Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы
Арнадағы тақырыптар:
Сира
Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.15K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2024-03-20 23:28:12 Али әт-Тантауи (рахимаһулла) былай деген екен:

«70 жылға жуық кітап оқыдым. Сол оқығанымның ішіндегі ең хикметті сөз:

“Құлшылықтың қиыншылығы кетіп, ақыретке сауабы қалады. Күнәнің ләззаты кетіп, ақыретке жазасы қалады”».
13.0K views20:28
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:34:06 “Зона комфортадан шық, тұрақты жұмыстан кет,бизнес баста!” дейтіндерге:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім бір (адал) істе ризықталса... сол ісіне бекем болсын» дегені риуаят етілген. (Ибн Мәжә)

Ал басқа бір хадисінде: «Кімде-кім бір істе көгеріп өнсе, сол ісіне берік болсын» делінеді.

Имам әл-Һәрәуи осы секілді хадистердің түсіндірмесінде:

«Кімде-кім қандай да бір істе мол берекеге кенелсе, сол бір ісінде тұрақтылық танытсын. Бұл еңбек пен кәсіп тақырыбындағы барлық нәрсеге қатысты»дейді.

[РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ ]
12.7K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:19:20 Шаршаған кезде демалуды үйрен, берілуді емес.
12.6K views16:19
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 02:14:48 «Зікір айтуға ең шарапатты уақыт – таң намазынан кейінгі уақыт».

Имам ән-Нәуәуи (рахимаһулла)

[Әл-Әзкәр ]
12.6K views23:14
Ашу / Түсініктеме
2024-03-18 05:34:48 «Рамазанның бір күні қарапайым 1000 күннен абзал. Рамазандағы бір тасбих – басқа айдағы 1000 тасбихтан абзал. Рамазандағы бір рәкәғәт – басқа айдағы 1000 рәкәғәттан абзал ».

Ибраһим ән-Нәхәғи (рахимаһулла)

[Латаиф әл-мәғәриф ]
12.7K views02:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-17 18:09:21 Рамазанның өткеніне бір апта болды. Осы аралықта:

– Әрбір дүйсенбі-бейсенбі еш қиналмастан ораза ұстауға болатынын

– Таң намазына жарты сағат, тіпті бір сағат қалғанда оянуға болатынын

– тарауих секілді ұзақ нәпілдерді қарапайым күндері оқуға болатынын

– жұмысымыз қанша жерден қарбалас болса да, құранға уақыт табуға болатындығын

– бос әңгіме, музыка, өсек-өтіріксіз өмір сүруге болатындығын түсіндік.

Рамазан – күнделікті құлшылық амалдардың жеңіл екендігін ұғындыру үшін келген ай.

Рамазан – қай жағдайда болмасын нәпсіні тәрбиелеуге болатындығын түсіндіре білген ай.

#архив
12.8K viewsedited  15:09
Ашу / Түсініктеме
2024-03-16 21:22:56 Күнәдан шаршасаң да, тәубеден шаршама.
12.6K views18:22
Ашу / Түсініктеме
2024-03-14 23:43:56 Көпшілік адамға мына Рамазан аса бір сезілмей жатқанына басты себеп – рамазанды тек аштықпен ғана үйлестіру.

Алдыңғы жылдарда рамазан айында күн ұзақ болып, су мен тамаққа шыдау әлде қайда қиынырақ болатын.

Ал биылғы рамазанда күн қысқа, аса бір қарын ашып, шөл қыспайды. Сол себептен де рамазан құдды бір сезілмей жатыр.

Ғалымдарымыз айтпақшы: “Аш жүру – рамазанның ең оңай амалы".

Ал ең қиыны – құлшылық пен зікірді көбейту, күнәлі амалдардан тыйылу.

Егер біз рамазан айын тек аштықпен емес, сол секілді көбірек құлшылық, зікір-салауатпен өткізе алсақ, біз аш болмасақ та рамазанның берекесі сезілер еді.

#архив
12.6K views20:43
Ашу / Түсініктеме
2024-03-13 03:40:02 Парыз амалда рия бар ма?

Шейх Абдуссәләм Шәннар (хафизаһулла) бір дәріс барысында былай деген еді:

Көбіне, парыз амалда рия жоқ деп үзілді-кесілді айтамыз.

Алайда рия – нәпіл мен парызға бірдей зиянын тигізетін нәрсе.

Мүміннің ықыласына сай парыз амалдарға тіпті 700 еседен аса сауап жазылады.

Ал егер сол парыз амалмен рия жасалса, парыз өзіне тиесілі сауабын алар, бірақ еселеніп берілетін толассыз сауаптан мақрұм қалуы әбден мүмкін
”.

Сол себепті ораза екеніңізді әрдайым жариялай берудің қажеті жоқ.
12.6K views00:40
Ашу / Түсініктеме
2024-03-13 00:30:19Рамазанның басы – мейірім, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан қалқан”,-деген хадис өте әлсіз.

Рамазанның барлығы да – Алланың мейірімі, барлығы да – кешірім, барлығы да – тозақ отынан қалқан.

Шейх Хатим әл-Ауни (хафизаһулла)
12.6K views21:30
Ашу / Түсініктеме