Get Mystery Box with random crypto!

“Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар? Алла | Абылай Кенжалы

“Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар?

Алла тағала күнәға мағфират етсе, күнә кешіріледі. Бірақ, амал дәптерде сақталады (ізі қалады).

Ал күнәға Алла ғафу етсе, күнәні кешіреді әрі оны амал дәптерден де өшіреді.

Сол үшін Алла Елшісі ﷺ осы дұғаны көп айтуды өсиет еткен:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллахумма иннәкә ғафуун тухиббул Ғафуа, фәғфу ъәнна


Аллаһым расында, Сен ғафу етушісің, ғафу еткенді жақсы көресің, бізге ғафу ет

Рамазанда осы дұғаны өте көп айтайық. Әсіресе соңғы 10 күнде.