Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 35.37K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-04-25 20:06:07 «Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

[Нәфәхат рухания ]

#әлі_өзекті
12.6K views17:06
Ашу / Түсініктеме
2024-04-24 18:43:05 Әл-хамд лилләһ – Аллаға мадақ. Бұл тек қана тілмен зікір ету емес.

“Хамдтың” өтемі – қай нәрсемен нығметке бөленсең, сол нәрсені пайдалана шүкірін өтеу.

Бай болсаң, байлығыңа шүкір ете мұқтаждарға жәрдемдесу.

Қуатты, мықты болсаң, соған шүкір ете әлсіздерге қорған болу.

Денің сау адам болсаң, соған шүкір ете ауру адамдарға жәрдем ету.

Осылай жалғаса бермек…

Хассан Шәмси
12.6K views15:43
Ашу / Түсініктеме
2024-04-24 16:23:56 Сенің ең бақытты кезің – дәл қазіргі сәттерің.

Шейх Халид әл-Харса

#қадірін_біл
12.6K views13:23
Ашу / Түсініктеме
2024-04-23 12:30:22 Қазірден осы каналға қатысты кейбір қағидаларды келтірсем:

1. Бұл – саяси бағыттағы канал емес. Саясатқа қатысты ешқандай сұраққа жауап берілмейді.

2. Бұл – әлемдік діни-ахуалдарға өз ойын білдіретін канал емес.

3. Бұл – қандай да бір ұстаз, блогер, психолог, коуч, бизнесменнің қандай да бір ойына қарсы жауап беру үшін ашылған канал емес.

4. Бұл – қоғамдағы орын алған әлеуметтік проблемаларға жауап беру үшін ашылған канал емес.

5. Бұл – әмбебап канал емес.

6. Бұл каналдың негізгі мақсаты – рухани-тұлғалық даму.

7. Бұл каналдың негізгі мақсаты – күн сайын руханиятты арттырып, рухани дамуға шақыру.

Бар болғаны осы!
12.6K viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2024-04-22 21:15:01 Сенің шынайы болмысың мен басқаларға көрінуге тырысып жүрген болмысыңның арасы алшақтаған сайын, сол аралық қайғы-мұңға тола береді.

Ясир Хузейми
12.6K views18:15
Ашу / Түсініктеме
2024-04-21 15:45:26 Адам өзіне аяушылық таныта беруі – нәпсі дертінің бір түрі.

Әбу Әбдуррахман әс-Суләми

#өзіңді_аясаң_аяма
12.6K viewsedited  12:45
Ашу / Түсініктеме
2024-04-21 10:00:10 «Алла Елшісі ﷺ не нәрседен сақтанған болса, сендер де сол нәрседен сақтанып, Аллаға дұға етіңдер.

Расында, пайғамбарымыз ﷺ – сараңдықтан, жалқаулықтан, әлсіздіктен, қабір азабынан және Дәджәлдің бүлігінен сақтанған еді».

имам ибн әл-Жәузи

[Бустән әл-уәғизин ]

Жалқаулық пен әлсіздіктен қалай құтылсам болады деп түрлі тәсілдер іздейміз. Бірақ ең бірінші жасалуы қажет болған дұғаны ұмытып кетіп жатамыз…
12.7K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-20 16:11:05 1. Уақыттың 5% проблеманы ойлауға, қалған 95% сол проблеманы шешуге жұмсалу қажет.

2. Өмірім қызықсыз болып кетті деп айтпа. Бәлки сен қызықсыз болып кеттің. Мақсаттарың да, армандарың да өзіңе қызықсыз болып кетті.

3. Ақталу(сылтау) – бүгінгі күнді жеңіл етеді. Бірақ, ертеңгі күнді ауыр қылады.

Дисциплина – бүгінгі күнді қиын етеді. Бірақ ертеңгі күндерді әлдеқайда жеңіл қылады.

#архив
13.0K views13:11
Ашу / Түсініктеме
2024-04-20 14:35:59 Тіпті кіші күнәлардың өзін азсынушы болма. Бәлкім, дәл қазір сенің басыңнан өтіп жатқан қиындықтар, сол бір кіші күнәлардың себебінен шығар…

Имам әл-Ғазали
12.7K views11:35
Ашу / Түсініктеме
2024-04-19 12:44:20 Жерде жүргенде де ұшақтағы кездегідей Аллаға шынайы тәуекел етсек, әлдеқашан әлемді жаулайтын едік)
12.6K views09:44
Ашу / Түсініктеме