Get Mystery Box with random crypto!

ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛАТЫН ШАШ МАСКАЛАРЫ ⠀ ⠀ Жұмыртқаның құрамы А, | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛАТЫН ШАШ МАСКАЛАРЫ ⠀

Жұмыртқаның құрамы А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш үшін өте пайдалы.

Шашты нәрленді⠀

Құрғақ әрі өңсіз шашты ылғалдандыру үшін мына масканы жасаңыз. Ол үшін жұмыртқа сарысы, майсана майы, қыша және қант қажет. Әрқайсысын бір ас қасықтан салып араластырыңыз. Дайын болған масканы шаш түбіне, құрғақ және өңсізденген ұштарына жағу керек. Бұл маска құрамында қыша болғандықтан шаштың өсуіне көмектесіп, оны нәрлендіреді. 20-30 минут ұстаған соң, жылы сумен шайып, кейін қалаған сусабыныңызбен жуа аласыз. Аталмыш масканы аптасына 2-3 рет қайталаңыз.⠀

Шашты жылтыратады⠀

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз. ⠀

Шашты өсіреді⠀

Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. ⠀

Ұштанған шаш ⠀

Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан сүлгі орап алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз. ⠀

Қайызғаққа қарсы

Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30  минут жеткілікті. ⠀

Әлсіз шаш⠀

Күңгірттенген, жұқа, зақымдалған, әлсіз шашты берік ету үшін де жұмыртқа маскасына жүгініңіз. Жұмыртқаны жарып, ас қасық коньяк пен зәйтүн майын қосасыз. Бұл масканы 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Артынан сусабынмен жуыңыз.⠀

Маскаға арналған жұмыртқа ескірмеген әрі бөлме температурасымен бірдей болу керек. Маскалар құрғақ шашқа жағылып, сусабынсыз жылы сумен жуылады, бірақ шашқа арналған кондиционерді қолдануға тырысыңыз