Get Mystery Box with random crypto!

1. Иммунитетіңізді көтереді Ананас шырынының құрамында дәрумен | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

1. Иммунитетіңізді көтереді
Ананас шырынының құрамында дәрумендер мен органикалық қышқылдар көп. Олар ағзаның әлсіреуінен және түрлі аурулардан құтқарады.

2. Көздің көруін жақсартады
Құрамында бета-каротин мен А дәрумені бар тағамдардың көзге пайдасы көп екені бәріңізге мәлім. Тіпті қартайғанда да көру қабілетіңіз бұзылмайды.

3. Қызыл иек пен тісіңізді қатайтады
Сонымен қатар ананаста қызыл иегіңіз бен тісіңізді қатайтатын С дәрумені бар. Ол пародонтоз ауруынан аман сақтайды.

4. Буын ауруларына көмектеседі
Егер буындарыңыз ауырып жүрсе, ас мәзіріңізге ананасты қосыңыз. Өйткені оның құрамында бромелайн ферменті бар.

5. Жүрегіңізге де пайдалы
Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу үшін анда-санда болса да, ананас жеп тұрыңыз.

6. Қан қысымын төмендетеді
Бұл жемісте калий бар. Ол гипертонияға қарсы күреседі.

7. Сүйектеріңізді қатайтады
#Ананас сіздің сүйектеріңізді қатайтады. Себебі онда марганец пен кальций көптеп кездеседі. Бір стақан шырынының өзінде 73% марганец бар. Ол күнделікті мөлшерге жеткілікті.

8. Ас қорыту жүйесін жақсартады
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі бірқалыпты жұмыс істеу үшін ананас шырынын ішіңіз.