыз. Кір сабынды үккіштен өткізіп, суға салыңыз + ас содасын + фери қосыңыз. Су қайнағаннан кейін, мантоварканы салыңыз. Бірден майы ерігеннен алып, губкамен ысқылап алыңыз.

Көп қайнатпаңыздар, ыдыс қарайып кетуі мүмкін

Нәтижесі болады.

Мантоварканы қолмен жуу

Қыша ұнтағымен жуып алсаңыздар болады. Егер қатты майлы болса, қыша ұнтағы + тұз + сірке суы, араластырып, осы ерітіндімен ысқылап жуып аласыздар.
325 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 18:15:26 КІРСАБЫН БЕТІНДЕГІ 65%, 70%, 72% НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Кір сабын - арзан, әмбебап, табиғи өнімдерден жасалған тазартқыш құрал.

Кір сабын бетінде 65%, 70%, 72% деп сандар жазылып тұрады. Бұл проценттер кірсабындағы майлы қышқыл мөлшерін көрсетеді(натриевая соль жирной кислоты). Яғни, майлы қышқыл жоғарылаған сайын кір сабынның кірді, дақты кетіру сапасы жоғары болады.

Майлы қышқылдары әр түрлі екі сабын, бірақ белгісі жоқ. Қалай ажыратамыз?

72% кір сабын 65% кірсабынға қарағанда түсі ашық болады.
385 views15:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 16:05:50 ҚАЗАН ТАЗАЛАУ

Қазанды күнде пайдаланғандықтан тез майланып жатады.

Қазанның қатқан майын, күйіктерін тазалау үшін осы әдісті қолдансаңыздар болады:⠀

Су - 10л⠀
Кір сабын 72% - жартысы⠀
Желім(ПВА) - 150гр⠀
Соды(кальцинированная) - 1 стақан⠀

Үлкен ыдысқа су құйып, үккіштен өткізілген жарты кір сабын+желім+соды қосып қайнатасыздар⠀
Қайнаған соң жуатын ыдыстарыңызды саласыздар⠀
Қайнау уақыты ыдыстың жағдайына байланысты болады. Яғни, 15мин - 3сағ аралығында⠀
Майлары еріп, күйіктері жібиді. Сол кездері қырғыш көмегімен тазалап аласыздар⠀
Нәтижесі болады.⠀

Бұл әдіспен шойын және алюминий қазандарды жууға болады.

Бұл әдіс қазан тазалаудың ең оңай жолы.

Алюминий қазанды көп қайнатсаңыздар қарайып кетеді. Сондықтан бірден майы ерігеннен тазалап алыңыздар(қазанды салып, басқа жұмыстарыңызды істеп кету жоқ, қазанды танымай қалып жүрмес үшін )
789 views13:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 16:23:31 ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ЖӘНЕ ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ МАСКА

Керек заттар:

Пияз - 1 (2-3ас қасық)
Сарыуыз - 1
Ошаған майы - 2ас қасық
Табиғи бал - 1ас қасық
Эфир майы(иіс беру үшін)

Пиязды үккіштен өткізіп, марлыға салып, суын сығасыздар.
Алынған пияз суын ыдысқа салыңыздар.
Үстінен 1сарыуыз+2ас қасық ошаған майы+1ас қасық табиғи бал қосыңыздар.
Жақсылап араластырыңыздар.
2-3тамшы эфир майын қоссаңыздар болады.
Дайын масканы шаш түбіне(бас терісіне), ұзындығына жағып шығыңыздар(қолмен немесе щетка көмегімен).
Қолдарыңызбен бастарыңызға массаж жасаңыздар.
Бастарыңызға пакет киіп, сыртынан орамалмен жылылап ораңыздар.
Масканы 1 сағат ұстап, өздеріңіздің күнделікті қолданатын шампуньмен жуып алыңыздар
Шашыңызды кепкеннен кейін, тараңыздар(шаштың ұшынан бастап тарау керек)
Масканы аптасына 2рет, үзбей 2ай жасау керек.
380 views13:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 15:54:05 ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯЛАРЫ

Осы постқа басып өтіңіздерші

Кеттік онда:

Дәмді бәліштің томпайып жақсы көтерілуінің негізгі сыры ұнды елеуіштен елеп өткізіп салу. Електен өткізу кезінде ұндағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен толтырады, сонда қамыр жақсы көтеріледі.⠀

Тоқаш, бәліштер жұмсақ болып, келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыздар.⠀

Нан, бәліш, құймақ және оладьи қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр сұйықтыққа бір ас қасық) қосыңыздар. Сонда нандарыңыз ұзақ сақталып, қатпайды.⠀

Қамырға жарты стакан минералды су және сүт қосыңыздар. Не болмаса сірке суы немесе лимон қышқылына ерітілген ас содасын 0.5 стақан суда ерітіңіздер. Бұл да қамырдың жақсы томпайып көтерілуіне көмектеседі.⠀

Нан илейтін ас бөлмесіндегі терезелерді жауып қойыңыздар. Сонда қамырдың беті кеппей, жылы, ық жерде жақсы көтеріледі.⠀

Ашытылған қамырдың құрамдас бөліктерінің барлығы жылы болуы тиіс. Тоңазытқышта тұрған азық-түліктерді алдын-ала микротолқынды пеште жылытып алыңыздар не болмаса 1-1,5 сағ бұрын шығарып қойыңыздар. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада жақсы көтеріледі.⠀

Қамырды басып илеу кезінде, құрғақ қолмен илеңіздер.⠀

Нан, тоқаштарды пешке салмас бұрын, 15-20 минутқа жылы жерге қойып қойыңыздар(көтерілу үшін). Керісінше жағдайда өніміңіз ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді.⠀

Бәліштерді орташа отта пісіріңіз, осылайша ол күймей көтеріліп, жұмсақ болып піседі.⠀

Қамырдың құрамына сары май қоссаңыздар, оны ерітпей, турап қосыңыздар.⠀

Пост пайдалы болдыма?

Өзіңіздің құпияларыңызбен бөлісе отырыңыздар
638 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 16:27:19 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ МАСКА ЖАСАУ

Қайызғақ көп қыз-келіншектердің негізгі проблемасы. Мен сіздерге үй жағдайында жасалатын маска түрін ұсынамын

Керек заттар

Майсана майы - 1ас қасық
Зәйтүн майы - 1ас қасық
Эфир майы(чайное дерево) - 3-4тамшы

Барлығын араластырып, шаш түбіне жағыңыз. Басыңызға пакет киіп, сыртынан жылылап бас киім киіңіз(30мин ұстайсыз).

Уақыт өткеннен кейін қайызғаққа қарсы шампуньмен жуып алыңыз.
269 views13:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 16:25:34 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫНТАҚ ПЕН ТІЗЕНІ АҒАРТУ ЖОЛЫ

Осы әдісті қолданып, тізе және шынтақтарыңызды ағартып алыңыздар

Қырынуға арналған көбік
Қант

Екеуін араластырып, шынтақ пен тізелеріңізге жағыңыздар. Сосын губканың қырғыш жағымен ысқылаңыздар. Таза сумен жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.
194 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 17:58:24 КІРСАБЫН БЕТІНДЕГІ 65%, 70%, 72% НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Кір сабын - арзан, әмбебап, табиғи өнімдерден жасалған тазартқыш құрал.

Кір сабын бетінде 65%, 70%, 72% деп сандар жазылып тұрады. Бұл проценттер кірсабындағы майлы қышқыл мөлшерін көрсетеді(натриевая соль жирной кислоты). Яғни, майлы қышқыл жоғарылаған сайын кір сабынның кірді, дақты кетіру сапасы жоғары болады.

Майлы қышқылдары әр түрлі екі сабын, бірақ белгісі жоқ. Қалай ажыратамыз?

72% кір сабын 65% кірсабынға қарағанда түсі ашық болады.
485 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 17:25:20 ҚАЗАН ТАЗАЛАУ

Қазанды күнде пайдаланғандықтан тез майланып жатады.

Қазанның қатқан майын, күйіктерін тазалау үшін осы әдісті қолдансаңыздар болады:⠀

Су - 10л⠀
Кір сабын 72% - жартысы⠀
Желім(ПВА) - 150гр⠀
Соды(кальцинированная) - 1 стақан⠀

Үлкен ыдысқа су құйып, үккіштен өткізілген жарты кір сабын+желім+соды қосып қайнатасыздар⠀
Қайнаған соң жуатын ыдыстарыңызды саласыздар⠀
Қайнау уақыты ыдыстың жағдайына байланысты болады. Яғни, 15мин - 3сағ аралығында⠀
Майлары еріп, күйіктері жібиді. Сол кездері қырғыш көмегімен тазалап аласыздар⠀
Нәтижесі болады.⠀

Бұл әдіспен шойын және алюминий қазандарды жууға болады.

Бұл әдіс қазан тазалаудың ең оңай жолы.

Алюминий қазанды көп қайнатсаңыздар қарайып кетеді. Сондықтан бірден майы ерігеннен тазалап алыңыздар(қазанды салып, басқа жұмыстарыңызды істеп кету жоқ, қазанды танымай қалып жүрмес үшін )
162 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 17:08:46 Алюминий мантоварка тазалау

195 views14:08
Ашу / Түсініктеме