Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы
Арнадағы тақырыптар:
Сира
Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.15K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2024-04-08 23:33:16 «Рамазанды өте жақсы өткізген бауырым, ендігі шәууәл айында бұл хәліңді өзгертіп алма».

Ибн Рәжәб әл-Ханбали
[Тәбсира ]
13.2K views20:33
Ашу / Түсініктеме
2024-04-08 21:32:33 Әрине, рамазан айын қимастықпен шығарып саламыз. Бірақ сонда да айт күнін қуанышпен қарсы алуымыз міндет.

Ізгілеріміз айтпақшы:

«Айт күні көңілсіз жүру – мүмінге күнә ретінде жеткілікті».
13.7K views18:32
Ашу / Түсініктеме
2024-04-08 16:06:09 Имам әс-Суютидің (рахимаһулла) хадис жинағында Пайғамбарымыздың ‎ﷺ былай дегені риуаят етіледі:

«Қадір түнін рамазанның соңғы түнінен іздеңдер».

Бүгін рамазанның соңғы түні
13.9K views13:06
Ашу / Түсініктеме
2024-04-07 18:12:19 Бүгін Рамазанның соңғы тақ түні. Бәлкім бүгінгі түн – қадір түні. Дұға қыл.
12.7K views15:12
Ашу / Түсініктеме
2024-04-07 04:01:47 Өзіңді әрдайым басқалармен салыстырудың қатері көп.

Өзіңді басқамен салыстырып, өзіңді жоғары санасаң – тәкәппарлық.

Өзіңді төмен санасаң – Алланың саған берген нығметтеріне күпірлік болып кетуі ықтимал.

Өзіңді ешкіммен салыстырма. Біреуге бірнәрсе дәлелдеуге тырыспа. Алла әр адамды дара тұлға етіп жаратты. Өзіңді тек кешегі өзіңмен ғана салыстыра біл.

#архив
12.6K views01:01
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 21:39:53 Бәлкім он секунд қана уақыт алатын бір дұға – өміріңді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

#дәл_қазір_дұға_қыл
12.6K views18:39
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 19:26:41 Кей ғалымдардың айтуы бойынша қадір түнінің ең үлкен белгілерінің бірі – жүректің сол бір түні ерекше тыныштық табуы.
12.7K views16:26
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 18:45:22 “Расслабуха” ұстап қалмайық) Қадір түні бәлкім бүгін-ертең болуы да ғажап емес. Рамазан айы әлі де жалғасуда

#құлшылық_қыл
12.7K views15:45
Ашу / Түсініктеме
2024-04-05 22:09:33 Су тасқынынан зардап шегіп жатқан бауырларымыз үшін осы түні көп дұға жасап, садақа қылайық
12.6K views19:09
Ашу / Түсініктеме
2024-04-05 15:20:52 Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!
12.8K views12:20
Ашу / Түсініктеме