Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы
Арнадағы тақырыптар:
Сира
Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.15K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 19

2024-03-12 23:23:00 “Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар?

Алла тағала күнәға мағфират етсе, күнә кешіріледі. Бірақ, амал дәптерде сақталады (ізі қалады).

Ал күнәға Алла ғафу етсе, күнәні кешіреді әрі оны амал дәптерден де өшіреді.

Сол үшін Алла Елшісі ﷺ осы дұғаны көп айтуды өсиет еткен:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллахумма иннәкә ғафуун тухиббул Ғафуа, фәғфу ъәнна


Аллаһым расында, Сен ғафу етушісің, ғафу еткенді жақсы көресің, бізге ғафу ет

Рамазанда осы дұғаны өте көп айтайық. Әсіресе соңғы 10 күнде.
12.6K views20:23
Ашу / Түсініктеме
2024-03-11 21:32:52 Нағыз қасіретке ұшыраған адам – “Алла мені кешірмейді” деп ойлайтын адам.

Ибн Ражаб (рахимаһулла)

[Латаиф әл-мағариф ]
12.6K views18:32
Ашу / Түсініктеме
2024-03-11 20:21:40 Қасиетті Мекке-Мединаны буддизмге тән “ретрит” ритуалымен былғамаңыздар. Қажылық-Ұмраның өзіне тән асыл құлшылығы бар. Ұмра басқа діннің ритуалына мұқтаж емес.

Біздегі бір қажылық компаниясы психилогтардың бастауымен ұмрада “ретрит” жасамақшы екен. Алла сақтасын! Руханиятымызды арттырамыз деп ұмраға барып, бірақ ол жақта басқа діннің ритуалын жасап діннен шығып кетіп жүрмейік.

#ескерту
12.6K viewsedited  17:21
Ашу / Түсініктеме
2024-03-10 20:05:17 Әлеуметтік желіде рамазанға ұлан-асыр дайындалып жатқандарды көріп: “Менің ешқандай дайындығым жоқ екен”– деп, қынжылып қалма.

Қарапайым айларда күніне 100 салауат айтып жүрсең, рамазанда күніне 200 айт. Бұрын 100 истиғфар айтып жүрсең, рамазанда 150-200 айт.

Бұрын мүлде айтпайтын болсаң, осы рамазанда күніне 50-100 айтып бастауға болады.

Басқа айларда мүлде кітап бетін ашпайтын болсаң, осы берекелі айда күніге 2-3 бет оқып дағдылансаң болады.

Рамазан басқалармен жарысу үшін емес, рамазан – өзіңнің рухани деңгейіңді бір саты көтеру үшін.

#архив
13.4K views17:05
Ашу / Түсініктеме
2024-03-09 16:47:44 «Күнәдан сақ болыңдар. Өйткені күнәлар – мейірімге толы маусымдарда Алланың кешірімінен мақрұм етеді».

Ибн Ражаб әл-Ханбали

[Латаиф әл-мәғәриф ]
12.7K views13:47
Ашу / Түсініктеме
2024-03-09 16:03:13 Пайғамбарымызды ‎ﷺ қанша жерден қатты жақсы көрсең де, кей жағдайда шектен шығуға болмайды. Алланы қанша жақсы көрсең де, 4 рәкәғат парызды 5 рәкәғат қып оқи алмайсың..

Махаббаттың да сүннетке сай, дұрыс көрсетілу керек жолы бар….
12.6K viewsedited  13:03
Ашу / Түсініктеме
2024-03-08 16:35:27 «Кімде-кім киімін ұқыпты әрі жарасымды кисе, уайымы азаяды. Ал кімде-кім әрдайым әтір жағып жүретін болса, ақылы артады».

Имам әш-Шәфиғиден шәкірті Музани жеткізді.

[Ризық кілттері ]

#ерлерге)
12.6K viewsedited  13:35
Ашу / Түсініктеме
2024-03-05 23:22:55 Мүмкіншілігің артқан сайын тәуекелің азайып кетпесін.
12.7K views20:22
Ашу / Түсініктеме
2024-03-05 19:41:14 Өткеніңді ұмыт, қазірмен өмір сүр деп айтылып жатады. Алайда өткеніңді түбегейлі ұмытуға тырысу дұрыс емес.

Ең алдымен өткен өміріңнен жақсы сабақ ал, содан соң барып қазіріңмен еркін өмір сүр.

Әбдул Кәрим Бәккәр
12.6K viewsedited  16:41
Ашу / Түсініктеме
2024-03-04 20:35:43 Жер сілкіну жәй ғана плиталардың қозғалысы. Ешқандай да Алланың жазасы емес дейтін құрметті бауырлар)

Жер қандай себеппен сілкінсе де тәубе етуге бөгет емес. Плиталар түгілі бұлттардың қозғалып жатқанын көрсең де, тәубе ете берсей)

#ауырлатпашы
16.2K views17:35
Ашу / Түсініктеме