Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 37.84K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2024-04-18 20:58:40 Қаншама жылдар бойы түрлі өлкелердегі түрлі парасатты ізгі тұлғаларды көру нәсіп болды.

Барлығын көре отыра түсінгенім:

* Кімнің амалы аз болса, басқаларды сынауы көбейеді.

* Кімнің амалы көп болса, басқаларды сынауы азаяды.

Уәил Ханбәли (хафизаһулла)
12.9K views17:58
Ашу / Түсініктеме
2024-04-18 16:03:35 Далаға шығып: “Ауа райы бүгін неткен керемет!” деп айтудың өзі ризығыңды арттырады.

Алланың саған өлшеп бергеніне разы бол
12.6K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2024-04-17 18:17:56 Проблемалар кезінде Алла елшісінің ‎ﷺ әрекеті қандай болды?

Хузәйфә ибн әл-Иәмән (Алла оған разы болсын) былай дейді:

“Пайғамбарымызды ‎ﷺ бір іс қапаландырып, әлекке салса, ең алдымен намазға қарай асыға бет бұратын”.

(Әбу Дәуд)

[РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ ]
12.7K viewsedited  15:17
Ашу / Түсініктеме
2024-04-17 18:11:21 Көптеген бауырлар “қарызға кіріп кеттім, отбасымда осындай проблемалар болып кетті” тағысын тағы проблемаларын айтып келеді.

Себебін анықтап қарасаң, сол жағдайлар орын алудан 1-2 ай бұрын намаздарына селқос қараған болып шығады. Проблемалар басталған кезде мүлде намаздарын тастап кеткен.

Құрметті бауырым, намазды қоя тұрып, проблеманы ешқашан шеше алмайсың. Намазыңа бекем бол, сол кезде барып проблемаларыңды шешіле бастайды.

«Намазыңа бекем болсаң, ризық күтпеген жерден келе береді».

[Тәфсир ибн Кәсир ]

#намаз
12.8K views15:11
Ашу / Түсініктеме
2024-04-16 13:06:26 «Кімде-кім қиыншылық кезде дұғасы қабыл болуын қаласа – кеңшілік кездерінде Аллаға көп дұға етсін!»

[сунән Әт-Тирмизи ]
12.8K views10:06
Ашу / Түсініктеме
2024-04-16 12:00:35 «Яқин дегеніміз – сен сұраған нәрсені айналаңдағы себептер әлемі мүмкін емес деп дәлелдесе де, сен сонда да оның мүмкін екендігіне кәміл иланып Аллаға шынайы дұға қылуың».

Мағсарауи
12.6K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-15 16:55:07 Адамды ең көп уайымға салатын нәрсе – Аллаға толыққанды тәуекел ете алмауы.

Өз өмірін, амал-әрекеттерін Аллаға тапсырып, жеңіл өмір сүрудің орнына, істің басы-соңын, тіпті нәтижесін де өзіне байлап, сол бір жүкті көтере алмай даурығып жүр.
12.7K views13:55
Ашу / Түсініктеме
2024-04-14 10:51:39 Мүміннің бір миссиясы жұбын тауып үйлену. Егер үйлену мүлде дұрыс емес болса, Алла бойдақтарды жәннатта үйлендірмес еді.

Үйленуден қашырып жүрген әрбір психолог өзі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап жүргенін түсінбеуде.

“Қазіргі кезде жар болуға лайық жақсы ер жоқ” деп айту – бүкіл салиқалы ерлердің ақысына кіру.

“Қазіргі кезде жар болуға лайық жақсы қыз жоқ” деп айту – бұл да бүкіл салиқалы әйелдердің ақысына кіру.

Қияметте сұрағы ауыр.
12.8K views07:51
Ашу / Түсініктеме
2024-04-12 13:22:41 Қайғыдан шығудың екі жолы бар –“субханалла” және сәжде.

Хижр сүресінде Алла Тағала былай дейді:

«Расында олардың айтқандарынан көңіліңнің қайғырғанын жақсы білеміз. Енді Раббыңды пәктеп, сәжде етушілерден бол».
12.6K views10:22
Ашу / Түсініктеме
2024-04-11 08:19:43
Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Алла Тағала құлына бір нығмет беріп, құлы Оған “әлхамдулиллә” деп мадақ айтса, сол бір айтқаны – әлгі нығметтен артық нығмет болды».

[Жәмиғ әс-Суютый ]
12.6K views05:19
Ашу / Түсініктеме